Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет97/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   176

200 
 
-  үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;  
-  оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;  
-  мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;  
-  үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;  
-  көрнекілік  құралдарын  көбірек  пайдалану  арқылы  сезіміне,  қабылдау  эмоциясына 
әсер ету [2, 11б.].  
Енді оқырманға таныс және беймәлім білім беру жүйесіндегі инновациялық 
ұғымдарға және олардың беретін мағынасы мен мәніне тоқталайық. 
Инновация  (жаңашылдық)  –  жаңа  немесе  жетілген  өнім  (технология,  қызмет,  тауар) 
негізінде алынған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. 
Инновациялық  қызмет  –  ғылыми-техникалық,  ғылыми-технологиялық  жетістіктерді 
енгізуге  бағытталған  және  инновацияны  құрып,  меңгеру  мақсатындағы  зияткерлік  қызмет 
нәтижелері. 
Инновациялық  орталық  –  ғылыми-зерттеу  қызметі  мен  білім  беру  үрдісіне 
инновациялық оқу бағдарламаларын енгізуде және құруда ғылыми және практикалық қолдау 
көрсететін құрылымдық бөлімшелердің бірлестігі. 
Инновациялық педагогика (педагогикалық  инноватика) - мемлекеттік инновациялық 
саясатты жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық қызметті жаңарту үрдісін, қағидаларын, 
әдіс-тәсілдерін анықтайтын педагогикалық ғылымдар саласы. 
Құрылымы: 
Педагогикалық  аксиология  –  педагогикалық  жаңалықтар  мен  инновацияны 
педагогикалық ұйымның меңгеруі, бағалауы, қабылдауы туралы ғылыми тұжырым. 
Педагогикалық неология – жаңа педагогикалық теория мен практика туралы ғылыми 
тұжырым. 
Педагогикалық  праксиология  –  педагогикалық  жаңалықты  енгізу  және  қолдану 
қызметі туралы ғылыми тұжырым. 
Инновациялық педагогикалық қызмет – қалыпты қызметтің шығармашылық қызметін 
бейнелейтін әлеуметтік-педагогикалық феномен.  
Педагогтің инновациялық қызметінің деңгейлері: 
1.  Бейімделу  деңгейі  –  педагогикалық  жағдаяттарға  қажетті  дайындықтың 
жеткіліксіздігі. 
2.  Репродуктивті деңгей – педагогикалық жаңашылдыққа деген алғашқы баспалдақ. 
3.  Эвристикалық деңгей – жаңащылдықты енгізудегі бекемділік, мақсаттылық. 
4.  Креативті  деңгей  –  педагогтың  шығармашылық  белсенділігі,  инновациялық 
қызметтің жоғары сатылы нәтижелілігі.  
Білім  беру  жүйесіндегі  жаңашылдық  –  білім  беру  жүйесіндегі  мақсатты  шынайы 
өзгеріс.  
Оқу-тәрбие  үрдісінде  көрініс  табатын  жаңашылдық  түрлерін  былай  топтастыруға 
болады: 
-  білім беру мазмұнында; 
-  педагогикалық үрдістегі әдістеме, технология, түр, әдіс-тәсілдерде; 
-  білім беру үрдісін ұйымдастыруда; 
-  білім беру мекемелерін басқару жүйесінде; 
Өзгеріс  көлеміне  байланысты:  жекелей  (бір-бірімен  байланыспаған),  модульдік  (бір-
бірімен байланысқан кешен), жүйелілік (барлық білім беру мекемесін қамтыған) 
Инновациялық потенциалына байланысты: модификациялық инновация  – біліктілікті 
арттыру, 
түрді 
өзгерту, 
бағдарлама, 
әдістеме, 
құрылымдарды 
сәйкестігінше 
модернизациялау. 
Комбинаторлық  инновация  –  ерте  кезден  белгілі,  қазір  қолданыста  болмаған  белгілі 
әдістің элементтерін жаңамен байланыстыру. 
Радикалды инновация – білім беру мекемелерінің даму деңгейін түбегейлі өзгерту.  
Қоршаған орта аспектісі:  


201 
 
Инновациялық ахуал – отандық және әлемдік білім беру тәжірибесінде инновациялық 
үрдістің  оны  басқарудағы  оң  және  теріс  әсері  және  білім  беруді  ұйымдастырудағы 
жаңашылдықтардың бірлігі. 
Инновациялық  алаң  –  инновациялық  үрдіс  жүзеге  асып  жатқан  білім  беру  кеңістігі 
(мектепке дейінгі мекеме, мектеп, кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО және т.б.) 
Инновациялық  орта  –  педагогикалық  жаңашылдықты  тудырып,  оның  жүзеге  асуын 
жеделдететін, жалпы инновациялық үрдісті қоршаған орта. 
Инновациялық  жағдаят  –  педагогикалық  жаңашылдықты  тудырып,  жүзеге  асыру, 
қолдануға негіз болатын жағдай, талап, талғамдар.  
Инновациялы-білім  беру  консорциумы  –  келісім  шарт  негізінде  ерікті  түрде,  тең 
құқылы ЖОО, ғылыми ұйымдар мен өзге де заңды тұлғалардың бірігуі. Өндіріс аймағында 
инновациялық  технологиялар,  фундаменталды,  қолданбалы  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 
базасында жоғары білікті  мамандарды дайындау үшін зияткерлік, қаржылық  және басқа да 
ресурстарды біріктіреді.  
Инновациялық педагогикалық ұйымдастыру – шынайы технологиялық аспект. 
Инновациялық үрдіс субъектісі – білім беру мекемесін жаңарту процесіне тартылған 
ұйымдар, тұлғалар мен мекемелер. 
Тұлғалы-қызметтік аспект: 
Педагог-инноватор  –  педагог  (педагогикалық  ұжым,  ұжымдық  инноватор), 
инновациялық үрдісті жүзеге асырушы, яғни жаңаны құру, оны жүзеге асыру және қолдану, 
педагог-ойлаушы, педагог-зерттеуші. 
Инновациялық  жанұя  –  инновациялық  тәртіп  қызметіндегі  қоғамдық  білім  беру, 
ұжым. 
Инновациялық  мәдениет  –  тек  педагогика  саласында  ғана  емес,  өмірдің  өзінде  де 
жаңашылдықтың  шынайылығына  деген  қолдау  мен  қабілет,  дайындық,  жаңа  идеяларды 
жақын  қабылдап,  білім,  білік,  дағдыны  шыңдау.  Инновациялық  құндылықтардың  адамның 
рухани өмірінде көрініс беруі. 
Инновациялық  аспектегі  ақпараттық  мәдениет  –  жаңаны  меңгерудегі  ақпараттық 
ортамен байланысты адамның кәсіби маңызды құндылықтары, тиімді, рационалды, этикалық 
тағылымдары. 
Инновациялық ойлау – танымның ең жоғарғы сатысы. 
Инновациялы-моделділік  қызмет  –  педагогикалық  мамандықтарды  оқытуда  жалпы 
білім беретін, мәдени және әлеуметтік негізге бағытталған жаңа педагогикалық ойлау. 
Инновациялық  потенциал  –  педагогикалық  жаңашылдықты  қабылдаудағы  рухани 
мәдениет. 
Ұйымдастырушылық-тенологиялық аспект: 
Инновациялық ниет – мүмкін болған тұтынушылардың сұранысына талдау, ғылыми-
техникалық  үрдісті  болжау,  отандық  және  шетелдік  ғылыми-зерттеу  базалары,  өзге  де 
өндірушілердің тұжырымдары, лицензияларынан туындаған жүйелі анықтама. 
Инновациялық жоба – қабылданған инновациялық ниет. 
Инновациялық 
қадам 
– 
дәстүрлі 
тапсырмаларды 
шешуге 
бағытталған, 
шығармашылықпен қайта қалыптасқан жағдай. 
Инновациялық жоспар – бекітілген инновациялық жоба. 
Инновациялық оқыту – білімді басқарудың ерекше типі. Дәстрүлі оқытуға қарағанда 
оқытушы мен оқушы қызметін ұйымдастырудағы демократиялық бастама. 
Білім берудің инновациялық технологиялары: 
Инновациялық  оқыту  технологиялары  –  тұлғалық-бағдарлық,  интеграциялық, 
ұжымдық  қабілет,  қпараттық,  қашықтан  оқыту,  дамытушылық  және  т.б.  технологиялар 
негізінде оқушының оқу үрдісіне деген қабілетін жақсарту. 
Инновациялық  тәрбие технологиялары  –  тәрбиеленушінің  жалпы  адамзаттық  түсінік 
негізінде тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру. 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау