Дәріс №2 химиядағы элементар процестер



жүктеу 0,57 Mb.
бет2/10
Дата27.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#43563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
812514059089 Дәріс 2 химфизика

1. Соқтығысулар теориясы
Қарапайым реакцияның молекулалығы бір актқа қатысатын бөлшектер санымен анықталады, соған байланысты моно-, би- немесе үшмолекулалы болып келеді. Соқтығысулар теориясында газдардың кинетикалық теориясын газды фазадағы би- және үш молекулалы реакцияларға қолданады. А және В бөлшектерінің бимолекулалық реакциясының жылдамдығы А және В бөлшектерінің соқтығысу жиілігінің ықтималдық факторы - реакцияға алып келетін соқтығысулар үлесіне кебейтіндісімен анықталады. Бірлік уақытта көлем бірлігіндегі А және В бөлшектерінің соқтығысулар саны, яғни соқтығысулар жиілігі концентрациялар көбейтіндісіне тең:
ZAB = zABCACB,
мұндағы zAB - қос соқтығысулар жиілігінің факторы, ол сандық түрде СА = СВ = 1 болғанда А және В бөлшектерінің соқтығысу жиілігіне тең.
Реакция жүру үшін соқтығысқан бөлшектер Е0 табалдырық энергиясына иа болу керек.
Бөлшектер соқтығысқанда энергияның алмасуы. Серпімді соқтығысулар.
Серпімді соқтығысулар - Т-Т процесі болып табылады. Бөлшектер арасында кинетикалық энергия қайта таралады (қосынды энергия сақталады). Бір сұрыпты бөлшектер екінші сұрыпты қозғалмайтын бөлшектермен соқтығысқанда кинетикалық энергияның берілу жылдамдығы UК1 былай анықталады:

мұндағы N - екінші сұрыпты бөлшектердің концентрациясы.
Егер екінші сұрыпты бөлшектер де қозғалатын болса және u1>u2, m1<2 болса, онда берілетін энергияның квадратының орташа мәні

ал бірінші сұрыпты бөлшектер үшін ілгерілемелі релаксация уақыты
τілгерілемелі = m2 / (z0m1N)
Осылайша, m1 = m2 болғанда энергия ең тиімді беріледі, бірақ егер m1<2 болса (мысалы, электрон молекуламен соқтығысқанда), оның мәні өте аз болады.
Серпімсіз соқтығысулар. Серпімсіз соқтығысуларда соқтығысқан бөлшектердің кинетикалық энергиясының бір бөлігі потенциалдық (айналмалы, тербелмелі, электрондық) энергияға ауысады.
Ілгерілемелі және айналмалы энергиялар арасындағы алмасу - Т-R процесі. Егер ∆U >> h/2πτ болса, мұндағы τ - соқтығысу ұзақтығы, онда кинетикалық энергияның ішкі (потенциалдық) энергияға ауысу ықтималдығы өте аз болады.
Ілгерілемелі және тербелмелі энергиялар арасындағы алмасу - Т-V процесі. Тербелмелі дәрежелер бойынша тепе-теңдіктегі таралудың орнығуының екі ерекшелігі бар: 1) тербелмелі еркіндік дәрежелерінің энергетикалық сыйымдылығы ілгерілемелі және айналмалы еркіндік дәрежелерінің энергетикалық сыйымдылығына қарағанда жоғары; 2) тербелмелі релаксация­ - бұл өте баяу процесс (О2 тербелмелі қоздыру үшін бөлме температурасында шамамен 108 соқтығысу қажет), бірақ кейде ол химиялық реакциямен салыстырғанда жылдам өтеді.
Тербелмелі энергиямен алмасу.
Тербелмелі энергиямен алмасу - V-V процесі. V-T және V-V алмасулары бір мезгілде өтеді және олардың ықтималдықтары аз болғандықтан тәуелсіз деп санауға болады. Сондықтан бұл таралу баяу уақытта Максвелл-Больцман таралуына ауысады.



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау