216
ӘОК 37.013.02
ЕСТУ ҚАБІЛЕТТЕРІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ
МЕКТЕПТЕРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Несіпжанова Гулбану Нұрақынқызы
Талдықорған қаласындағы облыстық нашар еститін және естімейтін балаларға арналған
арнаулы мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі,
Gulbanu1970@mail.ru
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп,
– Елбасы атап көрсеткендей, жобаның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының
артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ
сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа
деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске
түсіруге зор ықпал етеді. ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын
тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Ақпараттық технологияларды қолдану естімейтін және нашар еститін мектептерде
оқитын оқушыларға сапалы білім беруде, оларды өмірге бейімдеуге үлкен рөл атқарады.
Мақсаты:
Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде электрондық
оқулықтарды пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Міндеті:
• Арнайы мектептерде электрондық оқулықты қолданудың тиімділігін көрсету;
• Арнайы мектептерде электрондық оқулықтарды қолданудың ерекшелігін
қарастыру;
• Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде
электрондық оқулықтарды пайдала отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын
қарастыру;
Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Электронды оқулық – бұл
дидактикалық әдiс - тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген
түбегейлi жүйе.
Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық
әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Электрондық оқулықты жасау мәселесімен С.Қожабаев, Қ.Мамаев, Р.Бекмолдаева,
және т.б. педагогтардың еңбектерi, ал информатика сабағында электрондық оқулықтарды
жасаумен Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, Б.Хантер, И.В.Роберттің ғылыми-әдістемелік
еңбектері арналған.
Ал О.Камардинов, О.Сейтқұлов зерттеулерiнде электрондық оқулықтарды
пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың
дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Информатика курсында
электрондық оқулықтарды пайдаланудың тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық
негiзi В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе,
оны тиімді пайдалану әдістемесi - Я.Ваграменский, С.Гримм және т.б. әдіскерлердің оқу-
әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде
келтiрiлген.
Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде информатика курсын оқытуда оқытуда дельфи
тілінде жасалған электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын
217
арттыруға және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатынын
байқауға болады.
Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта электрондық оқулықтарды тиімді
пайдалана білуі тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты
ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі электрондық
оқулықтарды пайдалану әдістеріне байланысты.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады.
Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі
күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Электронды оқулықтар оқушылардың
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен - көп көмегiн тигiзедi.
Есту қабілеттері зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде электронды
оқулықтардық пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның
сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында графикалық бейнелеу,
мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша
алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы
және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы
болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы
байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің
айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес.
Мен өз сабағымда электрондық оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы
көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер,
оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік,
оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр
тапсырманың өзіндік жұмыстары (есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда және
оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.
Электрондық оқулықпен жеке жұмыс жасауының арқасында сол тақырыпты бірнеше
қайталап оқуына, тыңдауына, тіпті түсінбеген сөзді анықтама бөлімінен қарауына, сол сөздің
түсіндірмесін білуіне де болады. Бұл жағдай есту қабілеттері зақымдалған оқушылардың
есту қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуына мүмкіндік береді.
Мысалы, “Компьютер құрылғылары” тақырыбын өткенде тапсырмалар орындау
барысында оқушылар компьютер құрылғылар аттарын дұрыс жауап алғанша жазып, қатесіз
жазуға сөздік қорын молайтуға дағдыланады.
Ал, қазақ тілі сабағында электронды оқулықта берілген мәтіндік материалдар белгілі
бір қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдерді құрайды. Сұхбаттар көлемі жағынан
шағын және жеңіл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тілінде бір – біріне сұрақтар
қойып және жауап қайтара алуға үйретеді. Сонымен қатар берілген тақырып төңірегіндегі
сөйлемдер мен әңгімелерді микрофонның көмегімен компьютерге басып, өздері тыңдап, өзін
Достарыңызбен бөлісу: |