75
мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу
құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Білім беруді ақпараттандыру
жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және
ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті
мәселесіне айналып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда.
Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы. Ақпараттық-коммуникациялық технологияға
интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық
коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса
алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық
оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау
көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды. 3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын
толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі
ашылады.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің
қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын
мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше
ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін
қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек
басшылық жасайды
әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы
шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық
қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға,
түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық
технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама
дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды
жүйелеу) қолдана отырып,
ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға
мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы
міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-
жақты қолдану қабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде
ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды
таңдауға және қолдануға;
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен
сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас
(коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Математика
сабағында
ақпараттық
технологияларды
пайдалану
арқылы
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай
ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды
пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік