Қоғам және мәдениет
Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде. Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде. Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы. Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам».
«Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалдық қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам. Жаңару. Қала. Урбандану.
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К. Леви-Строс). Мәдениет – қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. Мәдени-антропологиялық әдістеме: адам мен мәдениеттің мәндік және онтологиялық түбегейлі бірлігін мойындау.
Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы.
Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам, қоғамдық өмір материалдың дүниенің ерекше бірлігі. Қозғалыстың жоғарғы формасы ретінде қоғам табиғаттың эволюциясынан туады және ерекше кейпімен сипатталады. Басқа материалдық жүйелерден қоғамның басты айырмашылығы оның құрамында рухани процестердің, сананың болуы. Қоғам ашық және дамыйтын жүйе. Ол адамдардың әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Әлеуметтік заңға сай өтетін адамдардың өмір әрекетінің формасы.
Қоғам философия обектісіне біртіндеп айналды. Ежелгі философиялық оқуларда қоғамның пайда болуы және дамуы, тарих дамуының бағыттары қарастырыла басталды. Шығыс философиясы буддизм, конфуцийшілдік және т.б. көп көңілді әлеуметтік- этикалық мәселелердге бөлді, Вавилонда, ежелгі Египетте алғашқы саяси оқулар пайда болды. Әлеуметтік философияның сұрақтарын антикада терең талдады. Демокрит тарихты процесс, ал қоғам түрін адамдардың біріге еңбектенуінен тұрған қажеттілік деп санады. Платон идеалдық мемлекет ілімін жасады, оны ақылмен құрылған деп, әділеттілікті адам табиғатының сипаты деді.
Аристотель қоғамды жеке адамдардың жиынтығы санап, олардың әлеуметтік инстинкті қанағаттандыру үшін бірігеттінің айтады. Ортағасырдағы адам өмірін діни көзқарастар негізінде түсіндіру тән. Августин тарихты адамның күнәге батуынын салдары деп уағыздады.
Дінге қарсы Жаңа заман ойшылары қоғам табиғи жолмен туып, дамиды деп санады. Гоббс, Руссо т.б. қоғамды келісіммен ұйымдастыру концепциясын жасады.
Гегель тарихты абсоллюттік идеянын кажетті және заңды даму процессі ретінде түсінді, еркіндікті құрудағы прогресс санады.
Келтірілген концепциялар танымның негізінен екі бағытының-натурализм мен идеализмнің- көрінісі. Натурализм қоғам өмірін түсінгенде оның табиғи құбылыстарға ұқсастығына сүйенеді. Ал идеализм қоғамдық байланыста біреулердің идеялары мен еркінің орындалуың, сенім мен мифтердің жиынтығын көреді. Үшінші бағыт материализм марксизмнің әлеуметтік теориясында орын алған.
Марксизмнің әлеуметтік философиясы қоғамды және оның тарихын материалистік тұрғыдан түсіндіру концепциясына сүйенген. Ол бойынша қоғамдық қатынастар жүйесінің ішінде анықтаушы болып қоғамдық болмыс саналады. Марксизм идеалдық, рухани факторлардың да ролін жоққа шығармайды, экономика тек ең сонында ғана қоғам дамуының сипаты мен мазмұнын анықтайды. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелеп қана қоймай оған белсенді әсерін де тигізе алады. 2.Қоғам тек белгілі-бір құрылымы бар жүйе ғана емес.
Ақпараттық қоғам философиясы. Қызмет көрсету мен акпарат өндірудің қоғамның элеуметтік эволюциясындағы рөлі. Дэниел Беллдір постиндустриалдық қоғам концепциясы.Постмодернизм-постиндустриалдық қоғам концепциясының альтернативасы. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің постмодернистік даму ерекшеліктері: отбасылық кұндылықтар, енбек этикасы, дамудың элеуметтік-мәдени негіздері.
Мануэль Кастельстің желілік қоғам концепциясы. Желілік қоғамның қалыптасуы, оның бірегейлілігі және мәндері. Жаһандану, акпараттық саясат және демократияның дағдарысы.
Маршалл Маклюэннің «жаһандық мекені» акпараттьщ өркениет үлгісі. Дүниежүзілік тарихтың үшсатылы үлгісі. Компьютерлік демократияның ерекшеліктері.
Фрэнк Уэбстердің «ақпараттық қоғам» теориясы.Дэниел Белл, Манулэь Кастельс, Юрген Хабермас, Энтони Гидденс, Жан Бодрийяр және тағы баскалардың ілімдерін сыни сараптау.
В.Л.Иноземцевтің«акпараттық қоғам» теориясы.Постэкономикалық өркениет жолында.Постэкономикалық қоғамның негізгі белгілері.
Тарих философиясы. Адамзат тарихының бірлігі және көптүрлілігі. Марксистік формациялар теориясы: тарихы, негізгі ұғымдары және
принциптері. Тарихтың өркениеттік концепциялары. Тарихты әлеуметтік мәдени тұрғыдан түсіну тарихты кезеңдерге формациялық және өркениеттік бөлудің синтезі. Н.Данилевский, Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби, П.Сорокин, Элвин Тоффлертарихтың дамуы туралы.
Тарихи үрдістегі революциялық және эволюциялық. Әлеуметтік революциялар: заңдылық, жүйелілік, түбегейлілік. Өркениеттер қақтығысы. Қазақстан тарихи дилемма алдыңда: қазіргі замандағы ұлттық жолдың өзінділігі мәселесі.
|