Тамақтану - адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеументтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
-
Адам организмінің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуы керек.
-
Тамағамның құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липид, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болу қажет.
-
Тағам алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық т.б. тағамдар енуі керек.
-
Ас жақсы сіңірілетін, тәбетін ашатын, дәмді, жақсы иісі, көлемі және калориясы жағынан да жеткілікті болуға тиіс.
-
Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары, улы заттар болмау керек.
-
Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.
Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.
Тамақтану- адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеументтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
-
Адам организмінің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуы керек.
-
Тамағамның құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липид, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болу қажет.
-
Тағам алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық т.б. тағамдар енуі керек.
-
Ас жақсы сіңірілетін, тәбетін ашатын, дәмді, жақсы иісі, көлемі және калориясы жағынан да жеткілікті болуға тиіс.
-
Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары, улы заттар болмау керек.
-
Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.
Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |