Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-18 фр 03



жүктеу 17,49 Mb.
бет15/36
Дата13.02.2022
өлшемі17,49 Mb.
#35851
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
KS letsia

Озонолиз реакциясы – алкендердің құрылысын анықтауда пайдаланылады. (Гаррнестің озондау реакциясы).

НОН

С Н3 – СН═СН2 + О3 СН3 – СН – О– СН2 СН3 – СНО + НСНО + Н2О2

О О

озонид (тұрақсыз)


Полимерлену реакциясы.

Алкендердің маңызды өзгерулерінің бірі А.М. Бутлеров ашқан полимерлену реакциясы. П о л и м е р л е н у деп кішкене молекулалы қосылыстардың (мономерлердің) бір – бірімен өздерінің негізгі валенттіктері арқылы жалғасып үлкен молекулалы қосылыстар түзілу процесін айтады.

Олефиндердің полимерлену реакциясын қыздырумен, аса жоғары қысыммен, сәулемен, бос радикалдардың немесе катализаторлардың әсерімен туғызуға болады.

Полимерленудің ең маңызды басты екі түрі бар:

1) Сызықтық тізбектік полимерлену. Мұнда полимерленудің бастапқы өнімдерінің молекулалары тұрақты болмайды және олар бөлініп алынбайды. Реакцияның өнімдері ретінде молекулалық салмағы үлкен заттар болады.

2) Сатылы миграциялық полимерлену. Бұл жағдайда реакцияның өнімдері әрбір сатыда бөлек алына алады. Бутлеров изобутиленді күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде ең бірінші рет дәл осындай процесті байқаған: диизобутилендер, триизобутилендер және т.б. түзілген.




диизобутилен

Бұл реакцияның жүру мүмкіндігі мынадай:


Реакция мынадай механизм бойынша жүреді.



Изооктендердің (диизобутилендердің) қоспаларын сутектендіргенде изооктан түзіледі.

Полимерлену реакциясына дара және мономерлердің аралас заттары қатыса алады. Бұл екінші жағдайда аралас полимерлену (бірлесе полимерлену) туралы айтады.

Полимерленуге бейімділік олефиндердің құрылысына байланысты әдетте қос байланыстың екі жағындағы сутектің радикалдың орнын басуы полимерленуге бөгет болады (кеңістік қиындығы).

Олефиндердің полимерленуі механизміне қарай екі түрлі болады: 1) радикалдық немесе инициирленген, 2) иондық немесе каталитикалық.

Р а д и к а л д ы қ полимерлену реакция кезінде ыдырап бос радикал беретін заттармен (асқын тотықтар, диазоамин қосылыстар тағы басқа заттар) (инициирленеді), сондай – ақ жылылық пен сәуленің әсерінен туады. Полимердің өсіп келе жатқан бөлшегі тұрақталу кезіне әбден жеткенге дейін бос радикал күйінде болады. Радикалдар –инициаторлар полимер молекуласының құрамына кіріп соңғы тобын түзеді:

R˙ С2Н4

С Н2═ СН2 R – СН2 –СН˙2 R – СН2 – СН2 – СН2 – СН2 және т.б.

Тізбектің үзілуі тізбектің өсуін реттейтін заттың (әдейі қосатын заттың болуы ықтимал) сутек атомын немесе галоген атомын оңай беретіндеріне молекуласымен немесе мономердің молекуласымен соқтығысуынан болады.

Каталитикалық немесе иондық (катиондық және аниондық) полимерлену мономердің молекуласынан реакцияға қабілетті иондардың түзілу нәтижесінен жүреді. Катализаторлар ретінде қышқылдар, алюминийдің бордың сусыз хлоридтері және т.б. қолданылады. Каталитикалық, полимерленуде катализатор полимердің құрамына кіреді, қайтадан бөлініп алынады. Процесс тізбек түрінде және үлкен жылдамдықпен жүре алады. Сондықтан иондық полимерленуді өте төменгі температурада жүргізеді. АІСІ3 қатысуында этиленнің иондық полимерлену ракциясының жүруін төмендегідей бейнелеуге болады:




С Н2 ═ СН2 + АІСІ3 СІ3АІ — СН2 — СН2


С2Н4 С2Н4

СІ3АІ — СН2 — СН2 СІ3АІ — СН2 — СН2 — СН2 — СН2




СІ3АІ — СН2 — СН2 — СН2— СН2 — СН2 — СН2 және т.б.

Әрбір сатыда катализатор бөлініп шығуы мүмкін. Мысалы мынадай схема бойынша:

С І3АІ — СН2 — СН2 — СН2 — СН2 СН2 ═ СН — СН2 — СН3 + АІСІ3

Мономерде болымсыз болса да қоспалар болса бұлар полимерлену реакциясына күшті әсер көрсетеді. Кейбір қоспалар, мысалы көп атомды фенолдар, ароматик аминдер, хинондар, полимерленуді тоқтатады. Мұндай заттар ингибиторлар баяулатқыштар деп аталады. Мономерлерді сақтауда ингибиторлар пайдаланылады.

Полимерленудің жағдайын өзгерту арқылы және әр түрлі заттардың қоспасын полимерлену арқылы алдын ала берілген керекті сипаттағы өнімдерді алуға болады.

Жоғары температурада немесе катализаторлардың қатысуымен олефиндер изомерленуге бейім келеді. Мұнда қос байланыстың орын ауысады, (әдетте молекуланың ортасына қарай жылжиды) немесе осы екі өзгеріс бірдей болады:

СН3 — СН ═ СН — СН3

СН2 ═ СН — СН2 — СН3


СН3 — С ═ СН2


СН3



Сонымен, алкендер үшін ең маңызды электрофилдік қосылу реакциялары – π – комплекс және карбкатиондардың түзілуі арқылы жүреді.

Симметриялы емес алкендерге полюсті реагенттердің (НГаl; НОН..) қосылуы: В.В. Марковниковтың ережесімен (реакцияның механизмі AdE), немесе Караштың асқын тотық эффектісімен (реакцияның механизмі AdR) жүреді.

Алкендердің полимерлену реакциялары радикалды және ионды механизмдер арқылы да өтуі мүмкін.

6 - схема
Алкендер










Химиялық активтілігі қос байланыстың табиғатымен, π – байланыстың жеңіл үзілуімен, оңай полюстенгіштігімен анықталады.











жүктеу 17,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау