3. Пәнаралық мазмұндағы есептер
Физика пәні мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінде 9 сыныптың физика курсы бойынша есептер шығару әдістемесінде белгілі бір жүйе (кинематика, динамика және сақталу заңдары тараулары бойынша есептер таңдау және шығару әдістері, қорытынды сабақтар) қалыптасқандығы мәлім. Пәнаралық мазмұнды есептер шығару осы жүйені бұзбауы тиіс, керісінше, онымен органикалық түрде үйлестірілуі қажет. Сондықтан мұғалім 9 сынып физика курсындағы сәйкес тақырыптарда өз еркінше пайдалана алатындай пәнаралық мазмұндағы неғұрлым типтік есептерді талдап қарастыру ұтымды болып табылады. Пәнаралық байланыстары бойынша олар үш бағытты қамтиды: физика мен математиканың байланысына арналған есептер; физика мен технологияның байланысына арналған есептер; физика мен алғашқы әскери дайындық пәнінің байланысына арналған есептер. Оларды шешуде таза физикалық мазмұнды есептерді шешкендегідей жалпы тәсілдерді қолданады: анализ-синтез әдісі, координаталық әдіс, алгоритмдерді қолдану, модельдеу.
Материалды қайталағанда және бекіткенде немесе өздік бақылау жұмыстарын жүргізгенде пәнаралық сипаттағы есептерді де қамтыған тиімді.
Мысалы:
Спортшы бассейнді ұзындығы 25 м оң жақ су жолымен екі рет (ары-бері) жүзіп өтті. Осы спортшының траекторияның бастапқы, ортаңғы және ақырғы нүктелеріндегі координаталарын, сондай-ақ барлық қозғалыс уақытындағы жүрген жолы мен орын ауыстыруын график арқылы анықтаңдар.
Жауабы. х0 = 0; х1 = 25 м; х2 = 0; l=50 м; ѕх = 0.
2. Экваторға ағып келетін пассат желдері неліктен өз бағытымен салыстырғанда батысқа қарай ығысады (солтүстік жартышарда оңға қарай, ал оңтүстік жартышарда солға қарай)?
Жауабы. Экватордан қайсыбір қашықтықтағы ауа Жер айналған кезде (батыстан шығысқа қарай) экватордағы ауаға қарағанда баяуырақ қозғалады. Сондықтан, ауа экваторға ағып келгенде инерция бойынша өзінің аз айналу жылдамдығын сақтай отырып, батысқа қарай ығысады.
5 - дәріс
Тақырып: 10 сынып «Физика» курсындағы пәнаралық байланыстар.
Жоспары:
1. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға арналған әдістемелік нұсқаулар.
2. Физикадан алған білімдердің басқа пәндерде пайдаланылуы.
3. Пәнаралық мазмұндағы есептер.
Достарыңызбен бөлісу: |