Маркетингтік зерттеу дегеніміз – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге байланысты проблемалар туралы жүйелі мәліметтер жинау және оларды анықтау, талдау. Мұндай зерттеулерді және маркетингтік проблемаларды шешу үшін бейтарап ұйымдар, іскерлік фирмалар немесе олардың агенттері жүргізеді.
Маркетингтік зерттеу түрлері – қысқа мерзімді болжау, ұзақ мерзімді болжау, нарық мүмкіндігін анықтау, өнімділікті талдау, жаңа өнімді және оның тұтыну қабілеттілігін анықтау, өнімділікті талдау және физикалық сипаттамасын зерттеу, сату каналдарын зерттеу, жарнама құралдарының тиімділігін талдау. Маркетингтік зерттеудің 5 кезеңі бар: зерттеу нысанасының проблемаларын анықтау, ақпарат көздерін іріктеу, ақпарат жинау, жиналған ақпаратты талдау, қорытындылапрды көрсету. Зерттеуші алғашқы және екінші рет пайдаланатын ақпараттарды жинауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |