Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласының Білім басқармасының
«Алматы құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК
Бекітемін
|
Директордың ОІЖ орынбасары
|
_______________
___ ____________ 20____жылы
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 1
Пән : Физика
Курс 1
Тақырыбы : __Кинематика.Механикалық қозғалыстың сипаттамалары.Қозғалыс түрлері.Динамика.Классикалық механиканың заңдары
Сабақ түрі біріккен сабақ сабақ типі аралас
Сабақ әдіс-тәсілі түсіндірмелі хабарлы
Оқу мақсаты:Кинематика және динамиканың негізгі ұғымдары мен формулаларын,теңдеулері жайлы мағлұмат беру,қозғалыс түрлері туралы мәлімет беру,есеп шығару үшін алған білімдерін пайдалануға үйрету.
1)білімділік
|
Студенттердің өздерінің мектеп қабырғасындағы білім-білігін пайдаланып өткен материалды еске түсіру,білімін қалыптастыру
|
2)дамыту
|
Студенттердің кинематика,динамиканың негізгі есебін шешуге жаттығуын жүзеге асыратын шараларды ұйымдастыру
|
3)тәрбиелік
|
оқу материалының ең негізгісін таңдап алуға,қабілетін дұрыс пайдаланып,жауапкершілікпен жұмыс жасауға жаттықтыру шараларын жасау
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдістемелік қамтамассыздандыру
|
математика
|
1)оқу көрнекілік құралдары:плакаттар,суреттер,оқулық
|
геометрия
|
2)үлестірмелі материалдар
|
|
3)техникалық оқыту жабдықтары:интербелсенді тақта
|
Негізгі сабақтың кезеңі мен уақыт ұзақтығы
Сабақтың құрылымы
|
Уақыт, мин.
|
Мазмұны
|
1
|
2
|
3
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру
|
2 мин
3 мин
|
-Студенттермен амандасу.
-сыныпты түгендейдеу
-кезекшілік қызметін қадағалау
-оқушылардың назарларын сабаққа аудару
-психологиялық дайындық.
|
Мектеп қабырғасында физика пәнінен өткен материалдар туралы жалпылама сұрақтар қою
|
3. Жаңа оқу материалының мазмұны,оның ішінде:
1.Кинематика туралы
2.Санақ денесі,уақыт туралы
3.Қозғалыс түрлері
4.Қозғалысты сипаттайтын шамалар туралы
|
|
|
15 мин
|
Мектеп қабырғасында өткен тақырыпты байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын және тақырыпты түсіндіремін.
Кинематика деп денелердің қозғалысын зерттейтін,бірақ қозғалыстың туу себебін қарастырмайтын бөлімі.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өзгерісінде кеңістікте дененің басқа денелерге қатысты орын ауыстыруын айтамыз.
Механикалық қозғалыс салыстырмалы.Дененің қозғалысын сипаттау үшін ,қозғалыс қай денеге қатысты қарастырылатынын белгілеу қажет.
Санақ денесі және уақыт.Механикалық қозғалысты сипаттау үшін санақ жүйесі енгізілген.Санақ жүйесін құрап,ол қозғалған дененің кез келген уақыттағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы, x,y,z осьтерінен тұратын декарттық координтар жүйесін білесіңдер.Бұл координат жүйесіндегі О нүктесі санақ денесі деп аталады.Оның орнына кез-келген дене бола алады,мысалы.үй,бағана,қала,Жер,Күн және т.б.Есеп шығарған кезде осы дененің орын ауыстыруын,жолын,траекториясын қарастыруға болады.Бірақ денені материялық нүкте деп аламыз.
Матриялық нүкте деп –өлшемдерін берілген жағдайда ескермеуге болатын денені айтады.
Дененің кез келген уақыттағы кеңістікте орнын x=x (t ) y=y( t) z=z(t) анықтауға болады.
Дененің орын ауыстыруы деп-денеің бастапқы орнын оның кейінгі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама.
Жүрген жолы-дененің белгілі уақыттың ішінде траектория доғасының ұзындығына тең болады.Жол скаляр шама.
Траектория дегеніміз-дененің қазғалыс кезінде болып өткен кеңстіктегі нүктелерінің жиынтығын айтады.
Динамика-механикалық қозғалысты ,оны тудыратын себептерді ескере отырып зерттейтін механиканың бөлімі
Динамиканың заңдары:
Ньютонның І заңы – денеге басқа дене әсер етпейінше немесе тыныштық күйінде ол өзінің түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын сақтап қалады – инерция заңы д.а.
Инерциялық санақ жүйесі – Ньютонның І заңы орындалатын санақ жүйесі.
Ньютонның екінші заңы:Бір дене екінші бір денеге әсер еткен кезде дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал, ал массасына кері пропорционал болады
a= F\m немесе F=ma
Үшінші заңы: Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы:
F1=-F2
Сонымен қоса, бүгінгі сабақта біз сендермен күштің түрлерімен танысамыз , олар:
Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады.
F=mg Ауырлық күші
Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады
Fсерп=kx Серпімділік күші
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Fүйк=μN Үйкеліс күші
|
|
Қозғалыс түрлері:
Тең уақыт аралығында дене бірдей жол жүретін болса, ондай қозғалыс бірқалыпты деп аталады, яғни
t1 = t2 = t3 = ... тең уақыт аралығында s1=s2=s3= ... жол
s1/t1=s2/t2=s3/t3= ... бұл қатынас жылдамдық қозғалыстың сипаттамасы болып табылады.
Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы – бұл векторлық шама, орын ауыстырудың уақытқа қатынасы υ = s / t . Өлшем бірлігі 1м/с
|
|
υ - артса - s – артады, υ - кемісе - s - кемиді υ - артса - t – кемиді, υ - кемісе - t – артады
υ = s / t формуласынан s = υ t және t = s / υ болады
x = x0 + υ t - түзусызықты бірқалыпты қозғалыс теңдеуі
Үдеу – физикалық шама, жылдамдықтың шапшаңдығын сипаттайды, жылдамдық өзгерісінің уақыт өзгерісіне қатынасы, өлшем бірлігі 1м/с2.
Егер жылдамдық артатын болса, бірқалыпты қозғалыс бірқалыпты үдемелі деп аталады :
Егер жылдамдық кемитін болса, бірқалыпты қозғалыс бірқалыпты кемімелі деп аталады :
|
4. Жаңа тақырыпты бекіту
|
20 мин
|
Сұрақтар қою:
1.Материя деп нені түсінесіңдер?
2.Қандай қозғалысты механикалық қозғалыс дейді?
3.Санақ жүйесі не үшін қажет?
4.Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
5.Орын ауыстыру ,жол дегеніміз не,олар қандай шама?
6.Қозғалыстың қандай түрлері болады?
7.Денінің қозғалысының үдеуін,жылдамдығын анықтауға болады ма?
8.Динамика нені қарастырады?
9.Қозғалыстың қандай түрлері болады?
10.Денінің қозғалысының үдеуін,жылдамдығын анықтауға болады ма?
11.Күш деген не?
12.Динамиканың қандай негізгі заңдары бар?
|
5. Үй тапсырмасын беру
|
2 мин
|
Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.§1.1-2.1
Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Карточкадағы сұрақтарға жауап жазып келу
|
6. Сабақты қорыту және бағалау
|
3 мин
|
Кері байланыс. Студенттердің пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру
|
Рефлексия __Студенттердің пікірлерін білу,яғни бұл сабақтан нені үйренді ,қандай қиындықтар бар ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Қолданылған әдебиеттер
1)негізгі: __Физика 10 ,Б.Кронгарт В.Кем Н.Қойшыбаев, Алматы «Мектеп»___
2)қосымша: __Интернет желісі________________________________________________
Оқытушы : _______
1 карточка
№
|
ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАР
|
Белгісі
|
|
Күш
|
|
|
Масса
|
|
|
Үдеу
|
|
|
Еркін түсу үдеуі
|
|
|
Жылдамдық
|
|
|
Орын аустыру
|
|
|
Жол
|
|
|
Уақыт
|
|
№2 карточка
№
|
ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАР
|
Өлшем бірлігі
|
|
Күш
|
|
|
Масса
|
|
|
Үдеу
|
|
|
Еркін түсу үдеуі
|
|
|
Жылдамдық
|
|
|
Орын аустыру
|
|
|
Жол
|
|
|
Уақыт
|
|
№3 карточка
1.Орын ауыстыру деген не?
2.Жылдамдықты анықтайтын формула қандай?
№4 карточка
1.Үдеу деген не?
2.Қоғалыс деп нені айтады?
3.Материя дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |