Есептің шартын және шешуін жазу тәсілдері.
Есеп: 24 В кернеу беретін батареяға 15 Ом болатын екі шам және электр қоңырауы тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток 0,3 А. Қоңыраудың кедергісін табыңдар.
Е С Е П: Ш Е Ш У І:
Берілгені:
Электр тізбегі
В
Ом
А
|
1. қоң = жал - ш, өйткені өткізгіштер тізбектей жалғанған.
2. жал = - Ом заңы бойынша, ш = 2 .
3. жал = - .
Есептеулер: қоң = 15 Ом = 50 Ом.
Ж
ауабы: қоң = 50 Ом.
|
Т/к қоң-?
|
Физикалық есепті шығару дегеніміз не?
Физикалық есепті шығару - бұл оның жауабын ғана табу емес, одан күрделі нәрсе. Физикалық есепті шығару үрдісінің мәнін түсіну үшін, келесі есептердің толық шығарылуын қарастырайық.
Мысал: Мылтықтан тік жоғары бағытталған оқ атылған. Массасы 10г қорғасын оқ 300м/с жылдамдықпен ұшып шығып, 500м биіктікте жылдамдығы 284м/с горизонталь ұшып бара жатқан тура сондай оқпен соқтығысады. Абсолют серпімсіз соқтығыстан кейін олардың қорытқы кинетикалық энергиялары қандай болады және оқтардың температурасы қаншалықты өзгереді.соқтығысу кезіндегі оқтардың температуралары бірдей болған. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығы с=125Дж/(кг· град). (Ауа кедергісін ескермеңіз).
Бер: Талдау:
m=10·10-3кг 1) соқтығысқаннан кейін екі оқ бірге үшады
v0=300м/с Бұл кезде энергияның және импульстің
H=500м сақталу заңдары орындалады
v2=284м/с
С=125Дж/(кг·град)
Т/к: Δt -? Eк - ?
мұнда v1 және v2 соқтығысу алдындағы
оқтар жылдамдығы, ал v
соқтығысудан кейінгі оқтардың
жылдамдығы.
2) (1)-ші теңдеуді шешу үшін
векторларды қосу ережесін қолдану
керек (4–сурет):
17–сурет
v1 – жылдамдықты вертикал жоғары лақтырылған дененің қозғалыс теңдеуінен табамыз:
мұндағы τ –қозғалыс уақыты; (4)-ші жүйенің екінші теңдеуінен бірінші оқтың ұшу уақытын табамыз:
.
Сан мәндерін қойып τ1 =1,7 с. екнін табамыз (оқтың жерге қайтууақыты τ2 –нің қажеті жоқ).
τ1 =1,7 с. мәнін (4)-ші жүйенің бірінші теңдеуіне қойып v1 = 283 м/с., ал (3)-ші өрнектен v =200,5 м/с. екенін табамыз.
3) (2)-ші өрнектен Ек = 2mv2/2 –ны бөле қарастырып оның мәнін анықтаймыз:
Ек ≈ 402 Дж.
4) Ек –мәнін (2)-ші өрнекке қойып, Δt–ге қатысты шеше, температура өзгерісін табамыз:
Δt = 160 0C
(бұл жерде оқтардың соңғы температурасы қорғасынның балқу температурасынан аз деп есептелген)
Мысал: Массасы m шаңғышы таудан сырғанап түскенде радиусы R = H доғамен қозғалады. ( Н– тау биіктігі) Траекторияның төменгі нүктесінде шаңғышы салмағы қаншаға өзгереді.
Шешуі:
Бер:
m,
R=H
Т/к: ΔР–?
18–сурет
Жоғары бағытталған координаталар жүйесін таңдап алайық
Траекторияның төменгі нүктесі үшін Ньютонның екінші заңын жазайық:
mg +N = ma (1)
–ші теңдеудің Х өсіндегі проекциясы мына түрде жазылады:
Жылдамдық v – ны энергияның сақталу заңынан анықтаймыз:
(3)-ші өрнекті (2)-ші өрнекке қойып реакия күші N-ді табамыз:
N = 3mg
N = -P теңдігін қолданып салмақ өзгерісін анықтаймыз:
ΔP = ΔN = 3mg –mg = 2mg =2P.
Қарастырған мысалдардан , есеп шығару белгілі бір “қадамдар” тізбегінен тұратынын көруге болады. Әрбір қадам берілген есептің нақты шарты үшін қолданылатын қандай да бір жалпы теориялық ұстаным негізінде жүзеге асады.
Физикалық есептерді шығару дегеніміз– бұл физиканың жалпы теориялық тұжырымдар тізбегін және математиканың ережелері мен амалдарын тауып, оларды есеп шартына және есеп шығару үрдісінің аралық нәтижелеріне қолданып, есеп талабын қанағаттандыру (қойылған сұраққа жауап беру).
Достарыңызбен бөлісу: |