104
оқыту керек екенін сөзсіз. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі
айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген [2].
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін,
тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық
үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз
не? Технология –
tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей
қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен
педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым
Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді:
«Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге
асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы» [3].
Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы
білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы
орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген
баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі
мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап
өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны
меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану
арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық
технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір
мұғалім өз сабағын нәтижелі
даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден,
меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады,
төртіншіден,
оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны
«жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті
«жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану
емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы
мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-
педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық
көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп
оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара
алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның
негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу
үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке
технологиялармен танысып,
оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.
Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген [4]:
№
Технологиялар атауы
Авторлары
1
Саралап деңгейлеп оқыту
Қараев Ж.А., Кобдикова Ж.У.
2
Модульдік
оқыту технологиясы
Жампеисова М.М.
3
Дамыта оқыту технологиясы
Тұрғымбаев Т., Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В., Зайцев В.
4
Проблемалық оқыту технологисы
Монахов М.
5
Ірі
блокпен оқыту технологиясы
Шаталов, Эрдниев П.М.
105
6
Жобалау әдістемесі
Дж. Дьюи
7
Сын тұрғысынан ойлау
Джинни, Л. Стил, С.Крутис,
Ч.Темпл
8
Алдын-ала оқыту технологиясы
Лысенкова А.
9
Тұлғалық
гумандық технологиясы
Амонашвили Ш.
10
Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы
Ғалиев Т.Т.
Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.
М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология - оқу үрдісін жобалаудың
жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек
[3]:
1. Мақсат қою.
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып
құрылған өздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму
аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар:
оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің
педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай
баптардан тұрады:
1. Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.
3. Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.
4. Оқу үрдісін жобалау.
5. Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.
Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:
1. Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш
қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.
2. Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.
3. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім
мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.
4. Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.
5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның
құрылымын нақтылау.
5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алуы көрсетілген [5]:
- диагностикалық – оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін
зерттеу;
- ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастыру);
- педагогикалық басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті, білім беру
менеджменті);
- жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді моделдеу);
- ғылыми-зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық
ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).
Бастауыш сынып мұғалімі кәсіби қызметінің функциясы – кіші мектеп жасындағы
оқушылардың субъектілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасуы мен даму
үдерісін басқару.