Өндіріс сатысы – аралық өнімді (жартылай фабрикатты) алатын технологиялық үрдістің буыны. Әрбір сатыда ілеспелі технологиялық операциялар жүргізіледі. Технологиялық операция – өндірістік үрдістің немесе технологиялық сатының элементарлы бөлігі, яғни бір жұмыс орнында машинаның немесе жұмысшының бір реттік қабылдауында орындалған, аяқталған іс әрекет. Фармакологиялық зат – фармакологиялық белсенділігі нақтыланған зат немесе заттар қоспасы. Көмекші заттар – бұл дәрілік үлгілерді жасау және өндіру үрдісінде оларға қажетті қасиеттерді беру үшін қолданылатын табиғаты органикалық және анорганикалық заттар. Көмекші заттар өте көп. Дәрілік үлгінің түрінен тәуелді олар тұтқырлықты жоғарлататын, беттік белсенді, буферлі, тұрақтандырғыштар, толықтырғыштар, ашытқыштар, консерванттар т.б. болуы мүмкін. Шикізат - дайын өнімді алу үшін қолданылатын бастапқы заттар мен материалдар (орау және маркалау материалдарын ескермегенде). Жартылай өнім (жартылай фабрикат, аралық өнім) – бұл бөліктеп өңделген шикізат немес дәрілік зат, ол әрі қарай дәрілік құрал болмастан бұрын өндірістік үрдістің басқа сатыларын өтуге қажетті заттар. Дайын өнім – өндірістік үрдістің барлық сатысын (орау және маркалаумен бірге) өткен дәрілік құрал. Дайын өнім барлық технологиялық үрдістің соңғы өнімі болып табылады. Дайын дәрілік зат – қолайлы дәрілік үлгідегі жеке тұтынушыға жіберуге дайын дәрілік зат. Технологиялық ақау – технологиялық құжат талаптарына және нормативті құжатқа сәйкес келмей дайындалған өнім. Қалдықтар – дайын өнімді дайындау үрдісінде алынатын қосымша өнім (өнім құрамына енбейді). Қосымша өнім – өндіріс үрдісінде пайда болады, егер қалдықтар тұтынушылық бағалылыққа ие болса, олар қайта өңделеді. Өндіріс қалдықтары – қайта өңдеуге жатпайтын және тұтынуды қажет етпейтін заттар. Қалдықсыз өндірісте тиімді технология таңдалынып, қалдықтарды қосымша өнімге айналдырады және қалдық мөлшері минимумға жеткізіледі. Валидация – құрылғының, өндіріс жағдайының, технологиялық үрдістің, дайын өнім мен жартылай өнімнің нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес келуін құжаттандыратын ұйғарым.
Достарыңызбен бөлісу: |