Қол бұлшықеттері
-
Дельта тәрізді бұлшықет. Ол иық буынын жабады. Ол 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Әрбір бөліктің өзінің қимылдайтын бағыты болады.
-
Бицепс. Қолдың алдыңғы жоғары жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен бүгеді.
-
Трицепс. Қолдың арты жоғарғы жағында орналасқан. Қолды шынтақ буынымен жазады.
-
Саусақтарды жазғыштар мен бүккіштер. Олар саусақ қозғалысымен бағытталады.
-
Бұғана – төс-емізік бұлшық еті. Бұлшықет біржақты жиырылғанда мойын, бас сол бағытта қисайып айналады, екі жақты жиырылғанда бас тік ұсталады, күшпен жиырылса бас артқа тартылады.
-
Мойының түп жағында орналасқан сатылы бұлшықет. Омыртқа қозғалысына көмектеседі.
-
Трапеция тәрізді бұлшықет. Ол – арқаның жоғары тұсындағы жалпақ бұлшықет. Ол жауырынды көтеріп, түсіріп, басты артқа бұру қызметін атқарады.
Кеуде бұлшықеттері.
Кеуденің үлкен бұлшық еті. Қолды денеге жақындатып, ішке қарай бұрады.
-
Алдыңғы тісті бұлшықет – жоғарғы ІХ қабырғалардан тіс тәрізді басталып, жауырының медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады. Қызметі: жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік жасайды.
-
Қабырғааралық бұлшықеттер. Қабырғада орналасқан тыныс алу кезінде жұмыс атқарады.
Іштің бұлшықеттері.
-
Іштің тік бұлшықеті – төс сүйегінің семсершесінен және қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегіне келіп бірігеді. Кеудені алға қарай бұрады.
-
Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті - жалпақ ет, төменгі VІІІ қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады.
Арқа бұлшықеттері.
-
Арқаның өте жалпақ бұлшықеті - төменгі VІ кеуде омыртқасының қылқаншасынан барлық бел омыртқаларынан, мықынның қырынан басталып жоғары көтеріліп, қыр сүйегінің басындағы кіші томпаққа барып бірігеді. Иықты кеудеге келтіріп, қолды ішке бұрап, артқа қарай тартады.
-
Ұзын бұлшықеттер. Омыртқаны бойлай орналасқан. Кеудені жан – жаққа бұрып, жазады.
-
Трапеция тәрізді бұлшықет, арқа бұлшықетіне де қатысы бар.
Аяқ бұлшықеттері.
-
Жамбас бұлшықеті. Аяқты ұршықты буын түрінде қозғалтады, жазады, санды ішке, сыртқа айналдырады. Кеудені тік етеді.
-
Санның 4 басты бұлшықеті – санның алдыңғы бетінде орналасады. Тізе тобығын жауып, балтырды тізе буынында жазады.
-
Санның 2 басты бұлшықеті – санның артқы бетінде орналасқан. Тізе буыны аяқты бүгіп, ұршықты буын түрінде жазады.
-
Балтыр бұлшықеті. Тізе арт жағында орналасқан табанды бүгіп, тізе буынының бүгілуін қамтамасыз етеді.
-
Камбал тәрізді бұлшықет. Тізе тереңдігінде орналасқан. Табанды бүгеді.
Достарыңызбен бөлісу: |