Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



жүктеу 230,02 Kb.
бет5/41
Дата05.10.2022
өлшемі230,02 Kb.
#39522
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

Электронные ресурсы

  1. Қазақстанныңқазіргізамантарихы [Электронный ресурс] :жоғарғыоқуорындарыныңстуденттерінеарналғаноқуқұралы. - 1.21 мб., - PDF. - Алматы : АТУ, 2018. - 176 б. - ISBN 974-601-263-143-2.

http://library.atu.kz/files/5011.pdf

  1. Тургараева, Г.М.История Казахстана [Электронный ресурс] : учебник. - PDF, 5.10 мб. - Алматы :Эверо, 2016. - 440 с. - ISBN 978-601-310-597-0.

http://library.atu.kz/files/1909.pdf

  1. Сармурзина, Г.А.Современная история Казахстана [Электронный ресурс] : Учебное пособие. - Алматы :КазНИТУ имени К. И. Сатпаева, 2016. - 118 с.

http://library.atu.kz/files/48564.pdf

  1. Абдуллаев, Н.А.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы [Электронный ресурс] : Оқу құралы. - Ақтөбе : АқтӨМУ, 2016. - 343 б. - ISBN 9965-706-77-87.

http://rmebrk.kz/book/1159439


Дәріс №2
Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары:
ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.



  1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.

  2. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы.

  3. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.

  4. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.



