Дәріс Дәрістің тақырыбы: Кіріспе


Дәріс №12 Дәріс тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы



жүктеу 250,7 Kb.
бет45/48
Дата29.09.2022
өлшемі250,7 Kb.
#39454
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)

Дәріс №12

Дәріс тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы.
Дәріс мақсаты: Тірек-қимыл аппартының құрылысы мен қызметі, олардың жасқа байланысты даму ерекшеліктері, тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын алу, жетілдіру жолдарын меңгеру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі.

  2. Балалар қаңқасының өсу ерекшеліктері.

  3. Бұлшық ет жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

  4. Сүйек-ет системасының гигиенасы.


Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі. Тірек-қимыл аппараты мүшелердің 3 жүйесінен тұрады: сүйектерден, олардың қосылыстарынан, бұлшықететерден. Сүйек туралы ілім – osteologia, остеология. Қаңқа (sceleton грек тілінде – кептірліген скелет) – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек ұлпаларының көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқаның механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетінен көрінеді. Тірек болу – жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің қаңқаның түрлі бөліктеріне бекінуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы бунақтармен қосылған және жүйке жүйесі арқылы басқарылатын бұлшықеттің көмегімен қозғалысқа келтіретін ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысы арқасында мүмкін болады. Қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жұлынды қоғайтын омыртқа қуысын, бас миын қорғайтын ми сауытын, көкірек қуысының басты мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғайтын көкірек қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею мүшелерін қорғайтын сүйекті орын – жамбас астау түзу арқылы іске асырылады. Сүйек жүйесінің жалпы функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты.
Сүйек заты химиялық заттардың 2 түрінен тұрады: органикалық, бейорганикалық заттардан тұрады. Бала сүйектерінде органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйегі иілгіш, эластикалық болып келеді. Жасы келе минералды заттар артады. Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни тамырлары мен жүйкелер бар, орталық каналды айнала сақиналы орналасқан сүйек пластинкалары жүйесі болып табылады.Остеондар бір-біріне тығыз жабысып жатпайды, олардың арасы аралық сүйек пластинкаларымен толтырылған. Сүйек сүйек қабығы, сүйек ұлпасы, сүйек қызыл майы, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Сүйек қабығына буындар мен бұлшықеттер бекиді, ішкі қабаты бөлінетін жасушалардан тұрады, бұл клеткалар сүйекті қалыңдатады.
Жас сүйектер ұзына бойы шеміршек көмегімен өседі, сүйек өсуі аяқталғанда шеміршек сүйек ұлпасына айналады. Бала өскен сайын, оның сүйегінде сү азайып, минералды заттар артады. Ер адамда сүйектің дамуы 20-24 жаста аяқталады, әйел 2-3 жыл бұрын аяқталады.
Қаңқаны 2 бөлімге бөледі: білікті (осевой) (бас қаңқасы, омыртқа бағанасы, кеуде сүйектері), қосымша (қол және аяқ сүйектері).

жүктеу 250,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау