Дәрістер тезисі


Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік топтарды жіктеудің негізгі критерийлері



жүктеу 0,49 Mb.
бет18/41
Дата02.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39972
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-3

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік топтарды жіктеудің негізгі критерийлері.
Әлеуметтік стратификация процесі, әсіресе қазіргі біздің қоғамымыз бастан кешіріп отырған күрделі өзгерістер кезеңінде айрықша күрделі және сан қырлы; әлеуметтік құрылымның даму қарқыны кей кездері оны зерттеу қарқынынан озық келеді. Егер де біздің қоғамымыздың қазіргі жай-күйін және оның әлеуметтік стратификациясы жүйесі дамуының негізгі үрдістерін жалпы сипаттауға тырысар болсақ, онда оны былай көрсетуге болады: халықтың қарқынды жіктелуі мен реттелуі, жаппай төмендеп бара жатқан икемділік. Тоталитарлық дәуірден кейінгі қоғамның әлеуметтік құрылымы әр түрлі әлеуметтік факторлардың ықпалымен қалыптасады: барлық әлеуметтік- экономикалық, саяси, мәдени, білім беру инстиуттарының қоғамдық нысаны және де бірінші кезекте меншік пен билік институттары өзгереді. Терең қоғамдық төңкеріс және әлеуметтік құрылымды жасақтайтын әлеуметтік негіздер мен реттеуіштердің түрлену процесі жүреді. Әлеуметтік құрылымның негізгі құрамдас бөліктері - топтар мен қауымдастықтардың табиғаты өзгереді, олар меншік пен билік субъектілері ретінде қайта қалпына келтіріледі. Әлеуметтік страталарды толтыру механизмдерінің өзі өзгереді, ұрпақтар сабақтастығы немесе отбасылық-демографиялық факторлар негізінде қолданыста болатын бұрынғы әлеуметтік ұдайы өндіру механизмдерінің орнына ұлттық және оңтайлы экономикалардың өзгеру процестеріне “енгізілген”, атап айтқанда, кәсіпкерлік пен жалдау шарттарының өзгеруі механизмдері келеді.
Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:
1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.
2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).
3. Бұрынғы социалистік елдердің жіктелу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ. Біздің бүгінгі қазақстандық қоғамымызға келер болсақ, оның стратификациялық жүйесі, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, екінші үлгі нысанына ие - бүйір жақтары ойыңқы пирамида. Бұл пирамиданың төбесінде негізінен ірі бизнесмендерден, сондай-ақ көрнекті саяси және мемлекет қайраткерлерінен тұратын жоғары тап орналасқан.
Кәсіпкерлік болса, қызметтің бір түрі ретінде - тек заңды ғана емес, аса
жауапты шаруа ретінде өзін ақтап отыр. Бизнесмендер өз кәсіптерінің рейтингтері бойынша спортшылар мен эстрада артистерін едәуір артқа тастап, неғұрлым құрметті және танымал адамдарға айналуда. Бизнестің банктер, қаржы компаниялары, жарнама агенттіктері және т.б. сияқты түрлері көркейіп келеді.
Соңғы жылдары елімізде, әр түрлі сарапшылардың пікірі бойынша, жалпы халықтың 3%-дан 10%-ға дейін құрайтын меншік иелерінің жоғарғы тобы (әлеуметтік пирамиданың ұшы) қалыптасты. Қоғамда әлеуметтік түп те (пирамиданың табаны) пайда болды, олардың тіршілік деңгейі кедейліктен де
төмен. Eнді ғана орнап келе жатқан нарықтық экономика үшін қалыпты жағдай болатын мүліктік теңсіздіктердің тереңдеуі, бағалардың босатылуы қоғамның едәуір бөлігінің кедейленуіне әкелді, экономистердің есептеулері бойынша халықтың 70%-дан 85%-ға дейінгі бөлігін кедейлік деңгейіне немесе ол деңгейден төмен қоюға болады.
Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік пирамидасының орта тұсы әлі
мардымсыз. Осы орынды иеленуі тиіс орта тапты жасақтау енді ғана басталып келеді. Қазақстандық орта тап негізінен жеке адамдық жолмен емес, топтық тік мобильділік жолымен жасақталатын болады және әлеуметтік пирамиданың
орта бөлігі қоғамның бизнеске, кәсіптік еңбекке және мансапқа бет бұрған әлеуметтік топ өкілдерімен біртіндеп толығады. Бұл ретте орта тапты жасақтау бүгінгі қоғамның мынадай топтарының: кәсіпкерлердің, менеджерлердің, жоғары білікті жұмысшылардың, өндірістік шаруалардың, фермерлердің есебінен жүретін болады. Егер де даму процесі батыстық қоғамдар сияқты, әрине, өз ерекшеліктерімен жүретін болса, онда экономикалық құрылымдағы өзгерістердің салдарынан орта тап ескі әлеуметтік топтар мен таптарды жұта бастайды да, шешуші қоғамдық күшке, азаматтық қоғам дамуының өзіндік кепіліне айналады.
Қорытындылай айтқанда стратификация мәселесі бойынша Батыс социологиясында өте көлемді, терең мағыналы, ғылыми жағынан құнды зерттеулер аз емес. Бұл зерттеулердің көпшілігі топты айыру мәселесіне көп көңіл көңіл бөледі. Белгі, критерий деген түсініктер зор маңызды категориялар. Жинақтай келгенде, тағы да қайталай айтқанда меншіктің түрлері де аз емес. Мысалы, жеке меншік, мемлекеттік меншік, осы белгілер, критерийлер мынадай көрініс береді:
1. Кіріс, табыс, шығыс. Осы белгі бойынша топтардың материалдық жағдайын ажыратуға мөмкіндік туады. Жеке, ұжымдық меншік, корпорациялық, акционерлік меншік, т. б. Бірақ та, ресми түрде айтқанда меншіктің екі ғана типі болады. Біріншісі, мемлекеттік меншік, екіншісі, жеке меншік, яғни мемлекеттік емес меншік. Осы жеке меншіктің формалары әртөрлі болуы мөмкін. Мысалы, жеке адамның, тұлғаның меншігі, бірнеше адамның, яғни топтың меншігі, өлкен топтардың, яғни таптың меншігі, үлкен топтардың акционерлік меншігі т. б. Меншік мәселесі өте көрделі мәселе. Бірақ та, Батыс социологиясында топтың экономикалық статусын белгілейтін
құбылыс меншік емес, кіріс, табыс, шығыс.
3. Билік. Батыс социологиясында бұл категория топтың белгісі ретінде өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, Р. Дарендорфтың концепцияларында бедел, билік қазіргі қоғамда жеке адамның, топтық қоғамдағы орнын, статусын белгілейтін ең басты көрсеткіш. Егерде біз әкімшілік, мемлекеттік билікті алатын болсақ, оның иелері чиновниктердің статусының көпшілік елдерде, әсіресе Шығыс елдерінде, өте жоғары екенін байқаймыз.
4. Мамандық. Осы кезеңдегі статистикаға сүйенсек дамыған елдерде төрт мыңнан астам мамандық бар екен. Ал осы мамандықтар топтарға бөлуде өте маңызды роль атқарады. Кейбір кәсіби мамандықтар болашағы бар, құнды, ал кейбіреулерінің беделі төмендеуде. Бұл мәселе әрине қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани дамуына байланысты. Қалай болғанда да, адамдардың көпшілігі өзінің кәсіби мамандығына байланысты топтасады.
5. Білім. Жеке адамдардың, топтардың статусын, орнын, атқаратын функциясын өзгертуге білім аса маңызды роль атқаруда. Жоғарғы білімі, не арнайы білімі бар адамдардың ой еңбегі саласында орын алатын кәсіби мамандықтары бар. Ал арнайы білімі жоқ адамдар тобының статусы төмен, олардың көпшілігі төменгі тапқа, яғни кедей тапқа жататынын бекерге шығаруға болмайды Жеке адамның, жеке әлеуметтік топтың мәдениеті қоғамда тиісті орын алуы керек. Өркениетті елдерде мәдениет жоғары бағаланады. Бұл мағынада, қазіргі елдерде, мәдениет дегеніміз адамдардың, топтардың, страталардың белгілі бір стандарттағы әлеуметтік тәртібі, нормасы, жөріс-тұрысы, өмір- салты, өмір стилі, технологиясы, ғылымды меңгеруі, еңбек мәдениеті, әлеуметтік қатынастар, адамдардың байланысының, қатынастарының мәдениеті. Бұл жерде ұлттық, не болмаса жалпы халықтық мәдениет туралы сөз болып отырған жоқ.
6. Саяси, әлеуметтік, діни, т. б. көзқарастар. Әрине, бұл құбылыстардың жеке адамдарды, топтарды ажыратуда маңызы бар екендігі сөзсіз. Мысалы, саяси бағыт, саяси партияларға кіру не кірмеу, белгілі бір идеологияны жақтау, не оған қарсы шығу, саяси оппозицияда болу, не оған қарсы шығу, не болмаса осының бәріне бейтарап қарау – осының бәрі жеке адамның, не топтың статусын, таптық орнын белгілеуге әсер етеді. Сол сияқты топтардың дінге қатынасы. Бұл қатынас әлеуметтік жіктеуге тікелей әсерін тигізбейді, бірақта кейбір діндердің ішінде иерархиялық топтарға бөлінуіне жол береді.


