Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Аудиттің пайда болуы және дамуы туралы не білесіз?
2.Аудит пәні не, оның қандай объектілері бар?
3.Аудиттің қандай принциптері бар?
4.Аудиттің қандай мақсаттары мен міндеттері бар?
5.Ақпарат дегеніміз не?
6.Басқару деген не?
7.Экономикалық ақпарат ұғымына анықтама беріңіз.
8.Экономикалық ақпараттың қандай түрлері бар?
9.Есепке алу ақпаратына қандай талаптар қойылады?
10.Есеп ақпаратының құрылымы қандай?
11.Қаржылық есеп беру ақпаратының мақсаттарын айтыңыз.
Тақырып 2. ҚР-дағы аудиторлық қызметін нормативті реттейтін жүйе
Дәріс сабағының мазмұны:
1. ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымдары.
2. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер.
3. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР-дағы аудиторлық қызметті лицензиялау.
4. Аудит стандарттары және кәсіби тәртібі
5. Аудиттің халықаралық стандарты
6. Кәсіби этикалық кодексі
1. ҚР-дағы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымдары.
"Аудиторлық қызмет көрсету" ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз "бейүкіметтік", қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын жєне өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51 % болуға тиіс.
Аудиторлардың республикалық жєне территориялық палаталары аудит порцедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса мањызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы Министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кењесініњ № 60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы Министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен "Қазақстанаудит" атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.
1993 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигі-зеді.
ҚР "Аудиторлық қызметтер туралы" заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық – құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялыќ ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.
Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:
-шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
-біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
-акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
-шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
- жеке - дара аудит және кеңес беру.
Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін "үлкен бестік" деп аталатын: "КПМГ", "Делойт Энд Туш", "Артур Андерсен", "Эрнст энд Янг", "Прайс Уотерхаус Куперс" шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.
Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға жєне халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. "Үлкен бестік" мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. "Үлкен бестіктердің" барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы - банк мекемелері жатады.
Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен ("үлкен бестіктен" басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ "БДО Қазақстанаудит"-ті жатқызуға болады. Ол 2004 жылдың сәуір айында "ВДО ІNTERNATIONAL" деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудитор-лық ассоциациясына толыққанды мүше боп кіреді.
1963 жылы негізі қаланған "ВДО ІNTERNATIONAL" 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2004 жылдың басында "Артур Андерсон" атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация "үлкен бестіктің" құрамына кірді.
Үшінші тип – бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.
Ұйымдастыру формасының төртінші типі - құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын жєне икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАК "Центраудит-Казахстан", ЖШС "Ержановтар жєне К", ЖШС "Ай-аудит" және т .б. жатқызуға болады.
Ұйымдастыру формасының бесінші типі - жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби - кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.
Аудиторлық ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын жєне ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |