220
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ал, өз іс-әрекетін тиімді
ұйымдастырып отырған қазіргі кездегі мұғалімнің міндеті жоғарыда айтылған
мүмкіншіліктерді пайдалана отырып әр оқушыға еңбек етуде. Жаңа ғасырға жаңа
бағдарламалар да енгізілуде. Жаңа бағдарламада ең алдымен, оқушының білім алуға деген
ынтасын, жауапкершілігін арттыру, берілетін оқу материалының күрделі болуы, баланың
білім алуы үшін қамтылған. Жаңа оқулықтағы тапсырмалар жаңа технологияға негізделіп
берілген. Қазір заман өзгерді.
Біз сөз қылып отырған технология ұғымына қысқаша анықтама бере кетуді жөн
көрдік. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін,
тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық
үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз
не? Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей
қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен
педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым
Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді:
«Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге
асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Қоғам педагогикалық шеберлік деңгейі жоғары, жаңашыл, инновациялық
көзқарастағы ұстаздарды қалыптастыруды талап етуде. «Инновация» (латынша inb-novus-
жанашылдық) көптеген ғалымдар мен педагогтердің пікірінше «жаналық еңгізу» болып
табылады. Ал жаңашылдық- бұл бұрыннан бар нәрсеге жақсартулар, өзгерістер еңгізу.
Инновациялық технологияларда жұмыс жасау – білім берудің ерекше түрі. Жаңа
педагогикалық технологиялардың ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін
жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағытты нақты қалыптастырудың жетекші құралы
болып табылады, өйткені ол оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті
шығармашыл, белсенді оқушыларды да тәрбиелеуге септігін тигізеді.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар
берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір
адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз », - дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші
жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің
түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады,
педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. "Масырова Р.Линчевская Т -"
Жаңару "дегенімізді былай деп түсіндіреді:" Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа
ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым
Немеребай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызметі" деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында,
әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін
бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі
(жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі -
оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік
әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне
ықпалын тигізуде. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел мен елді теңестіретін басты нәрсе -
221
білім» - десе, қазіргі уақытта өзге халықпен тереземіз тең, дамушы елдер қатарында болу
үшін де тәрбиелеп жатқан шәкірттеріміз білімділігімен, біліктілігімен ерекшеленуі тиіс.
Президентіміз Н.А.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы
білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы
орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген
баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі
мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап
өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны
меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану
арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық
технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі
даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екінішіден,
меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады,
төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны
«жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті
«жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану
емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы
мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-
педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық
көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп
оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара
алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның
негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу
үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке
технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.
Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:
1. Модульдік оқыту технологиясы (Жанпейісова М.М.)
2. Проблемалық оқыту технологиясы (Монохов М.)
3. Тірек-сызбалар технологиясы (Шаталов, Лысенко)
4. Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев Ж.А, Кобдикова Ж.У.)
5. Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов В.В., Тұрғымбаев Т.)
6. Сын тұрғысынан ойлау (Джинни, Стил Л., Крутис С.)
7. Ақпараттық технология
8. Жобалау әдістемесі (Дьюи Дж.)
9. Интерактивті оқыту (Каменский Я.)
Соңғы уақытта жиі қолданылатын инновациялық технологиялар бірі – ақпараттық
технологиялар болып саналады. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе
компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын
дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және
студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады. Оқу барысында оқушылардың
ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік
сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп
практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту
Достарыңызбен бөлісу: |