Тексеру сұрақтары:

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымын, оның негізгі элементтерін қалай түсіндірер едіңіз?

  2. Қоғам теңсіздігін әлеуметтанудағы құрылымдық-функционалды, конфликтология, символдық интеракционизм теориялары тұрғысынан қалай сипаттауға болады?

  3. Қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымын қалай сипаттар едіңіз?

  4. Орта тапты бағалаудың басты критерийлерін қандай болуы керек?

  5. Орта таптың қоғамның тұрақтылығы үшін маңызы қандай?



Әдебиеттер

  1. Аженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы: Оқу құралы. Алматы, 2012 ж. http://elib.kaznu.kz/book/13078

  2. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 ж.

http://elib.kaznu.kz/book/1207

  1. Садырова М.С. Әлеуметтану теорияларының қазіргі даму бағыттары мен құрылымы. Электрондық оқу құралы. Алматы, 2013 ж.

http://docplayer.org/86829345-@leumettanu-teoriyalarynyn'-k'azirgi-damu-bag'yttary-men-k'u'rylymy-elektrondyk'-ok'u-k'u'raly.html

  1. Биекенов К.Ү., Оспанов С.И., Садырова М.С., т.б. «Социологиялық сөздік». Алматы, 2003 http://elib.kaznu.kz/book/13067



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау