Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері


Тақырыбы: Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет – процесс ретінде



жүктеу 196,92 Kb.
бет4/83
Дата05.01.2022
өлшемі196,92 Kb.
#36465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Тақырыбы: Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет – процесс ретінде

Дәріс мазмұны:

1.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын анықтау.

2.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі мақсат қою технологиясы.

1.Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Қазақстан 1989 жылы БҰҰ қабылдаған «Бала құқы туралы конвенциясны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды, баланың өмір сүру құқы, баланы қорғау, дамуына жағдай жасау, қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу. Негізгі басымдық баланы қайсібір себептері болмасын кемсітпеу. Конвенция әлеуметтік қорғалмаған балалар тобына, жетімдерге, мүгедектерге, босқындарға, құқық бұзушыларға ерекше көңіл бөледі. Осы жоғыр әлеуметтік- адамгершілік құндылықтар өскелең ұрпақ тәрбиесіне қолданатын әлекметтік тәрбиелік технологиялардакөрініс табу керек. Барлық әлеуметтік тәрбие субъектілерінің қызметінің сапасын арттыру үшін, оңалдыру, түзету қызметін құру, үшін білім беру ұйымының әлеуметтік сала қызметкерлері, жұртшылық, ата- анаға әлеуметтік педагогикалық жұмыстың технологиясы туралы, әлеуметтік тәрбиелік ұйымдары туралы терең білім керек. Әлеуметтік педагогика- ортаның, қоғамның тәрбиеге, әлеуметтенуге әсер ету факторын зерттейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтену дегеніміз не? Кең ауқымда алатын болсақ адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Әлеуметтік педагогика- педагогика тарихындағы бұрынғы оқу мен тәрбиенің озық тәжірибесіне аналыиз жасауға сүйенеді. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты- оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру.

Адамның өзін қоғамда тұлға ретінде сезіну процесін- тұлғаның әлеуметтенуі деп атаймыз. Бұл процесс, тәрбиелеу, білім алу және өзін- өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Әлеуметтену процесінде екі мәселе шешіледі.


  1. Әлеуметтік адаптация( бейімделу)- жеке адамның ортаға бейімделуі- баолығымен бірге болу.

  2. Әлеуметтік автономизация (оқшаулану)- ортамен бірге бола отырып, өзімен- өзі болу, іс- әрекеті мен қарым- қатынастарда табанды болу тұлғаның өзін бағалай білу. Әлеуметтік педагогтың меелекет, қоғамдық ұйымдар мен оқушы арасындағы байланысты орнатуы. Әкімшілкпен, әлеуметтік қоррғау орындарымен, медициналық ұйымдармен, мәдени орталықтармен, яғни баланың мүдесін қорғауға тығыз байланыста болуы керек. Әлеуметтік педагог мектеп ішінде алдымен мектеп психологиясымен, сынып жетекшілерімен тығыз байланысты болуы тиіс. Әлеуметтік педагог мектеп ішінде алдымен мектеп психологиясымен, сынып жетекшілерімен тығыз байланыста болуы. Әлеуметтік педагог белгілі бір объектімен жұмыс бастамас бұрын қабілетін және нәтижелі алдын ала болжай білу керек. Әлеуметтік педагог белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауы, білім мен іскерлікті орынды пайдалануы, педагогиканың жаңа интенсивті әдістерін меңгеруі оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білуі қажет. Әлеуметтік педагог ата- анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, ата- аналарға жеке кеңес беруі отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.

Әлеуметтік педагогтың міндеттері:

  1. Оқушылардың жеке психо- медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.

  2. Оқушының микроортысын, өмір сүру жағдайларын зерттейді.

  3. Оның қажеттігі мен қызығушылығын байқайды.

  4. Қиындығы мен проблемаларына, тәрбиедегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

  5. Әлеуметтік- педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды.

  6. Патронаж бойынша тұрғын үй, зейнетақы беру, жетім балалр мен ата- аналар қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізді.

  7. Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық таланттарын дамытуға жағдайлар жасайды.

  8. Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балар арасындағы қарым- қатынас орнатады.

  9. Психологпен, мұғалімдермен, ата- аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс жасайды.

  10. Білім беру ұйымдарының құрастыруға, бекітуге оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіретілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді.

Әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды.

Негізгі 3 бағытта жұмыс істеуі тиіс.



  1. Мектептегі жұмыс.

  2. мемлекеттік, қоғамдық, қоғамдық емес ұйымдармен жұмыс.

  3. Оқушының тұрғылықты жеріне байланысты жұмыстар.

Сондықтан бұл қызметте әлеуметтік білімі бар маман болмасы, оның орнына тәжірибесі мол, баланың жан дүниесін түсіне алатын ,оның болашағына жауапкершілікпен қарайтын білікті маман жұмыс істеуі тиіс.

Әлеуметтік педагог мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын жүргізіп отыруы керек. Бұл карта әлеуметтік педагог, диреуктор, оқу, тәрбие жөніндегі орынбасарларының, психолгтың, сынып жетекшісінің жүмыс үстелінде болуы керек.

Әлеуметтік картада мына төмендегі мағлұматтар болуы керек:


  1. Жетім балалр, жартылай жетім балалр.

  2. Көп балалы отбасы.

  3. Көмекке өте зәру оқушылар.

  4. Тәртібінде ауытқуы бар балалар.

Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғалық қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындау. Қазіргі кезде тәрбиеге қойылатны талаптардың бірі- басқа адамдарды қолдануға дайын тұратын, қарым- қатынасты бағалай алатын яғни, коммуникативті қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру болса, бұл жұмысқа әлеуметтік педагог та өз үлесін қоса алады деп ойлаймын.
6 Дәріс


жүктеу 196,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау