Қашықтыққа жүгірудің әр буын бойынша көрсеткіші:
Бастауыш сыныптар (1- 4 сыныптар). Келесі жаттығулар амалдарды шешуге ұсынылады ұзындығы мен жиілігінің өзгеруімен жүру, 30-100 м кесінділерде еркін жүгіру, 10-40 м кесінділерде жылдам жүгіру, 200 м алмакезек жүру мен жүгіру, қарапайым кедергілер арқылы жүгіру сияқты жаттығулар ұсынылады [4;21].
Орта және жоғары сыныптарда (5- 11 сыныптар). 40 м қайта жүгіру (3-6 рет) 60 м нәтижеге жүгіру, баяу қарқынмен жүгіру (5 мин), уақыт есебінсіз 600-800 м кросс, әр түрлі эстафеталар [4;22].
Жүгіру жаттығуларының әр түрін орындағанда VII сынып оқушыларына, алдыңғы сыныптарда айтылғандай қан айналысы мен тыныс алу жүйесінің дамуына жүгірудің әсері жөнінде егжей-тегжейлі айту қажет, бұлшық еттердің қызметі жөнінде, жүрек еттерінің жүйке арқылы реттелуінің өзгерістері туралы терендетілген білім алуы тиіс. Бұл ретте дене тәрбиесі сабақтарында мүмкіндігі болғанша пәнаралық байланыстарды пайдалану, 7-сыныптағылардың «Адам анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы» пәні сабақтарында алған білімдеріне сүйену керек.
Қысқа қашықтыққа жүгіру (60-400 м) - өте тиімді дене жаттығуы. Оны орындай отырып, дұрыс тыныс алуға ерекше зейін аудару қажет. Осы қашықтыққа жүтіруде жас жүгірушілердің организмінде оттегінің көп жетіспестігі байқалады. Осы туралы айта отырып, кез келген қысқа қашықтық бойында оқушы жұтатын оттегінің азғантай мөлшерінің өзі қаншалықты маңызды мәнге ие болатындығын мұғалім атап көрсетуі тиіс. Қашықтыққа байланысты тыныс алудын сипаты да өзгереді. Яғни, мысалы, 60, 100 және 200 м жүгіру уақытында тез және қысқа дем алу мен дем шығару керек. 200 м жүгіре отырып, жүгіруші мәреге 50-70 м қалғанға дейін өте жиі, үзік-үзік тыныс алуға да мәжбүр болады. 300-400 м жүгіруде тыныс алудың бұрын белгіленбеген жеке ырғағын ұстану керек (жиі, бірақ жеткілікті терең). Мәреге жақын қалғанда, оттегінің жетіспестігінің өсуіне байланысты, тыныс алу жиілейді. Ұзын қиындыларды және кростық қашықтықтарды жоғарырақ шапшандықпен жүгіріп өтуде әрбір 3 адым жасағаннан кейін дем алу мен дем шығаратындай тыныс алудың ырғағын ұсынуға болады. Жүгіру шапшандығы өскен сайын тыныс алудың басқа ырғағын ұсынуға болады: 2 адым — демді ішкё алу, 2 адым — демді шығару. Жатқан қалыптан сөреден шығып жүгіру техникасына үйрену, сөрелік екпін алудан қашықтық бойынша жүгіруге ауысу және жылдамдықты дамыту тәсілін жетілдіру үшін пайдаланылатын үлгі жаттығуларды ұсынамыз.
«Сөреге!», «Дайындал!» қалпын қабылдау.
Жатқан қалыптан белгі бермейақ және белгі бойынша дербес және топпен сөреден жүгіріп шығу.
Кейін екпінмен жүгіруге ауысатындай болып, төменгі сөреден 20-25 м-ге жүгіру.
Төменгі сөреден 40-50 м-ге жүгіру. 20-25 м-лік қиындыда орындалатын сөрелік екпін алудан кейін, келесі 10 м-лікті оқушылар екпінмен жүгіріп өтеді, одан кейін барынша жоғары күш жүмсап жүгіруге ауысады. Осы жаттығуды меңгеру шамасына қарай екпінмен жүгіріп өтетін қашықтықтың қиындысы азайтылады.
Барынша жоғары күш жұмсаудан екпінмен еркін жүгіруге 2-3 рет ауыса отырып 60-80 м-ге өзгермелі түрде жүгіру. Екпінмен жүгіріп өтетін қиындылар біртіндеп 2-3 адымға дейін азаяды.
50-60 м қарқынды жүгіру.
Бірден 20-40 м жүгіру.
Төменгі сөреден 60 м жүтіру.
Тіке және көлденең кедергілерден өтуде VII сынып оқушыларының дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіре отырып, дене тәрбиесінің мүғалімі бір үлгідегі, сондай-ақ оларды кедергілер алабында орналастыруға тән болып келетін сәйкестікте кедергілерден өту шапшандығын арттыру бағытында осы жұмысты жүргізеді.
Екі-үш тіке және көлденең кедергілерден өту жөніндегі оқушылардың біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге жүгіру дайындығы сабақтарының барысында кірісе отырып, VI сыныпта игерілген жаттығуларды пайдалануға болады.
Биіктігі 40-50 см 2-3 кедергілерден өту. Бірінші кедергіге дейінгі аралық 20 м, кедергілердің арасы 10 м-ге дейін. Жоғары сөреден және жатқан қалыптан сөреден шығумен орындалады.
Ені 1,5 м көлденең қойылған 2-3 кедергілерден (ор, жыра, шұқыр) өту. Бірінші кедергіге дейінгі және кедергілердің арасындағы қашықтық 20 м. Жоғары сөреден және жатқан қалыптан сөреден шығумен орындалады.
Жатқан қалыптан 20 м жүгіруден кейін тіке және көлденең кедергілерден өту. Кедергілердің арасындағы кашықтық- 20 м.
Кедергілер алабынан өтумен өткізілетін жүгіру эстафеталары.
Әдістемелік ұсыныстар. VII сыныпта барынша жоғары шапшаңдықпен жүгіріп өтетін 50-60 м қиындының саны өсіріледі. Шапшандықты арттыруға бағытталған мұндай жүгіру жаттығулары әр сабаққа енгізіледі, осыған байланысты бір сабақтағы барынша шапшандықпен жүтірудің көлемі 200-240 м құрайды. VII сыныптағы үй тапсырмалары үшін 40-60 м-лік қиындыларды қарқынды жүгіруді ұсыну керек. Үйге тапсырма ретінде V-VІ сыныптарда орындаған, бұрын үйренген жаттығуларды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |