Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет31/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   176

65 
 
Ж.А.Қараевтің  ОҮӘЖ  технологиясын  қолдану  арқылы  келесі  тиімділіктерге  қол 
жеткізеді: 
• 
Деңгейлік  саралау  оқушылардың  білімін  жаңа  әдіспен,  яғни  рейтинг  жүйесі 
бойынша бағалауға мүмкіндік береді. 
• 
Деңгейлік  тапсырмаларды  (олардың  қаншалықты  орындап  жатқанын  бақылап 
отыру  мақсатымен)  оқушы  тақтадағы  ілулі  тұрған  тізімдегі  және  «жұмыс  дәптерінің» 
соңындағы өзінің тұсына мұғалімнің тексеруінен кейін«+» белгісімен белгілеп отырады. 
• 
Қалғанын  үйде  орындайды,  олар  «V»  белгісімен  белгіленеді.  Берілген  кесте 
«ашық журнал» деп аталады, көрнекі түрде тақтаның шетіне ілінеді. 
Бір-бірінің  алға  жылжуын  бақылау  мүмкіндігі  олардың  арасында  жарысу  жағдайын 
туғызады. Әр оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады. 
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй 
жұмысын  жақсы  ұйымдастыруға  және  реттеуге  мүмкіндік  береді.Себебі,  тақырыпты 
меңгеудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес 
құрылғандықтан,  бұл  жұмыстарды  толық,  сабақ  үстінде  орындап  бітіруге,  барлық 
оқушылардың  мүмкіндігі  жете  бермейді.  Сондықтан  да,  олар  үйде  өз  бетімен  немесе 
сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі: 
• 
Бірінші  деңгейдің  тапсырмаларын  орындап  үлгерген  оқушыларға  екінші 
деңгейдің тапсырмалары; 
• 
Екінші  деңгейдің  тапсырмаларын  орындаған  оқушыларға  одан  да  жоғары 
деңгейлік тапсырмалар беріледі; 
• 
Тапсырмалар  деңгейден деңгейге көтеріле береді. 
Ең  жоғары  деңгейдегі  шығармашылықты  қажет  ететін  тапсырмаларды,  әрине, 
дарынды да, еңбекқор оқушылар орындай алады. 
Осылайша,  әр  тақырып  бойынша  оқушыларға,  сыныптан  тыс  уақытта,  жоғары 
деңгейлік  тапсырмаларды  орындау  арқылы  көбірек  ұпай  жинап  көтеріңкі  баға  алуға 
мүмкіндік  беріледі  және  дамыта  оқыту  қағидасы  орындалады.  Нәтижесінде  оқушылардың 
табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады. 
Жинаған  ұпайларын  оқушылар  кестеге  әр  сабақтың  соңында  белгілеп  отырады, 
соңында  график  салады.  Ол-  оқушының  даму  мониторингісі  деп  аталады.  Педагогика 
ғылымында  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  мақсаты  –  жан-  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  болып  табылғандықтан,  бұл  жерде  де,  жаңа  технология  бойынша  –  оқыту 
мақсаты болып табылады. 
Мақсат-  өздігімен  дамуға  ұмтылған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  сондықтан  оның 
өзіндік  танымдылық  іс-әрекеті  белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі  қажет.  Жаңа  мақсат 
оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  қалған  бөліктерінің  өзара  байланыстағы  қалыптармен 
өзгерулерін талап етеді. 
Жоғарыдағы талапты орындау үшін төрт ұсынысты қажет деп санаймын: 
1.  Жаңаша  өзгерген  мақсат  оқушылардың  өздігімен  танып,  іздену  іс-әрекетінің 
әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл жағдайда бірінші орынға оқушы тұрады және оның 
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. 
2.  Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері  болып,  оқытудың  дербес  және  топтық  түрлері 
табылады.  Оқытудың  бұл  түріндегі  ең  бастысы-  оқушыға  деген  сенім,  оның  өз ісіне  жауап 
беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір- қасиетін сезімін дамыту. Оқытудың 
фронталды түрі, бағыт беру, талқылау, түзеті енгізуде ғана пайдаланылады. 
Оқытуды  ізгілендіру-  оқыту  құралдарына  деген  көзқарасты  өзгертуді  талап  етеді. 
Өзгерістер  бойынша  оқу  құралын  оқушылардың  өздігімен  танымдық  іс-әрекетін  жүргізе 
алатындай  құралдар  болу  керек.  Осы  жерде  компьютерлік  техниканың  функционалдық 
мүмкіндіктерінің  мол  екендігін  ескере  кету  керек,  себебі,  компьютерлік  техника-  оқушыға, 
ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын  жүргізе  алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік 
береді.  Оқушының  өздігімен  жаңа  тақырыпты  меңгеруіне  қолайлы  және  қызықты 
мазмұндалуы қажет.  


66 
 
Технологияның  тағы  бір  психологиялық  негізі  болып  табылатын  теория  – 
Л.С.Выготскийдің  «оқыту  процесінде  оқушының  ақыл-  ойының  дамуы  «актуальды  дамуы» 
аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» туралы теориясы.Бұл ауысу – тапсырмаларды 
қайталап  орындауға  ғана  арналған  1-  деңгейден  өнімді  іс-әрекетті  қажет  ететін  жоғары 
деңгейлерге ауысу негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады. 
Осындай  іс-әрекет  деңгейлері  арқылы  оқушылар  оқу  материалдарын  әр  түрлі 
деңгейде қабылдайды. 
Биология  пәнінің  мазмұнымен  мақсат-  міндеттері  төмендегі  шешуші  біліктерді 
қалыптастыруға  бағытталған:  Оқушылардың  өздігінен  білім  алуын  жағдай  жасай  отырып 
қалай оқу керектігін үйрету, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни 
көзқарасының болуы, еңбек нарығында белсенді түрде бейімделу қабілеті. Когнитивтілік- өз 
білімін  үнемі  жетілдіруге  дағдылану,  шешімін  іздеу,  түсінігін  білдіру,  нақты  өмірдегі 
оқиғалардың себеп- салдарын өздігінен тану. 
Дүниетанымдылық-  әлем  туралы  біртұтас  көзқарасты  қалыптастыру,  қоғамдағы 
әлеуметтік  орнын  дұрыс  таба  білу.Биология  пәніне  деген  қызығушылығын  арттыру 
мақсатында  сабақты  түрлендіре  отырып,  оқушылардың  өз  қабілетін  таныта,  дамыта  түсу 
бағытында  әрқилы  әдістер  негізінде  пайдалану  тиімді.Оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығын арттырудың сызба нұсқасы төменде көрсетілген: 
Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара 
және  дербес  ерекшеліктерін  басқарып,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып, 
шығармашылығын  қалыптастырып,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру.  Заман  талабына 
сай,  электронды  оқулық,  интернет,  web  сайдты  қолданудағы  жаңа  ақпаратты 
технологияларды пайдалану биология  пәні үшін маңызы зор. 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ҮДЕРІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
 
Бөрібекова Ф., п.ғ.к., доцент 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»,  -  деп  білім 
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір білім 
беру  мекемесіндегі  ұжымның,  әрбір  мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы  барлықұ 
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашатын жаңа практикаға, жаңа қарым-
қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.  
Бүгінгі  күні  мұғалімдерді,  оқытушыларды  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды қолдануға дайындау  – өте маңызды, өте өзекті және күрделі мәселе деуге 
толық негіз бар.  
Жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  шеңберінде  білім  берудің  мақсаты  мен  мәнінің 
өзгеруі  «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына  ықпал етті. 
Бұл  ұғымның  мәнін  білім  беру  процесін  өздігінше  дамытатын  жүйе  деп  түсінуге  болады, 
онда  білім  алушылардың  қызметі  жетекші  фактор  болып  табылып,  онда  мұғалім  мен  білім 
алушының  субъектаралық  өзара  әрекетін  қарастыратын  және  олардың  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.  


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау