Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет89/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   176

183 
 
көмек  көрсетіліп  келеді.  Бұл  мақсатқа  республикалық  бюджеттен  жүйелі  түрде  қаржы 
бөлініп тұрады. 
Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек, Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты 
мемлекетіміздің  тұрақты  дамуына  ізгілікті  қызмет  етіп  отырғандығы  қуантады.  Біздегі 
мемлекеттік  тіл  саясаты  шын  мәнінде  саяси  тұрақтылыққа,  этносаралық  жарастыққа  және 
қоғамдық келісімге алғышарт бола алады. 
Алайда,  біз  қандай  жағдайда  да,  қай  кезде  де  өзге  тілдердің  дамуына  еш  нұқсан 
келтірмей,  оларға  деген  мемлекеттік  қолдау-қамқорлық  аясын  тіпті  де  тарылтпай  отырып, 
қалай дегенде де Қазақстан Республикасы  мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі  қазақ 
халқының  ұлттық  тілі  —  қазақ  тілінің,  мемлекеттік тілдің  мүддесін мейлінше  кең  көздеуге 
маңыз  береріміз  белгілі.  Бұл  бір-бірімізден  бөліп-жарып  міндет  бөлісетін  шаруа  емес,  ол 
Отаным  деген  барлық  қазақстандықтың  қастерлі  парызы  Президентіміз  тіл  саясатын  өткір 
сынға  ала  отырып,  бұл  мәселеге  табандылықпен  тікелей  өзі  қозғау  салды.  Енді  түйінді  тіл 
мәселесі өз шешімін тауып, оңалар деген үміттемін. Рас, тіл мәселесі оқтын-оқтын көтеріліп-
ақ келеді. Алайда Ассамблеяның биылғы ХІІ сессиясындағыдай мемлекеттік тіл төңірегінде 
мұндай өзекті ой қозғалып, қажеттілігі нақты шегеленіп, бұрын-соңды айтылған жоқ еді. 
Мемлекет  басщысы  азаматтық  қоғамды  құрудың  және  Қазақстанның  қарқынды 
дамуының  маңызды  шарттарының  бірі  сарабдал  ұлттық  саясат  екендігін  атап  өтті.  Ол 
Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  мемлекеттің  қатарына  енуінде 
маңызды  атқарды.Н.Ә.Назарбаев  мемлекет  дамуының  жаңа  кезеңінде  қазақстандық 
патроиотизмді орнықтырудың негізгі бағыты кез келген мемлекетте ұлттық саясаттың басты 
өзегі  -  тіл  мәселесімен  тығыз  байланысты  екендігін  атап  өтті.  Қазақ  тілі  еліміздің  барлық 
азаматтарын біріктіретін мемлекеттік фактор болып табылады. 
Тілді  оқып-үйренуді  жоғары  деңгейге  көтеру  қажет.  Қазақ  тілін  білу  еліміздің  әрбір 
тұрғынының  кәсіби  қажеттілігі  ғана  емес,  сонымен  қатар  азаматтық  парызы  болуы  қажет. 
Мемлекеттің  тілді  білмейтін түлектерді  шығаратын  жоғарғы  оқу  орны  бар  мемлекетті  табу 
қиын.  Өз  сөзінде  Президент  Н.Ә.Назарбаев:  …  Қазақстанның  жастары  мынаны  білуі  тиіс: 
мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмысістеу 
мүмкін  болмайды.  Мемлекеттік  тілде  қойылғансұрақтарға  сол  тілде  жауап  беруге  тура 
келеді.  Уақыт  бар,  мүмкіндік  бар,  мемлекеттің  қолдауы  бар  -  өз  функцияларыңды  қажетті 
деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  біздің  ел  «өзiн  демократиялық, 
зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтiк  мемлекет  ретiнде  орнықтырады,  оның  ең  қымбат 
қазынасы  –  адам  және  адамның  өмiрi,  құқықтары  мен  бостандықтары»  және  «тегiне, 
әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге 
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар 
бойынша ешқандай кемсiтуге» болмайтындығы атап көрсетілген. 
Тіл  адамның  толыққанды  жеке  тұлға  ретінде  қарым-қатынас  жасауына,  ақпарат 
алмасуға, бала тәрбиелеп, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Тіл арқылы 
қоғам  мүшелері,  жеке  тұлға  мен  мемлекет  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  жасалады.  Тіл 
маңызды  коммуникативтік  қызмет  атқара  отырып,  сонымен  бірге,  адамның  өз  ойын,  ниет-
пиғылы мен көңіл-күйін білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін жетілдіруге, адам санасының 
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
Тіл  саясатын  одан  әрі  жүзеге  асырудың  мәселелері  мен  міндеттерін  дұрыс 
анықтаудың  маңызды  факторы  елдегі  этнолингвистикалық  жағдай  туралы  ғылыми 
негізделген талдау жасау болып табылады. Бірақ бұл талдау бұқаралық ақпарат құралдары, 
мәдениет,  білім  саласындағы  статистикалық  әлеуметтік  зерттеулерге  негізделген.  Бұл 
мәліметтер  нақты  жағдайды  көрсетпейді,  өйткені  сұралатын  аудиторияда  білім  деңгейіне, 
әлеуметтік  тегіне,  мониторингке  қатысушылардың  құзыреті  ескерілмейді.  Жоғарыда 
көтерілген  мәселелер  тұрғындардың  қабылдауына  ықпал  ететін  мәселелердің  барлығын 
қамти алмайды. 
 


184 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.-А.: Қазақ 
энциклопедиясы, 2010.- 228 б.  
2.  Қазақстан - 2030.- А.: Юрист, 2005.- 140 б. 
3.  "Қазақстан-2050"  стратегиясы-қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  : 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 15 желтоқсан. 
4.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы.  2012  жыл,  14  желтоқсан.  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  /  Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера 
Нации  Н.А.Назарбаева  народу  Казахстана.  14  декабря  2012  года.  Стратегия  «  Казахстан  – 
2050»: новый политический курс состоявшегося государства.- Петропавл, 2012.- 176 б. 
5.  Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты: құжаттар жинағы = Языковая политика 
в Республике Казахстан: Сборник документов.- Астана: Елорда, 1999. – 216 б. 
6.  Көркемсуретті  Қазақстан  тарихы:  Ежелгі  дәуірден  біздің  уақытымызға  дейін.  4 
томдық..Т.  4:  Қазақстан  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  біздің  уақытымызға  дейін.-
Алматы, 2007.- 312 б. 
7.  Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы негізгі заң актілері.- Алматы: Юрист, 
2003.- 40 б. 
   
 
УДК: 378 (075.8) 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ 
ҚОЛДАНУ 
 
Майлыбаева Г.С., магистр, аға оқытушы 
Кұлан Күлән,  4 курс студенті 
Утегулов Д.Е., 2 курс магистранты  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Халқымыздың  тарихи-мәдени  мұраларының  түрлері  сан  алуан.  Солардың  қай-
қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.    
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа  жолдауында  «Жаңа  Қазақстандық  патриотизм 
дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. 
Өткен  тарихымызға  тағзым  да,  бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген  келешекке 
сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас 
болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  өз  үлесіңді  қосып,  дамыту 
және  кейінгі  ұрпаққа  аманат  етіп,  табыстау  деген  сөз»,  -  деп  ұлттық  мұраларымыздың 
құндылығы зор екендігін көрсетеді [1]. 
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық 
педагогикасының  бір  бөлігі  деп  тегін  айтпаса  керек,  адам  баласы  жасаған  жеті  кереметтің 
қатарына  сегізінші  етіп  осы  ойынның  аталып  жүруі  жайдан  жай  емес.  Қазақ  халқы  – 
материалдық  мұраларға  қоса  мәдени  қазыналарға  да  аса  бай  халықтардың  бірі.  Сондай 
қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары жатады. 
  Педагогикалық  теорияда  ойындар  түрлері,  оның  ішінде  ұлттық  ойындар    баланың 
ақыл-ойының  және  денесінің  дамуына  қажетті  негізгі  қызмет  түрі  ретінде  қарастырылады. 
Ойын  балаға  қажетті  қозғалыс  пен  эмоциялық  серпілісті  қанағаттандыратын  іс-әрекеттер 
туындатып, бала психикасының дамуына себепші болады. Ойын дегеніміз  – адамның ақыл-
ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, 
қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан 
үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз, өйткені ең алдымен не  болса 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау