|
Диэлектриктер. Диэлектриктердің ҚасиеттеріДипольдік релаксациялық поляризация (бағытталған)
|
бет | 5/9 | Дата | 11.03.2022 | өлшемі | 121,77 Kb. | | #37746 |
| СӨЖ 1 Ортаның диэлектрлік өтімділігі - Поляризация өріс бағытындағы дипольдардың бұрылысы және бағытымен анықталады және бөлшектердің жылулық қозғалысымен байланысты.
- Диэлектрик полярлық молекулалардан тұруы мүмкін. Бұндай молекула оң және теріс иондардан және оның дипольдік электрлік моментінен тұрады.
- μ = q·l,
- q – бір ионның заряды; l – иондар ортасы арасындағы арақашықтық. Зарядтардың бұндай жүйесі қатты диполь деп аталады, ал полярлық молекулалардан тұратын диэлектрик – полярлық деп аталады.
- Хаостық жылулық қозғалыста болатын дипольдық молекулалар поляризацияның себебі болатын ішінара өрістің қозғалысымен бағытталады. Өріс бағытындағы дипольдар бұрылысы тұтқыр ортада ағады және ортаның тұтқыр кедергісінің күшін жеңу жұмыстарымен байланысты, сондықтан дипольдік поляризация энергияның жоғалуымен байланысты.
- Өрістің әсерімен радикалдарда бағытталады (атомдар тобы) – бұл дипольдік – радикалды поляризация.
- Температураның ұлғаюымен ортаның тұтқырлығы азаяды, және тұтқырлық үлкен болганда дипольдік поляризация өседі. Бірақ жылулық қозғалыс жөнсіздігі біртіндеп өсе келе дипольдар бағыттарына ие болады, яғни температура ұлғайған сайын дипольдік бағыт тқмендей бастайды.
- Бұл поляризация газ және сұйықтықтарға тән, сонымен қатар құрамында радикалдары бар қатты полярлық органикалық заттарға тән. 10-2 с уақыт аралығында болады. Өрісті алғаннан кейін бағыт әлсірейді (релаксация болады).
- 4) Электрондық – релаксацилық поляризация.
- Поляризация жылулық энергиямен қоздырылған мол «ақау» электрондар мен кемтіктердің әсерінен пайда болады. Жоғары сыну көрсеткіші және электрондық жылуөткізгіштігі бар диэлектриктер үшін, сонымен қатар жартылайөткізгіштерге тән.
- 5) Серпімді – дипольдік поляризация
- Поляризация бекітілген және тек аз ғана бұрышқа шектеліп бұрылатын кейбір кристалдардың дипольдік молекулаларында байқалады.
- 6) Жікаралық поляризация
- Поляризация өткізетін және жартылайөткізетін қосындылармен және әр түрлі өткізгіштігі бар жіктермен сипатталады. Поляризация төменгі жиіліктерде құрылымы біртекті емес қатты денелерде байқалады (қабықшалы пластиктер), және электр энергиясының түбегейлі жоғалуымен байланысты.
- 7) Қалдық поляризация
- Поляризация диэлектрикте кернеуді алғаннан кейін ұзақ уақыт бойы болады. Поляризацияның бұл түрі электреттерде байқалады. Электр өрісінің кернеулігіне және температураға күшті тәуелді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|