Дидактические материалы для учащихся к курсу по выбору «Дебаты на русском, казахском и английском языках»



жүктеу 0,77 Mb.
бет1/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,77 Mb.
#17070
түріЛитература
  1   2   3   4   5   6

Мазмұны

Түсінік хат ………………………………………………..

2

Пікір-сайыс дағдыларын қалыптастыратын ойындар мен

жаттығулар ............................................................................

Даттауға арналған дайын жобалар (кейс) үлгілері............

Глоссарий...............................................................................
Әдебиет..................................................................................


4
16

116
119






Оглавление

Пояснительная записка… …………………………………...

36


Комплекс упражнений, обучающих навыкам дебатирования .........................................................................

Образцы кейсов для опровержения .......................................



39

51




Глоссарий ................................................................................
Литература …………………………………………………..


Contents
Explanatory notes……………………………………………...

116

119
89









Exercises teaching debate skills..................................................

Examples of cases for refutation................................................

Glossary………………………………………………………...


91

96

116









Literature ……………………………………………………..



119




ТҮСІНІК ХАТ

Оқушыларды пікір-сайыс, шешендік өнер турнирларына дайындағанда, мұғалім сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды таңдауға қиналады. Кажетті материалдың жоқтығы да қиналдырады. Сол себептен «Пікір-сайыс» таңдамалы курсының дидактикалық материал жинағы құрылды. Қазақ тіліндегі «Пікір-сайыс» таңдамалы курсының дидактикалық материалы пікір-таластық дағдыларын жаттықтыру үшін қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10-11 сынып оқушыларына арналған.



Жинақтың мақсаты: пікір- сайыс ойнайтын оқушыларға практикалық көмек көрсету.

Дидактикалық материалдармен жұмыс істегенде келесі маңызды дағдылар қалыптасады:



  • өз көзқарасын қалыптастырып, оны жеткізе алу (білу).

  • көпшілік алдында сөйлей алу.

  • командада жұмыс істей алу және қарым - қатынастың бірыңғай стратегиясын қалыптастыру (табу).

Жинақтың бөліктері:

  1. Жаттығулар жиынтығы жоғары сынып оқушыларын пікір-сайыс дағдыларына үйретеді, коммуникативті сөйлесу мәдениетін қалыптастырады,сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Жаттығулар мысалдармен көрсетілген.

  2. Саяси тақырыптағы түрлі дайын жобалар үлгі ретінде берілген. Карл Поппердің саяси пікір-сайыс элементтері бар формат кейстері толығымен немесе жартылай, керек бөліктері ғана қолданылуы мүмкін.

  3. Пікір-сайыс термин Глоссари. Қазақ, ағылшын тілдерінде пікір-сайыс турнирларына дайындалғанда, түрлі жобалар құрғанда өте қолайлы және көмегі зор.

Негізгі оқыту тәсілі болып пікір-талас технологиясы саналады, оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлап оқыту тәсілі, мәселелік әдіс, жоба әдісі дайындық кезінде қосымша тәсіл ретінде қолданылады. Тренингтер, рөлдік ойындар, саяси- сауаттылық сайыстар мен дайындықсыз (спонтанно) сөйлесім байқаулары, жарыстар – оқытудың жиі қолданылатын түрлері.

Дидактикалық материал ОМЖ құрамындағы бөлігі сияқты да, жеке құрал ретінде де қолданыла алады. Дидактикалық материал сабақта қолдануға және өз бетінше жұмыс істеуге бағдарланған.



Пікір- талас дағдыларын қалыптастыратын ойындар мен жаттығулар

1. «Алашат» («Зебра») ойыны.

Ойынның шарты мынада: әр ойыншы берілген ұғымға өз бағасын береді, жағымды, жағымсыз жақтарын көрсетеді. Мысалы: ҰБТ- жақсы, өйткені Қ.Р барлық мектептерінде бірнеше пәндерден қатар оқыту деңгейін тексеру және тексерудің уақытын үнемдеу мүмкідік береді.

ҰБТ- нашар, өйткені оқушылардың ойлау дағдыларының қалыптасуы әділ көрсетілмейді.

Талқылауға берілген кейбір ұғымдар:

өлім жазасы жанұяны жоспарлау

есірткіні заңдастыру полигамия

ғылыми- техниканың алға басуы неке бұзуға тыйым салу

клондау қазіргі кино

есеп –қисап некесі ертелі некелер

құрғақ заң бөліп оқыту

жарнама суррогатты аналық

БАҚ диета

вегетариандық эвтаназия

әйелді кіріптарлықтан құтқару кәсіби спорт


2. «Даттау тізбекшесі» жаттығуы.

Ойыншылар жақтау мәліметтерін тыңдап, бір ойыншы оған даттау келтіреді. 2-ойыншы 1-ойыншыны жақтап, өз дәлелін білдіреді. Ойын осылай жалғаса береді.

Жақтаудың кейбір мәселелері:

1. Жас қылмыскерлер үлкендер сияқты жазалану тиіс.

2. Мектепте дене жазасын қолдануға рұсқат беру.

3. Қаңғырушы хайуанаттарды жою керек.

4. Қоғамда әйел ер адамынан маңыздырақ.

5. Мектеп бағдарламасына дін негіздерін енгізу.

6. Спиртті ішімдіктердің өндіруіне және сатуына тыйым салу.

7. Жезөкшелікті заңдастыру керек.

8. Жарнамалау әдепсіз.

Бұл жаттығу «Пікір-талас» форматын түсіндіргенде де, турнирлерге дайындалғанда да пайдалы.



3. «Сыни тұрғыдан ойлап оқу» жаттығуы.

Қатысушылар 2 топқа бөлінеді – жақтау және даттау. Өз ұстаным бойынша мәтінмен жұмыс істеп, керекті ақпаратты талдап, қолдану. Бұл жаттығуды пікір – талас турниріне дайындалғанда немесе ақпарат талдау, жинау процесінде қолдану тиімді.



4. « Иә, жоқ, білмеймін » ойыны

Ойынның ережесі: ойыншыларға жақтау тақырыптары беріледі. Иә, жоқ, білмеймін жауаптарынын бірін таңдап, дәрісхананың белгілі бір орнына отыру. Сонында үш топ құрылады, әр топтың өз көзқарасы бар. Әр топ өзінің ұстанымын дәлелдеу тиіс. Пікірлері ауысса, бір топтан екінші топқа ауысуы болады.



Талқылауға берілген кейбір жақтаулар:

1. Өмірде бәрін тату керек.

2. Махаббаттың әр амалы жақсы.

3.Мектепте Достоевскийді оқу әлі ерте.

4.Мектепке қатысу ерікті болу тиіс.

5.Әйелдер достастығы болмайды.

6.Төреші әрқашан да оң жақты емес.

7. Озат оқушы болу тартымды.

8. Балалар өз ата-аналарына әрқашан карсы шығады.

9. Кемеңгер және қастық - екі үйлесімсіздік зат.

10. Қорқақтықты ақтауға болады.

11. Адам дағдыры өз қолында.

12. Тоқ ашқа жолдас емес.

13.Ақшаның иісі шықпайды.

14. Өмір сүру – қорқынышты.

15. Жоғары технологиялар жедел күйреуге ұшырайды.

16. Ер кісілер әскерге бару тиіс.

17. Батыр болмайды, батыр болып туады.




5. «Жазбаша пікір – талас»

Бұл жаттығудың жақсы жағы – қатысушылардың саны көп болуы мүмкін. Бұл жаттығу жазу дағдыларын қалыптастырады. Қатысушыларды 2 топқа: даттау- жақтауға бөледі. Үстел мен орындықтар қарама - қарсы 2 қатарға қойылады. Берілген тақырып бойынша 5 минут уақытта ойыншылар өз ойларын параққа жазады. Жақтау тобы өзінің бірінші дәлелін жазып дәлелдеме келтіреді. Оппонентер дәлелмен танысып, жауап береді, өз пікірін білдіреді. Уақыт біткенше ойын өтеді. Сонында, қорыта отырып, ең жақсы дәлел көрсетіледі. Кейін ауызша пікірлер айтылады.



6. «Маған айт» жаттығуы.

Жұмыс жұппен жүргізіледі. Әр жұпқа тақырып және уақыт белгіленеді. Уақытқа сәйкес бір ойыншы тақырыпқа сай көзқарасын білдіреді, ал екінші оқушы оны мұқият тыңдап, шешендік шеберлігіне талдау жасайды, қателерін көрсетіп, сөз сөйлеуін бағалайды.



7. «Дағдыны хаттау».

Осы жаттығудың мақсаты – оқушылардың пікір- таласқа қатысу үшін бар дағдыларын көрсету.



  1. Оқушыларға жақсы дебатер болу үшін керекті үш дағдыны жазуға ұсыну.

  2. Оқушы өз пікірімен сыныппен бөліседі.

  3. Жаттықтырушының міндеті – оқушылардың бойындағы пікір – таласқа лайықты қасиеттері бар жауаптарын көрсету.

8. «Ертегілерді көшіреміз» жаттығуы.

Оқушылар берілген мәселені екінші жағынан көру тиіс. Мысалы: әдебиет шығармасының кез келген кейіпкерін жағымсыз жағдайда көрсету, мазмұнынын осы кеіпкер атынан жазғызу.

Мысалы: Қасқыр айтқан «Қызыл Телпек» ертегісі

Түлкі айтқан «Бауырсақ» ертегісі

Залым ханша айтқан «Белоснежка» ертегісі.
9. «Тауып айт, сен кімсің ? » ойыны

Жұппен ойналады. Бір ойыншының арқасына белгілі тұлға аты жазылған парақ ілінеді.

(Саяси қайраткер, жазушы, әдебиет кейіпкері)

Екінші ойыншы ол кім екенін біле отырып,1 ойыншының сұрақтарына жауап береді. Сұрақтар жасырын түрінде болу тиіс. Жауаптары: «Иә», «Жоқ» болу тиіс. Сұрақтардың азы жақсы.



10. «Педагокикалық слалом» ойыны.

Ойынға қатысушылар белгілі бір жерде болғанын елестетеді. Мысалы: қалалық монша, вокзал, мектеп, сауда үйі, дәріхана, есі ауысқандар үйі.

Ойыншылардың бірі осы мекеменің басқарушысы болып тағайындалады.Ойын ережесі бойынша, ол кеңеске асығып барады. Ойыншылардың қалғандары - әр түрлі себеп, мәселемен келген сұраушылар. Басқарушы кеңеске барғанша дейін осы мәселелерді шешу тиіс.

11. «Сыни тұрғыдан ойлап оқу» жаттығуы.

Қатысушылар 2 топқа бөлінеді – жақтау және даттау. Өз ұстаным бойынша мәтінмен жұмыс істеп, керекті ақпаратты талдап, қолдану. Бұл жаттығуды пікір – талас турниріне дайындалғанда немесе ақпарат талдау, жинау процесінде қолдану тиімді.



12. «Пікір- талас тілшісі» жаттығуы

Бұл жаттығудың негізі - пікір-талас турниріне қатыспаған оқушылар және қалаған көрермендер тілші қызметін атқарады. Тілшілер жеңген топтың ең жақсы, үздік 5 сәтін жазып көрсетеді. Тілшілердің эсселері көпшілікке жарияланады.



Сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған жаттығулар

1-жаттығу: Сөйлеушінің сөзін бағалау (шешен, диктор, түсінік беруші)
Жаттықтыру үшін бағалау парағын дайындау керек. (21парақ)




Негізгі сұрақтар


Баға


1.

Сөйлеудің маңыздылығы

- негізгі ойдың бары

- берілген деректердің құндылығы

-ақпараттың жаңалығы



1 2 3 4 5 6 7 8 9

1 2 3


1 2 3

1 2 3




2.

Сөлеудің парасаттылығы

- сөлеудің қисындылығы

- тыңдаушылар ескеруі

- тілдің айқындылығы



1 2 3 4 5 6 7 8 9

1 2 3


1 2 3

1 2 3




3.

Сөйлеудің мәнерлілігі

- сөздердегі екпін дұрыстығы және интонация

- лексиканың байлығы немесе аздығы

- бейнелігі



1 2 3 4 5 6 7 8 9

1 2 3


1 2 3

1 2 3

Бағалау негізгі үш шама бойынша беріледі (сөлеудің маңыздылығы, парасаттылығы, мәнерлілігі). Егер сөйлеушінің сөзінде негізгі ой анық берілсе – 3 балл, құнды деректер болса – 3 балл, жаңалықтар енгізілсе – 3 балл. Барлығы 9 балл болып шығады. Егер сөйлеушінің айтқандары орта дәрежеде берілсе – 1-2 балл. Ең жоғарысы- 27 балл, бірақ та шебер шешенге 30 балл қоюға болады.Ең оңайы - теледидардағы сөйлейтіндерді бағалау. Ең алдымен монолог, кейін диалог алу қажет. Диалог тыңдағанда екі сөйлеуші де бағаланады.
2-жаттығу: Сөздік қорын молайту.
Бұл жаттығуды өткізу үшін арнайы мәтін керек. Бір сөздердің орнына екінші бір сөздерді пайдалану керек. Мысалы: мәтіндегі етістіктерді мағынасын өзгертпей екінші бір етістіктерге ауыстыру. Осындай жаттығуды зат есім, сын есімдермен де өткіуге болады. Алғашқы 5-10 күн арасында сөздіктерді пайдалануға болады. Бұл жаттығу енжар сөз қорын белсенді етеді. Осы жаттығу ана тілін де, шет тілін де дамыту үшін бағалы.

3-жаттығу: Тірек нүкте бойынша қысқаша әңгімелеу.
Жаттығу өткізу үшін 5 сөз алынады. Сөзді кез келген кітапты ашып, ортасынан алуға болады. Жаттығудың мазмұны - 5 алынған сөзден (зат есім, сын есім, етістік) байланысты әңгіме құрастырып айту. Әр әңгімеге 2-3 минут беріледі. Бір сабақта 3- 4 әңгімеден артық алуға болмайды. Бұл жаттығу қиялды белсенді етеді, ойдың қисындылығы мен икемділігін дамытады.
4-жаттығу: Айнамен жаттығу.
Екінші, үшінші жаттығуды жасағанда, айнаға қараңдар. Сендерге жүздерің ұнайды ма? Сендердің жүздерің бөтен адамдарға ұнайды ма?

Келесі іс-әрекетті жасаңдар:

а) кітаптан алынған бірнеше сөзді әлсіздікпен, әдеттегідей, жігерлікпен айту.

б) үшінші жаттығудағы әңгімені сылбыр бетпен, кейін ыммен қоса беріп бейнелеу.

Байқаңдар, қандай ым ең үлкен әсер ететінің. Айнамен жаттығу өз ымын саналы көндіру дағдының қалыптасуына әсер етеді.
5-жаттығу: Тірек нүкте бойынша қысқаша әңгімелеу.
Бұл жаттығу үшінші жаттығуға ұқсас, тек қана сөздің саны 10-ға жетеді.
6-жаттығу: Магнитофон \ диктофонмен жаттығу.
Магнитофон \ диктофон сөйлеудің кемістігін жояды. Ауызша сөйлеуді жетілдірмей ғана, рефлексивті ойлаудың жаттығуына мүмкіндік туғызады. Магнитофон таспасын тыңдағанда:

а) сөйлеуді өзін-өзі бағалау.

б) сөйлеуді бөтен адамдардың бағалауын болжау.

Диктофонмен жұмыс істегенде :

а) шығармадан үзінді оқу (проза, өлең) және оқығанды тыңдау.

б) мәтіннің мазмұнын айту. Оқығанда екпіннің дұрыс қойылуына назар аудару.


7-жаттығу: Диалог.
Диалогті екі адам құрастырады. Сондықтан жаттығуға сұхбаттасушы керек. Бірде сұхбаттасушы ойыншылардың арасынан тағайындалады. Жаттығу 1 - 3 тірек сөз арқылы жүзеге асады. Екіншіде сұхбаттасушыны ойыншы өзі таңдайды. Мұнда диалогтің тақырыбы, жоспары, уақыты белгіленеді.

Жаттығудың негізгі мақсаты – сұхбаттасушыны сұхбат тақырыбына тарту, әңгімелесуге қызықтыру, 4-5 минут сөйлету. Таңдаған тақырыпқа сай қысқаша сұхбат жасалса, жаттығу орындалды деп есептеледі.


Даттаудың І спикері толтыратын парақ үлгісі:



Кейстiң компоненті.

Мазмұны.

Ескертулер мен сұрақтар

Дефинициялар:







Статус Кво







Мәселе, мәселенің өзектілігі









Мәселе туындауының себептері







Шешу жолдары

Іс агенттері

Іс уақыты

Қаржыландыру









Салдары









Даттауға арналған дайын жобалар (кейс) үлгілері

Қарар:

Мемлекеттің жүргізетін саясаты балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкес болуы тиіс.

Дефинициялар:

Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мелекеттердің өзара келісімі, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.

Ювеналды әділет – кәмелетке толмағандардың әділ соты.

Status Quo:

«Құқықтың бәрі – барлық балаларға» деген қағидасының жүзеге асырылуы әлі өте алыс. Сондықтан бала құқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 1989 жылы бала құқықтары туралы конвенция қабылдады, ал Қазақстан Республикасы 1994 жылы сол конвенцияны бекітті.

Оң – солын ажыратып үлгірмеген бала өз құқығын дәлелдей алмайды. Сол үшін де бала құқығын бұзу оңай. Кәмелетке толмаған бала құқығы сот саласында жиі бұзылады. Бала құқықтары туралы конвенцияның 37 бабының ә,б,в тармақтарында, 40 бабында: «Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, не ғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігінше сот әрекеті мен түрмеден бойды аулақ ұстаған жөн»- деп айтылған

2004 жылы құқық бұзушы балалардың саны 3254 жетті. Олардың ішінде 489 балаға ешқайда кетпеу туралы қолхат, 32 балаға үй қамауында болу, 31 балаға жеке кепілдікте болу, 27 балаға көз салу, ал 1 рет қана кепілі жіберу түрінде шешім қабылданған. Қалған 2674 бала әр-түрлі мерзімдермен қамауға колонияларға жіберілген. Осы балалардың саны 82 % пайызды құрады. Ал осы 82 % пайыздың 3 пайызы ғана ауыр қылмыс жасағандар. Сонда! Қараңызшы! Осы балалардың бәрі ауыр қылмыс жасаған емес қой! Сол балалар түрмеден шыққан кезінде түзеліп шықпай, керісінше психикалары бұзылып, қылмысқа барады да тұрады.

Осыдан қорытынды жасасақ:

1) балалар мен ересектер бір деңгейде сотталады.

2) бала құқығын қорғайтын адвокаттар жоқ.

3) құқық бұзған балаларды соттайтын қылмыстық кодекс жоқ.

4) колонияларда, изоляторларда бала психологтары жоқ.

5) Ювеналды Әділет мамандары жоқ.

Республикамыздың әрбір қаласында, ауданында Ішкі Істер Бөлімінде бір ғана бөлім кәмелетке толмағандардың ісімен айналысады. Ол бөлім бір кабинетпен, бірнеше инспекторлармен шектелген. Ал жалпы Республикада 1 инспектордың қарамағында 29000 бала.

Республикамызда кәмелетке толмағандардың қылмыстығы 15,1 пайызға көтерілгені ғажап емес.

Бұл қарастырылған деректер мынадай мәселені көтереді: ҚР кәмелетке толмаған заң бұзушылардың Сот Жүйесі Халықаралық Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес келмейді.

Маңыздылығы:

Біздің Республикамызда кәмелетке толмаған қылмескерлердің және қылмыстың саны өсіп бара жатыр. Өз балаларымызға қамқорлық көрсете алмасақ, қоғамды ұлт деп атамауымызға негізі жоқ.

Себептер:

1. ҚР кәмелетке толмаған Заң бұзушыларға қатысты Сот Үкімінің жетілмегені.

а) кәмелетке толмағандар да, ересектерге де БТР СОТ айыптау Үкімін тағайындайды.

б) Бала адвокаттық негізінің жоқтығы.

2. Көбінесе алдын ала тергеу негізінің жоқтығы.

3. Бала құқықтары туралы конвенцияның 37-бабының ә, б, в тармақтарының, 40-бабының орындалуы.

Біз мәселені шешу жолдарын ұсынамыз.


  1. Әділет ювеналды негізін құру.

а) Ювеналды заңнамаларын қабылдау.

ә) Ювеналды сот ашу.

б) Бала адвокаттығын құру.

в) Колониялар мен изоляторларға бала психологтарын орналастыру.

д) Сенім телефондарын орнату.

2. Заң университтерінде Ювеналды әділет мамандарын оқытатын заң факультеттерін ашу.

а) Ювеналды негіз бойынша заңдық мамандарды қайта дайындау.

Іс агенттері:

Юнисеф, ҚР-ның Парламенті, Әділет Министрлігі, Білім Министрлігі, ҚР-ның Жоғарғы Соты.



Қаржы : (Қаржыландыру) (Қаражат)

50.582.179 теңге керек. 10 пайызын ҚР заңға тәуелді кесімдер, дәл заңды біркелкі орындау қағадалауының бюджетінен аламыз, 10 пайызын «Қазақтелеком» АҚ қалааралық және халықаралық байланыс қызмет етуінен аламыз, 10 пайызын ҚР индустрия мен Сауда министрлігі облыстық несие бюджетінен аламыз, 10 пайызын «Қазақстан Банк Дамуы» АҚ несие қорын беру бюджетінен аламыз, 20 пайызын, Мемлекеттік қызмет етуі жалпы түрінен аламыз, ал қалған 40 пайызын бізге Юнисеф (ИNICEF) береді.

Ал еңбек ақын мемлекет қамтамасыз етеді.


Іс уақыты:

4 жыл. 2 жыл Ювенналды негіз бойынша заңдық мамандарды қайта дайындаймыз. 2 жыл жобамызды жүзеге асырамыз.



Салдары:

  1. Мемлекет бюджетінің қаржысын тиімді пайдалану.

  2. Кәмелетке толмағандардың қылмыс саны азаяды.

  3. Заң бұзушылардың саны азаяды.

  4. Бала құқықтары туралы конвенциясының 37-бабының ә, б, в тармақтары, 40-бабы орындалады.

  5. Кәмелетке толмаған балаларға арналған соттар имандылы, әділ болады.


Қарар :

Үкімет әлеуметтік міндеттерді орындау үшін облыстық экономикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы тиіс.

Дефенициялар:

Әлеует (потенциал) – қуат дәрежесінің қандай да, бір өзара байланысы, әдіс жиынтығы, бір нәрсеге қажет мүмкіндігі.

Лизинг несие – болашақ кіріске берілетін несие.

Беріктік ресурстары – техниканың кепілдік жұмыс мерзімі.

Status Quo:

«Қазақстан - 2030» бағдарламасының негізгі басымдығының бірі – ауыл шаруашылығы.

2003-2005 жылдары ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы бойынша «Ауыл жылдары» деп жарияланды.

Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік міндеттерінің бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Қостанай облысының кіріс көзінің бірі - ауыл шаруашылығы. Біріншіден, ауыл шаруашылық ауыл тұрғындарының өмір деңгейін көтереді, екіншіден бұл бюджетке С. Кулагиннің айтуынша – аймақтағы қарыз несиесі үлкен мөлшерге айналды. Қазіргі уақытта 10 млрд. 250 млн теңгеге жетті. Осының 13 пайызы бюджетке қарыз, 5 пайызы – зейнеткерлер қорының қарызы, қалғаны – тұқым мен жанармайға алынған несиелер. Облыстық ауыл шаруашылық бөлімінің болжауы бойынша 2004 жылы астық құны 30 млрд теңге болуы тиіс. Облыс әкімінің орынбасары Т. Омаровтың айтуынша – ағымдағы несиелер мүмкін өшірілер, бірақ та ескі қарыздарды төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Былтырғы жылы қорытындысы бойынша шаруашылықтың 30 пайызы – зиянды. Қостанай облысының ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары бидай өнімділігінің талдауын (анализ) өткізді, бидайдың орташа деңгей өнімділігі – 1 гектардан 9 центнер.

80-жылдардың аяғынан техника жаңартылмайды. Ол өзінің беріктік ресурсын баяғыда игерді. Қостанай облысының бюджеті бойынша 14 млрд 745 млн 982 мың теңгеден ауыл шаруашылығына тек қана 306 млн 316 мың қаржы бөлінеді (сонда әкімшілік аппаратына 242 млн 504 мың теңге бөлінеді). Бұл үштен екі бөлігінің ішінен қаржы бөлінген ортаны қорғауға бөлінеді.

Бұл мәселені шешу үшін лизинг несиелерінің пайда болуы. Бірақ та лизинг несиенің жүйесі әлі дұрыс игерілмеген.

Лизинг несие алу үшін:


  1. шаруашылықтың жылдық кіріс анықтамасын білу қажет

  2. шаруашылықтың жағдайы туралы анықтамасын білу

  3. болашақ шығындар мен табысқа тән қаржы есебі керек

Бұл қарастырылған деректер мынадай мәселелерді көтереді:

Ауыл шаруашылығының кедейшілігі мен осы салада істейтін адамдардың кедейшілігін көрсетеді.



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау