Өнімді есепке алу жалпы тәсілмен немесе үлгі бауы тәсілі арқылы жүргізіледі, осымен бірге жағдайларға байланысты көк балауса өлшенеді, немесе келтіргеннен кейін, бірақ барлық жағдайда әрбір мөлдектен салмағы 1-2 кг орташа үлгі алынады да стандартты ылғалдылыққа көшіріледі.
Пішеннің сапасын оның ботаникалық құрамы және азықтағы протеин, ақуыз, клечатка, АЭЗ, азықтық өлшемдер, витаминдер және т.б. биохимиялық анализі негізінде, тәжірибенің молекулаларына қарай бағалайды.
Ботаникалық құрамы массасы 100-200 г үлгілерді талдау жолымен анықтайды, олар төрт қайталыммен көшіруге алынған үлгілік баулардан іріктелінеді. Орташа үлгіні қайталымның әрбір мөлдегінен алады, яғни төрт үлгі бауынан алады. Шөптер үлгілерін талдауды жас күйінде жасаған дұрыс.
Табиғи шөп оттарын ботаникалық құрамын анықтағанда тәжірибенің мақсаттарына байланысты зерттелінеді.
а) ең жай жағдайларда төрт ботаникалық топ: астық, бұршақ тұқымдастары, әртүрлі шөптер және қияқөлеңдер, әр топтары басым түрлерді көрсетумен (толық талдау);
б) астық және тұқымдастарды түрлер бойынша талдайды, әртүрлі шөптер мен қияқөлеңдерді жеке топтарға бөледі (жартылай түрдік талдау);
в) барлық үлгіні талдау, мұнда барлық фракцияларды кептіріп өлшейді, тұрақты салмаққа дейін жеткізеді (толық түрдік талдау);
Үлгінің ботаникалық құрамын одан да тиянақты талдау үшін, үлгілерді варианттың әр мөлдегінен алынады, бұл өнімділік мәліметтерінің статистикалық өңдеуін ғана емес, тәжірибе варианттары бойынша топтарының басым компоненттері немесе ботаникалық топтарының өнімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Жайылымдарда шөпотының өнімділігін есептеуді әрбір мал жаю циклінің алдында жүргізеді, бұл үшін 2,5 м² (1×2,5) өлшемдегі 4-8 есептеу алаңдары шабылады, әр шабыста жаңа жерде салынады. Әрбір мал жаю циклі біткеннен кейін малмен желінген көк балаусаны есептеп анықтау үшін, сол тәсілмен өсімдік қалдықтары есептеледі, кейбір жағдайда шөптің қалдықтарының биіктігі негізінде желінген шөпті пайызбен өлшеуге болады.
Жайылымдарда тәжірибелерді жүргізуде зерттелетін тәсілдердің тиімділігін зоотехникалық әдіспен мал шаруашылығы өнімдері бойынша – сүт өнімдері, малдардың салмақ қосуы анықтаған маңызды. Бұл жағдайда тәжірибе үшін тұқымы, жынысы, тірі салмағы, жасы және т.б. көрсеткіштері бойынша малдардың бірдей топтарын таңдайды.
Әрбір салыстырылатын топта 8-10 ірі қара малдан кем болмау керек. Малдардың салмағын өлшеуді ең азы үш рет жүргізу керек – жайылымдық кезеңінің басында, ортасында, және аяғында, ал сүттің сауылуын - әр күн сайын әр сиырдан, немесе топтар бойынша, бірақ барлық сиырларды кезеңаралық бақылау сауып тұру керек.
Жайылымның өнімділігі алынған мал шаруашылығының өнімі негізінде азықтық өлшеммен саналады, бірақ бұл әдісті тәжірибелерде шабылмалымен бірге қолдану керек.
Жайылымдық тәжірибе малдарды ұстаудың загонды жүйесінде зерттелетін сұраққа және бар мүмкіншіліктерге байланысты үш тәсіл бойынша ұйымдастыруы мүмкін:
Тәжірибенің әр вариантында ашық загонды жүйесі, мұнда жайылымдар мен малдар топтарының саны тәжірибедегі зерттелетін варианттарға тең болу керек.
Әрбір вариантқа бір загон, мұнда малдардың да соншама тобы қажет болады, бірінші вариантта сияқты, бірақ жайылымның ауданы, мысалы сегіз загонды жүйеде сегіз есе аз болады.
Тәжірибе сұлбасының загон ішінде орналасуы, онда жайылым аумағы аздау қажет және тәжірибедегі малдар саны да аз.
Бұндай тәжірибелер загонды көп бағу жүйесін қолданғанда өндірістік жағдайда да қолдана алады, сонымен бірге зерттелетін тәжірибе варианттарын тек қана бірінші, орташа немесе соңғы загонда, немесе тек орташа загонда орналастырған дұрыс.
Ең оттылы өсімдіктер мен олардың қоспаларынының жиынтығын, технология тәсілдерін, бірінші зерттегенде тәжірибелерді мал жаю имитациясымен шөптерді жайылмалы піскенде әртүрлі варианттар мөлдектерінен шабу жолымен тәжірибелерді салуға болады (биіктігі 12-15 см биік емес шөптерге және 20-25 см биік шөптерге).
Достарыңызбен бөлісу: |