1.Ұлттық мемлекет құру жолында: қозғалыстар, күрес түрлері.
Бүгінде біз Алаш қозғалысы деп атайтын құбылыстың алғашқы ұшқындары ХХ ғасырдың басында пайда болған. Қазақ еліндегі зиялылар империя үкіметінің озбыр отаршылдығы салдарларын ‒ шұрайлы жер-судан айрылу, діннің, мектептің қыспақ көруі, ал-жұртты басқаратын ең төменгі билік буындарына да тікелей отарлық өкімет өкілдері отырғызылып, орыстандыру шараларының күшейтіле жүргізілуінен жапа шегу мысалдарын ортаға салып, не істеу керектігін ақылдасу қажеттігін ұқты. Сондай мақсатты жүзеге асыру үшін Көкшетаудағы діни қызметшілер тарапынан көзі ашық азаматтарды жинап мәслихат құрмақ әрекеттері жасалды.Алайда патша үкіметінің құпия қызметі жансыздарының көмегімен оларды тез тауып алды. Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Семей уездерінде тұратын өзге де оқыған қазақтарды тінтіп, үйлеріндегі кітапханаларын тәркіледі. Біразына бірқатар жазалау шараларын қолданды. Бірақ буырқанып қайнап жатқан халық наразылығын күшке салып басып отыру мүмкін емес еді. Бұл әсіресе 1905 жылғы 9 қаңтарда империя астанасында орын алған «Қанды жексенбі» оқиғасынан кейін мүлдем мүмкін болмай қалды.
Жалпақ елде алғашқы орыс революциясы дауылдатты. Жағдайды уыстан шығармау үшін император ІІ Николай мен оның айналасы «революцияны резолюцияға айналдыруды» көздеген бірқатар шешім жасады. (1905 жылғы 18 ақпанда патша ішкі істер министріне рескрипт ‒ бодандарына жақсылық жасайтынын жария түрде мәлімдеген ашық хат берді. Онда министрге заңнамалық жобаларды алдын-ала қарайтын сайланбалы өкілдік мекеме, яғни халықтың сеніміне ие боп сайланып келетін өкілдерден Мемлекеттік Дума құру жайында заң жасау тапсырған. Осыған орай жер-жерде жиындар өтті. Жұрт өздерінің мұң-мұқтаждарын айтып, тілектерін білдірген петицияларын үкіметке жолдап жатты.
Бұл науқанға Әлихан Бөкейханов пен оның пікірлестері үлкен мән бере қарады. Патша үкіметі атына өздері дайындаған тілек-хаттың Дала өлкесіндегі халық көп жиналатын жәрмеңкелердің бірінде талқылап, жұртшылықтан кең қолдау табуын ұйымдастырды. Петицияда тағдыры Ресеймен қосақталған қазақ елінде жүргізіліп жатқан орыстандыру саясаты талданды, қазақтардың діни-рухани істеріне көрсетіліп жүрген зор қыспақ мысалдар келтірілді. Халықтың экономикалық жағдайын түзеуге, қазіргі тұрмыс ахуалын көтеруге мүмкіндік беру үшін жасалуға тиіс шараларды, олардың ішінде қазақ халқының мүдделерін күйттеп, құқықтарын қорғау мақсатымен «орыстың заң шығару жиналысына» қазақ депутаттарын қатыстыру керектігін де қосып, үкімет алдына қойылатын талаптар он бір тармаққа түйінделіп жазылды. Сосын революция қуат берген ұлттық қозғалыстың бағдарламасы іспеттенген бұл тілек-хат көпшілік назарына ұсынылды. Қоянды жәрмеңкесі жұмыс істеген маусым айы бойы жұртшылық арасында талқыланып, қолдау тауып жатты. Ақыры 14,5 мың адам қолдаған (хат танитыны қолын қойған, сауаты ашылмағаны бармағын басқан) петиция әзір болды. Бірақ оны Қарқаралы поштасы қабылдамады да, үлкен қиыншылықпен, Дала өлкесінен тысқары қаладағы пошта арқылы патшалық астанасына жіберілді.
1905 жылғы 6 тамызда ІІ Николайдың Ресейде Мемлекеттік Дума құрылатынын әйгілеген манифесі өмірге келеді. Сонымен бірге Думаға депутаттар сайлауын өткізу ережесі де жарияланды. Бірақ бұл жұртшылықты сонша қуанта қоймады. Император бекіткен құжат ішкі істер министрінің қолынан шыққандықтан, соның атымен «Булыгин Думасы» атанып кетті. Заң шығарушылық емес, кеңесшілік рөл ғана атқармақ Мемдума, халық ереуілдерге шығып, қатты наразылық білдіргендіктен, шақырылмаған күйі қалды. Ақыры, «революцияны резолюциямен алмастырудың» кезекті бір әдісі іске қосылып, патшаның «17 қазан манифесі» дүниеге келді. Мұнда оның «Мемлекеттік Думаны құру туралы» 6 тамызда қол қойған манифесімен сабақтастырылып, парламенттің жаңаша тағайындалатыны айтылды. Заң шығарушы мекемеге халықтың лайықты адамдарының сайлануына жол ашылатыны, Дума мақұлдамайынша бірде-бір заңның күшіне енбейтіні мәлімделді. Сондай-ақ, 1905 жылғы 17 қазанда шыққан осынау манифест саяси құқықтар мен еркіндіктерді жария етіп, ел игілігіне ұсынды. Яғни, бұл құжатта халыққа сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы, жиналыс жасау еркіндігі, одақтарға бірігу еркіндігі және жеке тұлғаның қол сұғуға болмайтын дербестігі қамтамасыз етіледі деп уәде берілді.
ХІХ-ғасырдың аяғы ХХ-ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда Тоқырауын өзені алқабында дүниеге келген. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, одан Қарқаралы мектебінде оқыды. Сосын Омбы техникалық училищесінде кәсіптік білім алып, 1890 жылы Санкт-Петербургтің Орман институтына түсті. Осы жоғары оқуды экономист мамандығы бойынша 1894 жылы бітіргеннен кейін Дала уәләятының астанасына оралып, орман шаруашылығы училищесінде оқытушы болып еңбек жолын бастады. Көп ұзамай түрлі статистикалық басқармаларда, зерттеуші экпедицияларда істеді, қазақ жер-су жағдайын арнайы зерттеуге келген әйгілі земстволық статистик Ф.А.Щербинаның 1896 жылдан Ақмола, Семей, Торғай облыстарында жұмыс істеген экпедициясы жұмысына атсалысты.
Мұның бәрі оның патша үкіметінің жер саясатын терең зерттеп білуіне ықпал етті. Сол саясат салдарынан орын алып жатқан қазақтың отарлық тыныс-тіршілігіндегі келеңсіз өзгерістер мен ауыртпалықтар жайында ой-пікірін аян етіп, баспасөзде өзіндік үн қатып тұрды. «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» атты әйгілі көптомдық еңбектің қазақ даласына арналған, 1903 жылы шыққан ХҮІІІ томының авторларының бірі болды. Зерттеулерімен шұғылдана жүріп, зерделі, оқыған азамат ретінде ол туған халқының тағдырын жеңілдетуді, тұрмысын жақсартуды ойлады. Орталықтағы студент шағынан қоғамдық мәселелерге белсене араласты. Империядағы бірінші революция оқиғаларына сергек үн қосып отырды.

жүктеу 230,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау