Дәрілік құрал – шығу тегі табиғи, синтетикалық, битехникалық болып табылатын заттар немесе заттар қоспасы. Олар жүктілікті болдырмайтын, ауруларды емдеуде, профилактиксында қолданылады. Оларға гомеопатикалық құралдар, ауруды туғызушылардың диагностикасында қолданылатын, дәрілік косметикалық құралдар және тағамдық өнімдерге дәрілік қоспалар жатады. Дәрілік құралдар өздерінің шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді: I. Шығу тегі өсімдіктік, жануарлық және минералды табиғи шикізаттар, олар біріншілік өңдеуден өткізілген. Оларға ромашка гүлдері, малина, камеди жемістері т.б. жатады. II. Табиғи шикізат материалдарын өңдеу нәтижесінде немесе мақсатты синтез негізінде алынған дәрілік заттар. Бұл топ ішінара бөлінеді: Химиялық препараттар. Табиғаты бойынша жеке химиялық заттар. Мысалы натрий хлориді, күміс нитраты, тұз және күкірт қышқыдары, калий перманганаты, натрий гидрокарбонаты т.б. Химиялық-фармацевтік препараттар. Бұлар да жеке химиялық заттар. Күрделі органикалық синтез негізінде алынады. Оларға: сульфаниламидті препараттар, туберкулезге қарсы препараттар, анестизиялық, ұйықтатқыш заттар т.б. Антибиотиктер препараттары. Әртүрлі микроағзалар тіршілігінің өнімдері арнайы қоректендіргіш ортада микроағзаларды өсіру кезінде пайда болады. Оларға микробты антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин, биомицин, грамицидин) жатады. Дәруменді препараттар. Олар жеке химиялық синтетикалық заттар (тиамин, аскорбин қышқылы т.б.) және заттардың күрделі кешендері (сироптар, экстрактар,концентраттар т,б,) жатады. Сол сияқты органопрепараттар, вакциналар, галенді препараттар белгілі. Дәрілік зат – ауруларды емдеуде, диагностикасында және профилактикасында қолданылатын заттар немесе заттар қоспасы. Дәрілік үлгі – қажетті емдік эффектіге қол жеткізетін дәрілік затты қолдануға қолайлы күйі. Дәрілік үлгілерді жасауда көмекші заттарды қолданады. Дәрілік препарат – нақты дәрілік үлгі түріндегі дәрілік зат болып табылатын дайын өнім. Дәрілік препарат емдік, профилактикалық, реабилитациялық және диагностикалық мақсатта қолданылады. Дәрілік препараттан басқа дәріханада парафармацевтикалық өнім жіберіледі. Парафармацевтикалық өнім – фармакологиялық қорытындымен ұйғарылған емдік-профилактикалық эффектісі бар, құрамында биологиялық белсенді заттар болатын тағамдық немесе оған ұқсас тауарлар. Оларға: емдік-косметикалық тауарлар, минералды су, диетикалық және балалар тағамы, тағамдық қоспалар (нутрицевтиктер), көзілдірік, медициналық мақсаттағы реактивтер, өсімдіктерді аурудан қорғайтын заттар, жануарлардың санитарлық заттары т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |