Дәрістер тезисі



жүктеу 0,49 Mb.
бет1/41
Дата02.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39972
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-3


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИЕТІ


ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ


ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫ
(MSPZ 1103) ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША


ДӘРІСТЕР ТЕЗИСІ
МАМАНДЫҚТАР:
2022-2023 оқу жылының күзгі семестрі
Компьютерлік инженерия (6B06103), Деректер туралы ғылым (6B06107), Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер (6B05206), Геодезия және картография (6B07301), Туризм (6B11101), Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі (6B11103)
2 КРЕДИТ
Алматы, 2022
1-дәріс. Әлеуметтану ғылымы, оның объектісі мен пәні

Дәрістің жоспары:



  1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың құрылымы

  2. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері

  3. Әлеуметтанудың пәні, объектісі, басқа қоғамдық ғылымдармен байланысуы



Дәрістің мақсаты: әлеуметтанудың ғылым ретіндегі пәні мен объектісін, міндеттері мен атқаратын қызметтерін және басқа қоғамдық ғылымдармен байланысын қарастыру.

Адамзат баласын ерте заманнан-ақ әлеуметтік мәселелер толғандарған. Қоғамның құрылымы (бай мен кедей, адамның проблемалары) туралы алғашқы ойларды антикалық философтар айтқан (Платон, Аристотель). Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғанына көп болған жоқ. Басқа қоғамдық ғылымдармен салыстырғанда анағұрлым жас ғылым. 1839 жылы француз математигі, философ Огюст Конт «Социология» (Әлеуметтану) терминін ғылыми айналымға енгізді. Социология термині латынның societas – қоғам, гректің logos- оқимын, зерттеймін деген сөздерінен шыққан.


Әлеуметтану – қоғам туралы ғылым. Әлеуметтану ғылымы қоғамның даму заңдылықтарын, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстарды, әлеуметтік процестерді, әлеуметтік байланыстарды, әлеуметтік институттарды, әлеуметтік қатынастарды зерттейді. Зерттеу барысында нақты фактілерді жинап, оны талдап, соның негізінде ғылыми қорытындылар жасайды.
Әлеуметтанудың мәні – қоғамды жетілдіру, жетілдіруге қатысу. Яғни статистикалық материалдар, социологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде тиімді басқару үшін оптимальды шешімдер шығару; немесе әлеуметтік проблеманы көрсетіп беру.
Қоғам – көптеген ғылымдардың объектісі болып табылады. Әлеуметтану қоғамды зерттейтіндіктен, қоғамды зерттейтін басқа ғылымдармен тығыз байланысады: тарих, экономика, саясаттану, дін, мәдениет, психология, т.б. ғылымдар. Бұл ғылымдардың қоғамды зерттеу әдістері, теориялары ортақ. Мысалы, психология, экономика, саясаттану, антропология, миграциология, дінтану, этнография сынды ғылымдар бір-бірінің теориялық базасын толықтырып отырады. Бұл ғылымдардың шығу тегі бір. Көптеген қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік философияның аясында пайда болған. Әлеуметтік философия – философияның бір саласы. Ол нақты бір тарихи оқиғаларға сүйене отырып нақты қорытындылар жасайды. Алайда бұл ғылымдардың зерттеу пәні әртүрлі болады. Зерттеу пәні осы ғылымдарды бір-бірінен ерекшелеп тұрады. Мысалы, психологияның пәні – тұлғаның ішкі жан-дүниесі, сапасы болса, әлеуметтану – тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас, коммуникация, рольдік қатынастарды зерттейді. Саясаттану азаматтық қоғамды қарастырса, әлеуметтану сол азаматтық қоғамды құраушы адамдар арасындағы байланыстар, адамның көзқарасы, мотивтерін қарастырады.
Әлеуметтану – эмпирикалық ғылым, яғни тәжірибеге сүйенеді. Сондықтан кейбір жаратылыстану ғылымдарымен де байланысады: математика, статистика, география, т.б.
Әлеуметтану – қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік байланыстарды қарастырады. Әлеуметтану адамның қоғамда алатын орнын анықтайды.
Сонымен, әлеуметтанудың зерттеу объектілері –
Біріншіден – қоғам. Әлеуметтануда «Қоғам» адамдар арасында болып жататын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Кез-келген қоғам экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани салалардан тұрады.
Екіншіден – жеке адам. Жеке адам да, қоғам да барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар объектісі болып табылады. Әлеуметтану жеке адамның биологиялық, әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерін сипаттай отырып, кешенді зерттеледі.
Үшіншіден – әлеуметтік топтар мен страталар. Әлеуметтік топтар мен страталар адамдардың әлеуметтік рөліне, атқаратын қызметіне, әлеуметтік мәртебесіне байланысты жіктелуі. Мысалы, сіздер «қай топтың мүшесіміз?»-деген сұраққа жауапты осы әлеуметтану пәнінен ала аласыздар.
Төртіншіден – әлеуметтік институттар. Әлеуметтік институттар адамдардың мақсатына, атқаратын қызметтеріне, әлеуметтік байланыс түрлеріне қарай ресми түрде әртүрлі ұйымдарға мүше болуы. Сіздерде «мен қандай әлеуметтік институтқа мүшемін?» - деген ой туындауы мүмкін. Сіздер қазір отбасы, білім инстиутына мүше болып отырсыздар.
Бесіншіден – әлеуметтік процестер. Әлеуметтік процестер адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара байланыс негізінде әртүрлі бағытта қалыптасады. Экономикалық, саяси, мәдени, ұлттық, инновациялық, тағы да басқа процестерді атауға болады.
Әлеуметтанудың зерттеу объектісіне талдау жасау, бұл ғылым саласының қарастыратын мәселелерінің аясының кеңдігін көрсетеді.
Енді әлеуметтанудың пәніне тоқталайық:
Бірінші: Жалпы теориялық әлеуметтану алуан түрлі әлеуметтанулық теориялардың жиынтығы. Яғни қоғамды, адамды зерттеудегі жалпы деңгейде қолданылатын теориялар.
Екінші: Орта деңгейдегі не арнайы әлеуметтанулық теориялар қоғамның негізгі салаларын терең зерттейтін әлеуметтанулық ғылым саласы. Алпыстан аса орта деңгейдегі әлеуметтанулық терориялар қалыптасты. Олар отбасы, экономика, саясат, мәдениет, тағы басқа мәселелерді терең зерттеуге бағытталған.
Үшінші: Микро әлеуметтану нақты ұйымдар, әлеуметтік институттар деңгейіндегі мәселелерді қарастырады. Бұл бөлім нақты әлеуметтанулық зерттеулерді қамтиды.
Әлеуметтану бір сөзбен айтқанда қоғамды зерттейтін ғылым, яғни, қоғамды макро, мезо- және микро- деңгейлерде зерттейді.
Макро деңгейде: қоғамды тұтастай қарастырады;
Мезо деңгейде:
- жекелеген институттар шеңберінде. Мысалы, отбасы, білім, мәдениет саласы, экономика, әскери сала, қызмет көрсету саласы, т.б.
- әлеуметтік топтарды зерттейді. Мысалы, жастар, жұмыссыздар, этностар, кәсіпкерлер, т.б.
- әлеуметтік процестерді зерттеу: урбанизация, кедейлік, БАҚ, әлеуметтік жанжалдар, қозғалыстар, т.б.
Микродеңгейде: адамның күнделікті іс-әрекеті, қоршаған ортамен байланысын, жүріс-тұрысын зерттеу, яғни тұлғалық деңгей.
Әлеуметтанудың құрылымы:

  1. Теориялық әлеуметтану (қоғамдағы фундаментальды мәселелер)

  2. Эмпирикалық немесе қолданбалы әлеуметтану (әлеуметтік құбылыстарды зерттеу. Неге, не себепті деген нақты сұрақтарға жауап алуға болады).

Әлеуметтанудың атқаратын қызметі, қоғам үшін маңыздылығы:
- теориялық-танымдық (әлеуметтану ғылымы аясында қоғамды танып білуге болатын жаңа теориялар шығады);
- мәдени-ағартушылық;
- дүниетанымдық (белгілі-бір дүниетанымды қалыптастырады. Дүниетанымы қалыптасқан адамды әдетте, әлеуметтік-психологиялық тұрғыда тұрақты адам дейміз);
- әлеуметтік-болжамдық;
- басқару;
- әлеуметтік қайта құру.
Сонымен, әлеуметтану ғылымының зерттеу пәні – қоғамның әлеуметтік өмірі, адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған барлық құбылыстар мен процестер. «Әлеуметтік» деп адамға қатыстының барлығын айтамыз. Әлеуметтік өмір деп отырғанымыз адамдар тұрақты қауымдастықтарының арасындағы байланыстар. Әлеуметтік қауымдастықтың 7 түрі бар:

  1. Әлеуметтік қабаттар, таптар: жұмыссыздар, жұмысшылар, қызметкерлер, кәсіпкерлер, әскерилер, байлар, кедейлер, феодалдар, ақсүйектер, т.с.с.

  2. Әлеуметтік-демографиялық (жасы, жынысы): әйел, еркек, бала, қарт, жастар

  3. Әлеуметтік-территориялық: ауылдық, қалалық, солтүстік, оңтүстік, т.с.с.

  4. Әлеуметтік-этникалық: ұлттар, халықтар, этностар, диаспоралар, ру

  5. Әлеуметтік-кәсіби: дәрігерлер, мұғалімдер, әскери, инженер, т.с.с

  6. Діни қауымдастықтар: исламдық, буддизм, секталар, т.с.с

  7. Тұлғааралық қауымдастықтар немесе қызығушылықтары бойынша бірлескен топтар: отбасы, достар, спорт, субмәдениет өкілдері, т.с.с

Әлеуметтану осы қауымдастықтар арасындағы байланыстарды зерттейді. Қалалық пен ауылдық, кәсіпкер мен жұмыссыз, ұлттар мен дін, т.б. осы байланыстарды объективті түрде, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып түсіндіреді. Сонымен қатар әлеуметтану, қауымдастық деңгейінде ғана емес, осы қауымдастықтарды құрайтын жекелеген индивидтер арасындағы байланыстарды зерттейді.


Тексеру сұрақтары:

  1. Әлеуметтану ғылымына алған ақпараттар негізінде өзіңіздің анықтамаңызды беріңіз.

  2. Әлеуметтанудық басқа ғылымдар саласынан ерекшелігін анықтаңыз.

  3. Әлеуметтанудың зерттеу объектілеріне талдау жасаңыз.

  4. Әлеуметтаудың құрылымын сипаттаңыз

  5. Әлеуметтанудың атқаратын функцияларының өзара байланысын көрсетіңіз.



Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  4. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

  5. http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы


жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау