Дәрістер тезистері 1 – дәріс


Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 99,17 Kb.
бет13/38
Дата10.02.2022
өлшемі99,17 Kb.
#37425
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Дәріс тезистері

1. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.

10 сыныптың физика курсындағы «Молекула-кинетикалық теория» тақырыбын өткенде химиямен пәнаралық байланысты ескеру қажет (молекула, мольдік масса, Авогадро заңы және т.б.). «Физика 10» оқулығында 8 сыныптың химия курсында өткен молекулалық масса, моль және т.б. туралы материал берілген. Сондықтан бұл материалды қайталау ретінде кейбір жаңа фактілерді және физикалық есептер шешуді берген дұрыс. Алайда «молекула және атом» ұғымын нақтылау керек, өйткені 8-9 сыныптарда химия курсында, сонда-ақ 7 сыныптың физика курсында молекулаға дәл анықтама берілмейді. Химия курсында физика курсының есептерін шешу кезінде қажет болатын Авогадро заңын да қысқаша қайталайды. Оқушылардың 8 сынып химия курсынан алған білімдерін 10 сыныпта молекулалық физиканы өткен кезде пайдаланған жөн. Молекула массасын және зат мөлшерін зерделеуге арналған сабақты қайталау-жалпылау сабағы ретінде өткізген дұрыс.



«Термодинамика негіздері» бөлімінде жылу қозғалтқыштарын қарастыруда оқушылардың технологиядан алған білімдерін (7-9 сыныптар): іштен жану қозғалқышының (ІЖҚ) құрылысы мен жұмыс істеу принципін, ІЖҚ түрлерін және олардың қысқаша тарихын, ІЖҚ-ның ауыл шаруашылығындағы маңызы мен олардың даму болашағын пайдаланған дұрыс. Ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте қолданылатын заманауи ІЖҚ-ы туралы кейбір мәліметтер келтірген дұрыс. Мысалы, автомобильдік карбюраторлық ІЖҚ-ның ПӘК-і 25%-ға тең, трактордағы (дизельдік) неғұрлым жетілдірілген қозғалтқыштарда және авиациялық бензиндік қозғалтқыштарда – 28-30%. Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқушыларды әдетте ұшақтарға орналастырылған турбореактивті қозғалтқыштардың ПӘК-і туралы сұрақ қызықтырады. Ол тек 15-20%-ға тең, бірақ оны пайдалану үлкен жылдамдықтарға байланысты.

«Будың, сұйықтың және қатты денелердің қасиеттері» тақырыбында физика мен химияның пәнаралық байланысын жүзеге асыру көзделеді: кристалдық торлардағы байланыс типтері, техникадағы материалдарды өндіру және қолдану. Әсіресе оқушылардың назарын терминдерді дұрыс қолдануға және кристалдардағы байланыс типтері туралы кейбір мәліметтерді нақтылауға аудару қажет. 8 сыныптың химия курсы оқушыларда молекулалардың коваленттік және иондық байланыс типтері туралы білім қалыптастырады.

Физика сабағында «Кристалдардың құрылымы мен қасиеттері» және «Қатты денелердің механикалық қасиеттері» атты кинофильмдерді, кестелер жиынтығын, материалдар кол­лекциясын (болат, шойын, бетон) пайдаланған тиімді. Денелердің деформациясын оқып үйрену кезінде технология пәнімен байланыс жүзеге асырылады. Бұнда «Созылу және сығылу деформациясы», «Ығысу деформациясы» киноүзінділерін көрсету пайдалы.

«Электродинамика» бөлімінің «Электр өрісі» тақырыбында бағдарлама физиканың тек қана математикамен өзара пәнаралық байланысын пайдалануды ұсынады. Мысалы, кернеулік, электр өрісінің күші сияқты векторлық шамалар параллелограмм ережесі бойынша қосылады. Сандық есептерде координаттар жүйесін, тригонометриялық функцияларды және бірінші және екінші ретті теңдеулерді шешуді жиі пайдаланады. Сондықтан математика курсындағы бұл мәліметтерді өз уақытында (ең дұрысы тақырыптың басында) қайталап алу қажет.

«Тұрақты ток заңдары» тақырыбында физиканың математикамен байланысы функцияны графикпен кескіндеуде, заңдардың формулаларын зерттеуде және есептер шығарғанда жүзеге асырылады. Мысалы,

Ι=U/R; Q=I2Rt; I=ε/R+r

формулаларын қолданған кезде балалардың назарын осы шамалардың функционалдық тәуелділігіне аударады және R = соnst болғандағы Ι= f (U) фунциясының, U = соnst болғандағы Ι= f (R) функциясының және т.б. графиктерін сызу ұсынылады. Ал асқын өткізгіштік құбылысын қарастырғанда температура төмендеп, асқын өткізгіштік аймағына енген кездегі ρ = f (T) тәуелділігінің графиктік кескінінің айырықша түрде болатынын түсіндіреді.

«Магнит өрісі» тақырыбын өткенде өріс және зат туралы ұғымдар дамытылады. Бұл оқушыларды қоғамтануды зерделеуге дайындайды (алдағы уақытта пайдаланылатын пәнаралық байланыстар). Математикадан белгілі вектор және скаляр шамалар туралы ұғымдар магнит өрісіне қатысты нақтыланады.

Векторлық шамалар Лоренц күшін өткенде және есептер шығарғанда кеңінен пайдаланылады. Сондықтан бұл мәселелерді алдын ала геометрия курсынан қайталап алу қажет. Физика сабағында электр өлшеуіш құралдарды зерделегенде технология пәнімен пәнаралық байланыс ескеріледі. «Ампер күшін қолдану» мәселесін қарастыру кезінде технологиядан (9 сынып) коллекторлық қозғалтқыштың жұмыс принципі мен құрылысы туралы алған білімдерді ескерген тиімді; сонымен қатар олардың даму болашағы туралы мәліметтер келтірген дұрыс.

«Әртүрлі ортадағы электр тогы» тақырыбында физиканың химиямен және технологиямен пәнаралық байланысы жүзеге асырылады. Физика сабақтарында жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттерін қарастыру оқушыларға химия курсынан (8 сынып) белгілі коваленттік байланыстар туралы ұғымға сүйенеді. Таза жартылай өткізгіштің электрондық-кемтіктік өткізгіштігі, п- және р-типті жартылай өткізгіштер де олардың кристалдық құрылымы мен коваленттік байланыстарының ерекшеліктерін қарастыру негізінде түсіндіріледі. Жартылай өткізгіштердің техникада қолданылу мысалдарын қарастыру кезінде оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін ескермеуге болмайды (6-8 сыныптар).


жүктеу 99,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау