Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет3/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Дәрістеер қжт

Әдебиеттер

1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б. 


2. Уәли Н.М. Графика. Орфография. Орфоэпия. - Алматы, 2018. - 250 б. 
 
 
№2 дәріс 
 
Тақырыбы:А. Байтұрсынұлы – араб графикасына негізделген қазақ жазуының 
реформаторы 
Мақсаты: 
Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына қатысты сіңірген еңбегі 
туралы түсінік беру, оның маңызын түсіндіру. 
 
Жоспар: 
1.А. Байтұрсынұлы әліп-биі 
2.А. Байтұрсынұлы емле туралы 
Қазақ жазу емлесiн жөнге салудың орыс графикасынан басқа, төте жолын 
ұсынған қазақтың ағартушы ғалымы – А.Байтұрсынұлы болды. Ол араб графикасын қазақ 
дыбысына ыңғайлап, жазба әлiпби түзу керек деген идея көздедi. 
А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жетілдірумен айналысты. Сол 
күндері қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты пайдаланып келген араб таңбаларының 
дәл сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алмайтындығын түсініп, былай 
деп жазды: «Хәріп - тіл үшін шығарылған нәрсе. Олай болса хәріп жоқ деп тілдегі 
дыбысты жоғалту керек емес, ол дыбысқа жоқ әріпті іздеп табуға керек. Ол жалғыз бізде 
ғана болған емec, өзге жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті 
бұзып өзгертеді». Осындай білгірлік танытқан А. Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ 
тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, түзетуді қолға алады да, «ХХ ғaсыpғa дейін түріктің 
тілін асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиіс», «асыл 
тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті» деп емленің ең жақсысы - дыбыс жүйесінде екеніне 
көзі жетіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттей бастады. Араб графикасына 
негізделген жаңа емлесі 1912 жылдан бастап ұсынылды. «Төте жазу» деген атпен танымал 
болған бұл графиканы сол кездегі қазақ интеллигенциясы қабылдады және мұсылман 
медреселері, қазақ-орыс мектептері де қолдана бастады. 1915 жылы жаңа графикамен 
көптеген қазақ кітаптары басылып шықты. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық 
жүйесін талдап береді. Тарихи-лингвистикалық зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, 


оның бұл жұмысы – нағыз ғылыми, ғылыми аргументтері күшті, тіпті бүгінгі күннің 
талабын да өтейтін еңбек болып табылады. А.Байтұрсынов бұл ізденістерінде қазақ тілінің 
фонологиялық табиғи белгісі – сингармония заңдылықтарына сүйенеді. Бүгінгі фонетист 
ғалымдар А.Байтұрсынұлы дыбыстар жүйесін сингармофонемалар ретінде дұрыс таныды 
дейді. Сондай-ақ қазақ алфавитін түзуде (жасауда) болсын, грамматикалық 
(морфологиялық) категорияларын зерделеуде болсын, А.Байтұрсынұлы тіл біліміндегі 
парадигмалық жүйені ұстады. Парадигмалық жүйе дегеніміз – тіл бірліктерінің 
(дыбыстардың, морфологиялық көрсеткіштердің, емлелік тәртіптердің т.б.) екі түрлі типін 
қарама-қарсы қойып жүйелеу. Сондықтан қазақ әліпбиін түзуде дыбыстардың дауысты-
дауыссыз, жуан-жіңішке, қатаң-ұяң сияқты оппозиттерін негізге алған. Бұл бүгінгі ғылым 
биігінен (жетістіктерінен) қарағанда өте дәлелді, дұрыс ұстаным болып саналады. Ғалым 
араб жазулы (таңбалы) қазақтың өз алфавитін (әліпбиін) жасап, ғылым-білім дүниесіне 
ұсынады. Жүйелілікпен түзілген бұл әліпбиін Ахмет Байтұрсынұлы тәртіпті жазу деп 
атаймыз деді: «Тәртіпті жазу дегеніміз тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі 
(әрпі) бар болса» деп анықтайды. Араб жазуы (әріп таңбалары) – Құран қолданған әліпби, 
сондықтан оған өзгерістер енгізуге, қысқартуға, өзге таңбаларды қосуға болмайды деген 
діндар догматиктердің қарсы пікірлері (мақалалары да) болғанына қарамастан, ауыл 
мұғалімдері, озат ойлы, білімді адамдар тарапынан А.Байтұрсынұлы әліпбиі батыл қолдау 
табады. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тілін таңбалайтын графикаға мынандай басты-басты 
талаптар қояды: 
1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша? 
2. Қайсымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады? 
3. Қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл? 
4. Қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы 
да сонда) ? 
5. Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы? 
6. Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық? 
Жазуға осындай талаптар қоя отырып, латын және араб графикаларын 
салыстырады. Бірінші критерий бойынша араб әрпінен қазақ әліпбиіне 14 әріпті 
өзгертпестен дайын күйінде алды, 5 әріпке ереже қосып алды. Латын әрпін өзгертпестен 
алды дегеннің өзінде 15 әрпін-ақ алуға жараған, ал қалған 7 әрпін өзгертіп алуға жараған 
және ң, й дыбыстарының таңбасын бейнелейтін әріптерді ойдан шығарып таңбалаған. Бұл 
критерий бойынша араб жазуының таңбалар жүйесі артық болып тұрғанын айтады. 
А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеу барысында 28 дыбыс 
түрі барлығын, оның дауысты және дауыссыз болып жіктелетінін, араб харпі қазақ 
жазуындағы жіңішке дауысты дыбысты ажырату үшін қойылатын белгі - дәйекшені 
енгізудің қажеттілігін, бұл арқылы тіліміздің төл дыбыс жүйесіне тән үндестік заңы 
бойынша жуан не жіңішке айтылатын буын табиғатын аңғартуға болатындығын 
қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Сонымен қатар араб алфавитінде жоқ ерін 
дауыстыларын у дыбысының таңбасына ұқсастырып, жолдың үстіңгі бөлігіне дәйекшелер 
қою арқылы жаңа әріптер жасайды да, араб графикасын қазақ тіліне ыңғайластырып 
реформалайды [7, 33 б.]. 
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 
1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. 
«Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты үлкен мақала 
жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне 
енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін 
таңба қою қажеттігін дәлелдейді. Осы мақалада дыбыс, әріп, дейекші, жуан дыбыс, 
жіңішке дыбыс, қағида деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш рет 
кездестіреміз. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34 және одан кейінгі сандарында «Жазу 
мәселесі» деген көлемді мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (у, ұ, о, и, е, 


ы) таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады. Сөйтіп, әрі қарайғы ізденістерінде араб 
графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) қазақ жазуы үшін 
араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау; 2) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у 
дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу; 3) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз 
дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ө, і, у дыбыстарымен 
айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекше таңба қою. [8, 56 б.]. Демек, А. 
Байтұрсынов және бірқатар зиялылар қолданып келе жатқан араб әліпбиіне қазақ 
жазбалары үшін өзгеріс енгізу, яғни реформалау принципін ұсынды. 
Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуының емлесі туралы ой-пікірлерін өзі редакторы 
болған «Қазақ» газетінің беттерінде әрі қарай жалғастырып, пікірсайысқа жол берді. Емле 
мәселесіне келгенде, «Айқап» пен «Қазақ» газеттері қарама-қарсы екі түрлі бағытта 
болды. «Айқап» бұрынғы дәстүрлі әліпби жүйесі мен емлені қолдаса, «Қазақ газеті» А. 
Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен жаңа емле принциптерін жақтады. Ғалымның 
реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни, дыбыс үндестігі заңдылығына сүйеніп, ғылыми 
негізде жасалған болатын. Сөйтіп, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындап тануы, 
ғылымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік береді. Оның 1912 жылдардан бастап 
ұсынған осы алфавитке негіздеп алған жаңа жазуы («Жаңа емле» деп аталды) іс жүзінде 
қолданыла бастады. Қазақ жазуының белгілі бір кезеңінде қолданылған араб графикасы 28 
әріпті қамтыды және классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесі негізінде жасалды. 
Барлық әріптер дауыссыз дыбыстарды қамтиды, сонымен қатар созылыңқы дауысты а, у, 
и әріптері диакратиялық сызықша (жолдың үстіне немесе астына қойылатын) таңбалар 
арқылы таңбаланады. Араб алфавиті арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің 
негізінде пайда болған. Ол ҮІ ғасырда 22 әріпті қамтыса, ҮІІІ ғасырда олардың саны 28-ге 
жетті. Жалпы араб жазуының кемшіліктерімен қоса, алғашқы қазақ баспасөзінің жазу 
құралы болған араб графикасының қазақ әдеби тілінің қалыптасуына көп септігі 
тигендігін де айта кетуіміз керек. 
Баспа беттерінде жарияланған мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың бір өзінде 
жаңа емлемен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы ұсынған 
«жаңа емле» 191З жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс 
мектептерінде де қолданыла бастады. Жалпы А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесі 
ұлттық қазақ жазуы деп аталды. 
Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиіне пікірлер: 
Е.Д.Поливанов: «Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография»деген 
мақаласында былай дейді: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская 
графика в 1924 году я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в поправлениях и 
представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, 
которым с полным могут гордиться киргизские деяте-ли просвещение-создатели 
реформы, как крупным культурным завоеваниям» деген. 
Т.Шонанов: «Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білместігінен, 
миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ 
алфавитін жасауы іс жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі болатын, 
біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің заңдылықтары 
бойынша жаңа әріптер белгілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты. 
Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем қажетсіз 12 араб әрпін әліппеден алып тастады. 
Бұл жазу емлесіндегі көптеген қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да Ахметтің жаңа 
алфавиті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайдасын тигізетін құбылыс 
еді. Жаңа алфавит тілдің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемді 
мәдениетпен арласа түсу жолын жеңілдете түсті». 
М.Дулатов: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай өзгертілген 
әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан 
шыққандары жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, 
оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше бұны 


өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын 
жоймай, өзгерткенін сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып 
өзгерткен... .... Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз 
жоқ. «Қазақ емлесін» мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, 
учитель-дер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмірлерінің көбінен 
көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт 
зор» деді. 
М. Дулатов: "Қазақ тілін қолына қалам ұстағаннан бері шылғи қазақша жаза 
бастаған Байтұрсынов қазақ емлесі[н] шығарды, оқу құралдары[н] жазды. Осы екі 
жылдың ішінде "Қазақ" газетасының тіл, емле туралы қылған қызметі көзге көрінерлік 
болды. Екі жылдың ішінде орта есеппен 250 мың дана "Қазақ" нөмірі тарады, жаңа 
сөйлеммен 15-тей кітап шықты, бұлар 45 мың данадай бар. Осының бәрі қазақ арасына 
тарап жатыр. Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз 
жоқ.» 
Қ.Жұбанов: “... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден лайықты (тегінде 
жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте 
қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл 
сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын. 
Р. Сыздық: 1929 жылы «жаңа дәуірдің», «советтік мәдениеттің», қысқасы, 
коммунистік саясаттың тепкінімен латын жазуына алмастырылған қазақ әліпбиінің 
тарихы қалың жұртшылыққа аян. Ол әліпби (графика) араб таңбаларын пайдаланған, бірақ 
араб жазуы емес, ұлттық қазақ жазуы болатын. Кезінде мұны өзге түркі халықтарының, 
орыстың білімпаздары мен қазақ қауымы «Байтұрсынұлы жазуы» деп атаған еді [1], ал 
Ахаңның өзі мұны «Қазақ жазуы» деді. 
Р. Сыздық: Ахаң ғалым, зерттеуші ретінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен оны 
таңбалайтын әріптер жайындағы пікірлерін 1912 жылдардан бастап «Айқап» сияқты 
журнал мен «Қазақ» сияқты газеттің беттерінде білдіре бастайды, өзгелермен айтысады, 
өз жобасын ұсынады, оны түсіндіреді. Ең үлкен жаңалығы — өз әліпбиіне «дәйекші» 
дегенді енгізгені. Сөздің оң жақ шекесіне қойылатын дәйекші белгісі сол сөздің тұтас 
жіңішке оқылатындығын көрсетеді, ал бұл – алфавитті қазақ тілінің ерекшелігі болып 
саналатын үндестік заңдары — сингармонизм дегенге икемдеу амалы екенін көреміз. 
Р. Сыздық: Бұл күнде осы графикамен Шыңжандағы қазақ туыстарымыз бүкіл 
оқу-ағарту ісін, баспа дүниесін жүзеге асырып отыр. Ахаң түзген әліпби мен ол жасаған 
емле тәртібі мұнда өте жақсы қызмет етіп отырғанын айтуға болады. Қытайдағы 
қандастарымыздың еңбегімен жарық көріп жатқан қаншама дүние бүгінгі қазақтың тұтас 
жұртшылығының, яғни казақстандық, монғолиялық, ресейлік, түркиялық, өзбекстандық 
қазақтардың да баға жетпес байлығы, жоғалмас қазынасы, алдағы рухани-мәдени 
азығының мол қоры болып табылмақ. Осындай қазынаның иелерін бір-бірімен 
табыстырып, таныстырып, жалғастырып отырған құралдың бірі – Ахаңның тер төккен 
еңбегі – араб таңбалы «қазақ жазуы», ұлттық жазу. 
Н. Уәли: А.Байтұрсынұлы түзген әліпбиді сол кезеңдегі фонологиялық мектептің 
аға буын өкілдері, әлемдік лингвистиканың көшбасшылары болған Е.Д. Поливанов, 
сондай-ақ Н.Ф.Яковлев тәрізді көрнекті фонологтер аса жоғары бағалады. Түркітанушы 
К.К. Юдахин мен А.М. Сухотин латын жазуына көшкенше қырғыз халқының Байтұрсын 
әліпбиін сол күйінде қолданғанын атап айтады. Мұның өзі Байтұрсын әліпбиінің 
ұлтаралық мәртебесін көрсетеді. 
Махамбет Жүсіпов қазақ тіл білімі тарихында А. Байтұрcынұлының қазақ тілінің 
дыбыстық бірліктер түзілімін дәлме-дәл анықтауы арқылы ұлттық жазудың тұңғыш 
фонемографиялық жүйесін жасағанын атап айтады. 
С. Шардарбекұлы: Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби 
құрастырған қазақтың алғашқы фонологы – Ахмет Байтұрсынұлы. А. Байтұрсынұлы – 


өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдерден 
синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі тұлға. 
А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын белгілі ғалым Н.Уәлиев бір 
сөзбен былай деп түйген еді: “Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби 
түзушілерді атайды (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай болса қазақ 
тіл біліміндегі алғаш фонолог – А.Байтұрсынұлы”. 
І.Ахметұлы: «Қазақстаннан шыққан Ахмет бұрынғы араб әліппесін өзгертіп, қазақ 
әліппесін жазды. Неше жылдай қазақ елін шоқындырмақ болған миссионерлер, қазақ 
еліне үлгі көрсетіп, әліппе жасап бермек болған орыс білімпаздарының қолынан келмеген 
нәрселер Ахаңның ғана қолынан келді. Ахаңның дәйекшесін орыс білімпаздары да ілім 
жолындағы үлкен табыстың біріне қосып отыр» - дейді. 

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау