|
Дәріс Дәрістің тақырыбы: КіріспеУақытқа байланысты шартты рефлекстердің түзілуі
|
бет | 11/48 | Дата | 29.09.2022 | өлшемі | 250,7 Kb. | | #39454 |
| ОФД,Лекция жинағы, 2022ж. (1)Уақытқа байланысты шартты рефлекстердің түзілуі. Белгілі уақыт аралығы рефлекс қалыптастыру үшін шартты тітіркендіргіш бола алады. Егер жануарды үнемі әрбір 10 минут сайын азықтандыратын болса, бірнеше рет азықтандырудан кейін уақытқа байланысты шартты рефлекс түзіледі, яғни 10 минут өткен соң жануарда сілекей бөлініп, азыққа байланысты оны жалау, сілекейін жұту және т.с.с. қимыл актілері орындала бастайды.
Уақытқа байланысты рефлекс қалыптасқан адамдарда олар әдеттегі тамақ ішетін уақытта аштық сезімі байқалады. Уақыт аралығы мүлде аз болуы мүмкін.
Мектеп жасындағы балалардағы уақытқа байланысты рефлекстің белгісі – сабақ аяқталар алдында (қонырау соғылудан 1 - 1,5 минут бұрын) зейінінің әлсіреуі. Бұл қажудың ғана емес, сондай-ақ оқу сабақтары кезінде мидың ырғақты жұмыс істеуінің нәтижесі болып табылады.
Организмде уақытқа байланысты туатын әсер – тыныс алу, жүрек қызметі, ұйқыдан ояну, жануарлардың түлеуі және т.с.с. оқтын-оқтын өзгеріп тұратын көптеген процестердің ырғағы. Тиісті мүшелерден миға және одан керісінше эффекторлық аппараттарға ырғақты түрде импульстер жіберіп отыру организмде уақытқа байланысты туатын әсердің негізі болады.
Шартты рефлекстердің тежелуі
Шартты рефлекстердің тежелуін зерттей келе. И.П.Павлов оның шартсыз (сыртқы) және шартты (ішкі) тежелу деп аталатын екі түрін ажыратты.
Шартсыз тежелу. Басталған рефлекстің толық тоқтауы немесе сыртқы ортадағы өзгерістердің әсерінен оның активтілігінің кемуі шартсыз тежелу деп аталады.
Жаңа бөгде тітіркендіргіш ми қыртысында басқа (ерекше) қозу ошағын туғызады, бұл ошақ басталған рефлекторлық актіні тежейді немесе үзеді. Сырттан естілетін шу, жарық түсуінің өзгеруі, бөгде иіс және т.с.с. осындай тітіркендіргіш бола алады.
Шартты рефлекс неғұрлым жаңадан қалыптасса, оны тежеу соғұрлым оңай болатыны анықталған. Мұны орталық нерв системасында индукция процесінің дамуымен түсіндіруге болады. Тежеуді шартты рефлекске қатысы жоқ бөгде тітіркендіргіш туғызатындықтан, И.П.Павлов оны сыртқы (индукциялық) тежелу деп атады.
Шартсыз тежелу кенет пайда болады, ол организмде туған кезден бастап кездеседі және бүкіл орталық нерв системасына тән. Оның жүзеге асуына ми діңі ретикулярлық формациясының белгілі бір құрылымы қатысады.
Сыртқы тежелу көбінесе бөлмеге сырттан өнетін кез келген шу рефлекторлық актінің барысын бұзатын жағдайда коллективте (класта, топта) жұмыс істейтін балаларда байқалады. Мысалы, жазу сабағы үстінде көшеден өрт сөндіру машинасының сирена үні естіледі. Оқушылардың көпшілігі күшті тітіркендіргішке қарай бұрылып, бұл жағдайда зейінінен, байсалдылығынан және қолайлы отырысынан айырылады. Сондықтан оқушының дәптеріндегі жазу толық болмай, әріптер дұрыс жазылмайды, сөздердің арақашықтығы әр түрлі болып шығады және т.с.с.
Алайда шартсыз тежелу екінші қозу ошағы пайда болмаса да, жүзеге асуы мүмкін. Бұл тітіркендіргіштің өте күшті әсер етуінен ми қыртысының клеткалары жұмыс істеу қабілетін кемітуіне немесе толық тоқтатуына байланысты болады: тіршілігін жоймау үшін клеткалар тежелу күйіне өтеді. Тежелудің мұндай түрін шектен тыс тежелу деп атайды. Ол организмде қорғаныш қызметін атқарады.
Ми қыртысы клеткаларының жұмыс қаблеттілігінің шегі тұрақты шама емес және ол баланың жасына, оның қажу тәжірибесіне, қандай аурумен ауыратыныа және басқа себептерге байланысты.
Сабақты өте дауыстап және біркелкі үнмен түсіндіруде, сондай-ақ импульстері жинала келе, ми қыртысы клеткаларының жұмыс қабілеттілігі шегінен асып кететін әлсіз тітіркендіргіш (біркелкі баяу дауыс) әсер еткенде оқушыларда шектен тыс тежелу пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|