Дәріс № Тақырыбы:Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы Жоспары


Шыдамдылықты дамыту үшін пайдаланылатын жаттығулар



жүктеу 29,02 Kb.
бет3/5
Дата13.02.2022
өлшемі29,02 Kb.
#35735
1   2   3   4   5
24.05.21. Дене тәрбиесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы

Шыдамдылықты дамыту үшін пайдаланылатын жаттығулар.

  1. 15 минутке дейін бірқалыпты екпінде жүгіру (шамамен: ЖСЖ минутіне 160-170 соғу болатындай ретге әр 100 м-ді 34-37 секундте).

  2. 3-4x300-400 м-ді қайтапап жүгіру (шамамен: 400 м-ді ер балалар 75-90 сек; қыз балалар 90-100 сек). Қайталаудың арасыңдағыдемалу 3-5 мин.

  3. 2-3x400 м-ге ауыспалы жылдамдықпен жүгіру (шамамен: 400 м-ді ер балалар 90-100 секундте; қыз балалар 120-130 секундте).

  4. Бастаушыны алмастырып 800-1000 м жүгіру (ойын түрінде орындалады). Қашықтықга жүгірушілердің біреуі (атдын ала белгіленген және алдын ала белгіленбеген) алға шыға және бастаушының орнында болып 80-100 м-ді қарқынды жүгіреді, қалған окушылар берілген екпінді сақгаулары тиіс.

  5. Көтерілулерді, ылдиға қарай жүгіруді және табиғи кедергілерден (уақытты есепгемей) өтуді орындайтын ойлы-қырлы жерлермен 3,8 км-ге дейінгі кросс.

  6. Уақытты есептемей 3,8 км-ге жүгіру [3;42].

Әдістемелік үсыныстар. VII сыныпта жүгірудің апталық көлемі төмендегідей шекте болады: ер балалар - 13-14 км, қыз балалар — 11-12 км. Қайталап немесе ауыспалы жүгіріс аптасына 2-3 рет 4-6 км шамасында қолданылады. Жекелеген сабақгарда шыдамдылыққа жүгіру 3,8 км-ге дейін жеткізіледі.

Оқу бағдарламасы бойынша VII сыныптағы жүгіру дайындығындағы сабақтарда жатқан қалыптан сөреден шығу; жүгіру кезінде бір және екі аяқпен жерге түсе, таянып және таянбай екі-үш тіке және көлденең кедергілерден өтуді жетілдіріп, 3,8 км-ге жүгіру қарастырылған. Дала жарысы (кросс) дайындығының әлементтерін сабаққа енгізе отырып, мұғалім бағытты өзгерте шамалы ғана ойлы-қырлы жерлер арқылы өтетін 3,8 км-ге дейінгі қашықтық бойынша кростық жүгіріске жетінші сыныптағыларды үйретуі керек.

VII сынып оқушыларына қойылатын талаптардың арасында уақытты есептеп 60 және 2000 м және уақытты есептемей 3000 м қашықтықтағы жүгіру дайындығы ерекше орын алады.

Үйретуге әдістемелік ұсыныстар. Отырған қалыптан сөреден шығу, бәрінен бұрын, мектепте спорттық-ойындық қолданысқа ие және әскери- қолданбалы жаттығу есебінде орындалады. Ол негізінен кедергілер алабынан өте жүгіру енгізілген жарыстарда пайдаланылады. Отырған қалыптан сөреден шығу техникасын игере, жетінші сыныптағылар төмендегілерді жақсы меңгеруі тиіс:

а) «Жүгір!» командасы бойынша отырған қалыптан сөреден шыға, жүгіруге оңтайлы бастапқы қалыпты қабылдап, бірден жүгіруді бастау қажет;

ә) отырған қалыптағы сөреде итерілу үшін тірейтін (күшті) аяқты қою мен жүгірудің басталуы қолдарды жазумен бір мезгілде жүргізіледі;

б) сөреден екпін алудан қашықтық бойынша жүгіруге ауысу, жүгіру кезіңде байқалмайтындай болып, біртіндеп жүзеге асырылады.

VII сыныптағы жүгіру дайындығының сабақтарында дене тәрбиесінің мұғалімі күрделі әлементтің техникасын — сөрелік қарқыннан қашықтық бойынша жүгіріске ауысудағы дағдылар мен іскерліктерді жетілдіру жөніндегі жұмысты жетілдіруі тиіс.

7-ші сыныптағыларды отырған қалыптан сөрелік екпін алуға ауысуға және одан қашықтық бойынша жүгіруге ауысуға үйретуде бастапқыда алдыңғы сыныпта өтілген материалды - итерілуде күш жұмсауды өзгерте серпінді күшпен жүгіруді қайталау қажет. Осыдан кейін ғана сөреден шыққанда қашықгық бойынша жүгіруге ауысатын қарқын алуға ауысуға болады. Сөрелік екпін алудан қашықтык бойынша жүгіруге ауысуды оқушылардың біртіңдеп, елеусіз түрде орындауына қол жеткізу керек.

Алдыңғы сыныптағылармен салыстырғанда VII сыныпта 60 м-ге жүгірудегі оқу нормативтері өсті. Яғни, осы қашыктыкка жүгіруде ер балалар үшін «5» бағаға 8,8 сек; «4» 9,7 сек; «3» 10,5 сек; қыз балаларда - «5» 9,7 сек; «4» 10,2 сек; «3» 10,7 сек беріледі.

Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және жоғарғы сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде жоғарғы сөре жағдайында тұрады.



Жоғарғы сөре. «Сөреге!» деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп және тіремей. Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте- бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.

Төменгім сөре. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданады, оның көлемі әр түрлі болады. Алдыңғы тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45-50о . Жарыс тәртібі бойынша әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 50-60о дейін өзгертуге болады [4;45].


жүктеу 29,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау