Өлшеулер жүргізу: Құты салмағын динамометр көмегімен анықтаймыз. Құтының ұзындығы– l мен ені– a-ны сызғышпен өлшейміз: S = l h. ρc–ны кестеден анықтаймыз.
Есептеу: Өлшеулерді өрнекке қойып h–тың мәнін анықтаймыз.
Тәжірибе арқылы тексеру: Түсті жолақпен құтының бату тереңдігін белгілеп өлшеді.
2–мысал: Иіндері бірдей рычагқа массалары бірдей, көлемдері әр түрлі екі дене ілінген. Оларды суға батырсақ тепетеңдік бұзылады ма?
Талдау: Оқушылармен әңгімелесу арқылы суға батырылған денеге ығыстырушы күш әсер ететітн анықтайды. Оның шамасы дене көлемі мен сұйық тығыздығына пропорционал болады. Көлемі кіші денеге шамасы аз ығыстырушы күш әсер етеді. Сондықтан суда көлемі кіші дене басып кетеді.
Нәтижені тексеру: Бұл есепте тәжірибе тек көмекші қызмет атқарады. Есеп онсыз да шығарылады, ал тәжірибе жасап тексеру есеп нәтижесін талдау маңызын арттырады.
3–мысал: Электр қондырғысы берілген. Шкаласы жабық тұрған V2 вольтметрінің көрсетуін анықтаңдар.
Шешімі:
Тізбектің құрылысын талдай отырып, R1 және R2 кедерілердің тізбектей жалғандығын байқаймыз. V1-вольтметр көрсетуі және R1 мен R2 кедергілер мәнін жазып аламыз. Тізбектей жалғанғанда, кернеудің құлауы кедергілерге пропорционал. Яғни,
U2–мәнін есептеп болған соң, есптелген мәнді V2 вольтметрінің көрсетуімен салыстырады.
ДӘРІС №9. Графиктік есептерді шығаруға үйрету әдістемесі. Графикті есептердің зерттеу нысандары. Графиктік есеп түрлері. Графиктік есептер шығарудың негізгі кезеңдері.
Есептің жауабын графиксіз алуға болмайтын есептерді графиктік есептер деп атайды.
Графиктік есептердің зерттеу нысандары – физикалық шамалардың өз ара тәуелділігінің графиктері. Кейбір есептерде график есеп шартында беріледі, екінші бір есептерде графикті оларды есепте берілген деректер бойынша салады. Графиктік есептерді шығаруға қажет білім 5–сыныптың математика пәнінде беріледі, сондықтан 7–сынып физикасында оларды еркін қолдануға болады. Оларға: тығыздық тұрақты болғанда массаның көлемге тәуелділік, сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымының биіктікке тәуелділік, жылдамдық тұрақты болғанда жүрілген жолдың уақытқа тәуелділік–графиктері жатады.
Графиктермен жұмысты қарапайым графиктерді оқып үйренуден бастайды да, тапсырманы физикалық шамалардың сандық байланыстарын табудан, формулалар түзуге дейін қиындатады. Алынған формулаларды қолданып шығарылатын есептер, одан әрі, сандық есептерге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |