Дәрістер тезисі дәріс №1. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны



жүктеу 0,54 Mb.
бет44/47
Дата12.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#40910
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Д рістер тезисі д ріс №1. Есептер шы аруды ма ызы, оларды о у

Білім беру (танымдық) мақсаты: жинақталған білімін типтік есептерді шығарғанда қолдан ебдейліктерін қалыптастыру, электр және магнит өрістерінің ортақ және ерекше қасиеттерін анықтау.
Тәрбиелік мақсат: теорияның маңызын (оның болжай алу қызметін) көрсету.
Дамытушылық мақсат: оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін және деректерді (фактілерді) талдау ебдейліктерін дамыту.
Сабақ жоспары 1–кестеде келтірілген.
1–кесте

Сабақ кезеңдері

Ұзақтығы (минут)

Қарекет түрі



атаулары

1

Кіріспе

3–4

Мұғалімнің хабарламасы, ұйымдатыру кезеңі

2

Оқушылардың білімдері мен ебдейліктерін талдау

10–15

Өздігінен тақтада есеп шығару және жеке тапсырмаларды орындау, сабақа қатысты сұрақтар бойынша сыныппен әңгіме жүргізу.

3

Білім мен дағдыларды жетілдіру

15–20

Дәптерде және тақтада өз беттерінше есеп шығарып, бірін бірі өз ара тексеру

4

Бақылау

5–7

өзіндік жұмыстарды орындау

5

Сабақты қорытындылау

2–3

Мұғалім хабарламасы



1–кезең: Оқушылардың оқу әрекетіне мақсаттануын туғызу үшін, мұғалім өзінің қысқаша баяндамасында электромагнетизм заңдарының маңызы жайлы сөз қылады, сабақ жоспары мен мақсатын анықтайды.
2–кезең: Тақтаға екі оқушы шақырылады, оларға есептер беріледі.
Бірінші есеп шарты мынадай: Индукциясы 0,1 Тл. болатын біртекті магнит өрісінде оның индукция сызықтарына перпендикуляр ұзындығы 70 см өткізгіш орналасқан. Өткізгіштен 70 А ток өтеді. Өткізішке әсер ететін күшті табыңыз. Бұл есепті екі оқушы жарыса шығарады.
Үшінші оқушы тақта алдында мынадай тапсырма алады: Тогы бар өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағытын анықтайтын ережені тұжырымда және демонстрация столындағы қондырғы арқылы көрсет. Қондырғы мынандай құрал-жабдықтардан тұрады: ток көзі, 60 Омдық реостат, таға тәрізді магнит және оның ортасында орналасқан өткізгіш.
Төртінші оқушы Ампер заңынан туындайтын басқа құбылыстарды көрсету керек. Соңғы екі оқушы (үшінші және төртінші) сұраққа алдымен теориялық жауап беріп, оны тәжірибе арқылы дәлелдеу керек. Бұл физикалық тәжірибенің маңызды қызметі – теориялық қорытындылардың дұрыстығын тексеру – екендігі жайлы қорытынды жасаға мүмкіндік береді. Тақтадағы оқушылар жауапқа дайын болғанша, мұғалім басқа оқушыларсұрақ қою арқылы тақырыпты қайталайды.
Магниттік және электрлік өрістің сипаттамалары: өрісті туғызушылар (өріс көздері), қасиеттері (құйынды және потенциалды), өрістің кескінделуі және өрісті сипаттайтын физикалық шамалар– салыстырылады.
Бұл жұмысқа 4–5 минут уақыт бөлінеді. Тақтады оқушылар жауабын тексеру оқушылардың 4, 3, 1, 2 тізбегіндей орындалады. Мұғалім еш нәрсені бағаламайды, тек сыныптан: “Жауап дұрыс па?”; “Есеп дұрыс шығарылды ма?”; “Қандай кемшіліктер бар?” және т.с.с.– сұрақтарға жауап алады.
3–кезең: Тақтаға бір оқушы шақырылады. Ол мына есепті шығарады: Демонстация столындағы қондырғы көмегімен дөгелек өткізгіштегі токтың бағытын және манит өрісі индукция векторының бағытын анықтаңыз.
Б асқа оқушылардың барлығы дәптерлеріне “Есеп шығару” тақырыбын жазып, келесі есепті шығарады: 36суреттегі қондырғыдағы магнит полюстерінің орналасуын анықтаңыз. Оқушылар бұл суретті дәптерлеріне сызып алып, қойылған сұраққа, физика заңдарына негізделген, жауап беру керек. Бұл есеп шығарылып болған соң, тақтадағы оқушы жауабы алдымен теориялық тұрғыда, сонан соң тәжірибе арқылы тексеріледі. Есептің мүмкін болар басқа шешімдері де қарастырылуы керек. Баға қойылмайды, бірақ дұрыс жауаптар атап өтіледі.
Тақтаға тағы да 2 оқушы шақырылады. Олар Физика есептерінің жинағынан (Рымкевич 9–11 сыныптар үшін) екі есеп шығарады.
886: Ауданы 60 см2 контурды қиып өтетін магнит ағыны 0,3 мВб-ге тең. Орам ішіндегі индукция векторының мәнін анықтаңыз. Өрісті бір текті деп есептеңіз.
890: Бойынан 25 А ток өтетін, белсенді бөлігінің ұзындығы 5 см өткізгішке 50 мН күш әсер етсе, магнит өрісінің индукциясы қандай болғаны? Өткізгіш индукция векторына перпендикуляр орналасқан.
Басқа оқушылар осы кезде №892 есепті біршама түрлендіреді: Ұзындығы 20 см массасы 4 г горизонталь орналасқан өткізгіштен 10 А ток өтеді. Осы өткізішті магнит өрісіне орналастырғанда, өткізгішке әсер етуші Ампер күші аурлық күшін теңестіру үшін, магнит өрісінің индукция векторы қандай болу (модулі және бағыты боынша) керек.
Біраз уақыттан соң оқушылар тақта шығарылғандардың есебін тексереді. Жауап берушілер қарастырылған құбылыс пен есеп шығару тәсілі жайлы, математикалық амалдарды қарастырмай, байыппен әңгімелеп беру керек. Онан кейін тақтаға бір оқушы шақырылады, ол № 892 есепті суретін салып, барлық математикалық түрлендірулерді жүргізе отырып шығарады.
Басқа оқушылар өздерінің шығарғанын тақтадағымен салыстырады.
К
елесі қадам – оқушылардың білімдері мен ебдейліктерін жетілдіру. Білімді өзгертілген жағдайларда қолдану оқушылардың өй-өрісін және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Ол үшін оқушыларға адын ала дайындалған үш түрлі кескін (37сурет)көрсетіледі.
Тапсырма: Суретте көрсетілген үш түрлі жағдай үшін есептер құрастырып, оны шығарыңыз.
Бір ғана суретке бірнеше есеп, әсіресе, бір-біріне қарама-қарсы есептер құрастырып, шығарған оқушылар ерекше марапатталуы керек. Есепті шығару және оны талқылау сыныптағы оқушыларды жандандырады. Есеп шығару үрдісі кезінде, түрлі сурет есептер салыстырылады және есептер негізінде жататын физикалық құбылыстардың бірлгі айқындалады.
4–кезең: Бақылау кезеңінде барлық оқушылар келесі есепті жарыса шығарады: Ауданы 0,1 м2, бойынан 0,5 А ток өтетін контурға бір текті магнит өрісінде 0,01 Н·м күш моменті әсер етеді. Магнит өрісінің индукция векторының шамасын анықтаңыз. Контурдағы ток шамасын екі есе арттырса не болады? Қарастыратын жағдай қайда қолданылады?
Бұл есепті шығару оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеруге, механикадан оқыған заңдар мен құбылыстарды (күш моментін) есіне түсіруіне және оқылатын физикалық құбылыстың қолданылу аясын ой елегінен өткізуіне мүмкіндік береді.
5 – кезең: Сабақты қорытындылау кезеңінде, оқушылар мұғаліммен бірге есептің қандай заңдарға және қандай тәсілмен шығарылғандығын айқындайды. Сабақ соңында есеп шығарған 8 оқушыға баға қойылады, екі оқушының дәптері тексеруге алынады.

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау