Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:
курстық жобалардың (жұмыстардын) тақырыптары,
графикалық- есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.,
орындалу уақыты,
бақылау түрлері (тестілер, экспресс-сұрақтар, есептер, рефераттар, баяндамалар т.б.).
Төменде мысал келтірілген
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Реферат
|
Тақырып бойынша негізгі баяндама
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
3 апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Реферат және баяндама
|
2
|
Оппонент болуы
|
Баяндама жасау
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
4 апта
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Семинарда жауап беруі
|
3
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
(барлығы 12 тапсырма)
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
Тақырып бойынша
1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
4
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Ойлау қабылетін тексеру
|
Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты
Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты
|
№4 семинар
№10 семинар
|
Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады
|
Жазба жұмысын тексеру
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексер
|
|
|
Тест
|
|
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, және студиялық сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Экономика және кәсіпкерлік»
Тьютор Муханова Райгуль Ғарифоллақызы
(аты-жөні)
Пән Аймақтық экономика
(пән атауы)
Кредит саны - 3
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
|
|
кітапханада
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2
|
3
|
|
Агентство Республики Казахстан по статистике: Регионы Казахстана 2002 – Алматы, 2002
|
5
|
-
|
|
Агентство Республики Казахстан по статистике: Регионы Казахстана 2002 – Алматы, 2002
|
5
|
|
Агентство Республики Казахстан по статистике: Регионы Казахстана 2003 – Алматы, 2003
|
2
|
-
|
|
Агентство Республики Казахстан по статистике: Регионы Казахстана 2003 – Алматы, 2003
|
2
|
|
Агентство Республики Казахстан по статистике: Регионы Казахстана 2004 – Алматы, 2004
|
4
|
-
|
|
Агентство Республики Казахстан по статистике: Регионы Казахстана 2004 – Алматы, 2004
|
4
|
|
К. Б. Бердалиев Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы – Алматы: «Экономика», 2001
|
13
|
-
|
|
К. Б. Бердалиев Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы – Алматы: «Экономика», 2001
|
13
|
|
Смағұлова Г. С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері: Оқу құралы- Алматы: «Экономика», 2005.
|
4
|
-
|
|
Смағұлова Г. С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері: Оқу құралы- Алматы: «Экономика», 2005.
|
4
|
|
Стратегия территориального развития Республики Казахстан до 2015 года. – Астана, 2006 год. Утвержденное Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2006 года № 167
|
-
|
1
|
|
Стратегия территориального развития Республики Казахстан до 2015 года. – Астана, 2006 год. Утвержденное Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2006 года № 167
|
-
|
|
Региональная экономика: Учебник / Под редакцией В. И Видяпина – М.: Инфра-М, 2002 – 686 с.
|
1
|
-
|
|
Региональная экономика: Учебник / Под редакцией В. И Видяпина – М.: Инфра-М, 2002 – 686 с.
|
1
|
|
Родионова И. А. Региональная экономика: учебное пособие – М.: Экзамен, 2003 – 384
|
1
|
-
|
|
Родионова И. А. Региональная экономика: учебное пособие – М.: Экзамен, 2003 – 384
|
1
|
5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
№ 1-ші лек. Кіріспе. Аймақтық саясат ерекшеліктері.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің үлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындагы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – аймақтардың тұракты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету – мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласа алмайды. Мемлекет кәсіпорындарға тек қана жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің ең маңызды шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының (масштаб, территория) дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижесіне жете алмайды. Сондықтан, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу – бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Нарықтық қатынастарды калыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ-та ең «алдыңғы» және ең «артта қалған» штаттарының арасындағы айырмашылық – небәрі 1,8 есе ғана. 2003 жылғы ресми деректер бойынша, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына (1099,4), ал ең төменгі көлем Жамбыл (91,2 мың теңге) облысына тиесілі болып отырды. Осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.
Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсарту» қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына (разрыв, расстояние) жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады.
№ 2-ші лек. Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық кеңістігі
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
• шаруашылықтарының қүрылымы экспортқа бағытталған;
• индустриялық дамыған;
• агроөнеркәсіптік;
• дағдарыстық.
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-элеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
• минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өндеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
• отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және элемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, элеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
• ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
• шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық элеуетті қалыптастыру;
• жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
• нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймактар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың элеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
• ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
• тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және элеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары кажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
• экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
• осы аймактарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
• қоршаган табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
• шетелдік техникалық және гуманитарлык көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан ушін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып; олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
• ендіріс қарқынының төмендеуі;
• халыктың өмір сүру деңгейінің темендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
• жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
• демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтык айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың элеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады
№ 3-ші лек: Аймақты басқару жүйесі
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (1-сурет). Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады.
Осы суреттен көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше болып келеді. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады
Лек №4 Аймақтық саясатты қалыптастыратын факторлар
Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:
- еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың орналасуының «курделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;
- инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- елдің экономикалық даму тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
- институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б;
- орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
- орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталыктандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін проблема ретінде қарастыруға болады.
Нарыктық экономикаға өту барысындағы аймактық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді колдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалык және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.
№ 5 Басқару - аимақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы
Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекеттердің тәжіри-бесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.
Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- «әділдік», яғни барлық аймақ түрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- «тиімділік», жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі.
Бұл екі мақсат қарама-қайшы да, бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.
Қазіргі кезеңде элеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:
- мақсаттар қою арқылы;
- белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;
- ресурстарға шектеу қою арқылы.
Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі басқару құрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шығып кететін болса, келісімшарт түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу маңызды болып табылады.
Аймақтық басқарудың кез келген деңгейі басқарушылық қызметтің нақты түрлерін орындаумен сипатталады, яғни құрылымның әрбір деңгейіне қатысты нақты функциялардың болуы. Аймақтық басқарудың нақты функцияларының жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Оларды бөлудегі бастапқы негіз - аймақтық басқарудың нақты әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттері. Әр деңгей жоғары деңгеймен келісе отырып, өзінің мақсаттарын қалыптастырады.
Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол сияқты жоғарыдан - басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару мақсаттарына жауап бермейтін жэне нарықтық катынастар арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.
Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің негізгі ережесі болып субсидиарлық қағидасы табылады. Ол қағидаға сэйкес басқарудың нақты функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс. Демек, баскару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару объектісінің мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады. Сонымен қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:
• өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы, оған сәйкес функцияны орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру үшін қажет және жеткілікті болуы тиіс;
• өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәйкестік қағидасы, белгілі бір функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен асып кетпеуі қажет, сондай-ақ бұл өкілеттіліктерден кем болмауы да шарт;
• , басқару деңгейіне сәйкес нақты функцияны жузеге асыру қажетті материалдык, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.
Басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық (эксперт) әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Басқарудың белгілі бір деңгейінде функцияны тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауда аумақтық бірліктердің түрлі сипаттамаларын ескеру талап етіледі, атап айтқанда, халық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым функциялар жоғарыға берілмей, басқарудың аймақтык деңгейлерінде қалады. Аумақтық бірліктердің экономикалық және элеуметтік дамуы қаншалықты жоғары болса, дамуға қатысты функциялардың көбі сол аймақтың басқару органдарының құзіретінде қалдырылады.
Нақты функцияның жүзеге асуының тиімділігін бағалау әрбір деңгейде тиімділіктің әр түрлі экономикалық жэне техникалық көрсеткіштерімен аныкталады. Функцияны жүзеге асырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар деңгейге сол функция бекітіліп беріледі. Аймақтық басқарудың әрбір нақты функциясының жүзеге асырылуына және оның тиімділігіне басқару объектісінің қанағаттандырылу деңгейі үнемі сарапшылық бағалау негізінде аныкталып отырылуы тиіс.
Осы теориялық негізге сүйене отырып, Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы ретіндегі басқару ерекшеліктерін қарастырайық.
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылады. Осыған орай, аймақгық экономикалық саясат, орталық үкіметпен қоса аймақтық билік органдарымен де жүргізілуі тиіс. Тек орталық билікте ғана жалпы елдің экономикалық өсуін ынталандыру элеуметтік шиеленісуді азайту үшін аймақ пен салалар арасыңда пайданы тиімді қайта бөлу, елдің экономикалық дамуында терең аймақтық жэне салалык теңсіздікті қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығу тәрізді күрделі мэселелерді шешуге мүмкіндік бар. Ал аймақтық деңгейдегі билік болса өз мүдделеріне сэйкес, өз өкілеттіліктері шегіндегі мәселелермен айналысады. Аймақтық дамуды басқару осы орталық пен аймақтар арасындағы мүдделерді үйлестірудің нысандары мен эдістерін қолдануды, аймақаралық және аймақішілік материалдық ресурстар мен қаржылық ағындарды пайдалану арасындағы өзара байланысты күшейтуді, республиканың, эсіресе дағдарыстық аймақтардағы субъектілердің элеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру тәсілдерін көздейді. Қазіргі кезендегі аймақтар дамуының негізгі басқарушылық астары ретінде республикалық жэне аймақтық бағдарламалардың өзара эрекеттесуі мен үйлесуі, болып жатқан өзгерістерге сай олардың оңтайлы сэйкестігі қарастырылады.
Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субъектісін - орталық (Үкімет) пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық бөліп көрсетумен байланысты болып отыр. Бұл деңгейлердің әрқайсысы өздерінің басқару аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие. Барлық мэселе - осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндігінде, аймақтық басқару органдарына қаншалықты бостандық берілгендігінде жэне басқару субъектілерінің арасында қандай қатынастар орнатылгандығында. Жалпы алғанда екі түрлі нұсқа болуы мүмкін: біріншісі, орталық аймақпен салыстырганда артықшылықты жағдайға ие болады; екіншісі, аймақтардың мейлінше дербес бола отырып орталықпен айқын қатынастар орнатуы.
Аймақтық саясатты жасақтаудың мэні аймақты басқару функцияларын бөлу қағидаларын, мемлекеттік жэне жергілікті деңгейде аймақтық саясатты жүзеге асыру қағидаларын, сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау болып табылады (2-сурет).
Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы үлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде - экономикалық мақсаттар, ал экономикалық өсу кезеңінде әлеуметтік мақсаттар артықшылыққа ие болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:
1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру;
2. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпы-мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың деңгейіне жеткізу, бірақ мұндай жағдай халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс;
3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;
4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді. Осыған орай билік деңгейлері арасында өкілеттіліктерді, жауапкершіліктер мен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы тиіс. Биліктің барлық деңгейлері:
• халыққа әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуы және негізгі конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс;
• шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет;
• халыққа қажетті, бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы тиіс;
• басқару органдары аймақтың артта қалған аудандарын дамыту саясатын жүргізуі керек;
• табиғат қорғау шараларын жүргізуі тиіс.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешетін стратегиялық жэне тактикалық міндеттерінің сипатын ескеретін, икемді және сараланған болуы керек.
Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді:
- республикалық және аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бүл басқару функцияларының қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық қүрылымының иерархиялылығын белгілеуге, әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нэтижелеріне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;
- республикалық басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының негізгі нысандарын табу.
Аймақтық басқарудың маныздылығы мен қайтарымы әлемдік шаруашылық жүргізу тэжірибесімен де дәлелденіп отыр. Атап айтқанда, экономикалық даму тұрғысынан алдыңғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарыкта сүранысқа ие аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы, экономикалық элеуетке ие болу шарт емес. Кебінесе дамудың, оның ішінде аймақтық дамудың да жоғары деңгейінің кепілі басқарудың озық түрлерін қолдану, басқару өнерін игеру, шаруашылық айналымға аумақтағы экономикалық элеуетті тарту, аймақтың өзі үшін, басқа аумақтар үшін экономикалық қызмет нэтижелерін пайдалана білу екендігі шет ел тэжірибесімен айқындалған.
Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың мемлекеттік стратегиясы ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалық кеңістігінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға, экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы үшін жағдайлар қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Аймақтық экономиканың қызмет етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы, аумақтардағы шаруашылық жүргізу мен элеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы дербестіктің барған сайын арта түсуі аумақтың тұрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін күшейте түседі. Нақ осы аймактық басқару халықтың өмір сүру жағдайы мен деңгейіне, қоршаған ортаның қорғалуына, аймақ экономикасының инвестициялық тартымдылығына, оның бәсекеге қабілеттілігіне жауапты болады.
№ 6-ші лек:Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері
Шет ел мемлекеттердің аймақтық саясатты қалыптастыру тәжрибесі.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың құралдары
Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері
Еуропалық жүйелерді Қазақстанда құрудың қажетті шарттар мен факторлар
1. Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тзжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған элемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында элемдік тэжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, элеуметтік-экономикалық дамуына, үлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруға тиіспіз.
Мемлекеттің құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілетгіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер «интеграцияланған» мемлекеттер тэжірибесіне сүйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты мемлекеттерде аймақтық саясат мэселелеріне қатысты орталықтандырылған эдіс қолданылады. Бүл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті аумақтық деңгейге жүктеуге эрекет жасалынғанымен, жергілікті жерлерде қажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады.
Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрылымы «интеграцияланған» мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Бұл аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асыру барысын айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі «Жерлерге» жүктелген, ал итальяндық жүйенің көпшілік элементтері орталықтандырылған сипатқа ие. Германияда аймақтық саясат саласындағы федералды үкіметтің негізгі функциясы - GA (Біріккен оперативті топ) шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі Комитет GA құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын жэне аймақтық даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті көмек көрсету шаралары мен шарттарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі жақтан (Федералды үкіметпен және Жерлермен) бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі аймақтық саясаттың іске асырылуына жауапты болады.
Финляндияда аймақтық саясаттың қүрылуына, яғни, аймақтық саясатты үйлестіруге, заңдарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға т.б. Ішкі істер министрлігі жауап береді. Аймактық саясатты жүргізу жауапкершілігі әр түрлі орталық министрліктерге жүктелген. Финляндияның аймақтары жекелеген шешімдерді (шағын жобаларды) қабылдайды, ал негізгі шешімдер орталықтан қабылданады.
Ал Швецияда қалыптасқан жүйе бойынша аймактық әкімшіліктер жалпыүлттық директиваларды іске асырады. Бұл жуйеде Өнеркэсіп жэне сауда министрлігі басты орынға ие. Министрліктің жанынан артта қалған аудандарға қатысты аймақтық саясатты жасақтау, оны бақылау жэне Еуропалық комиссиямен байланысты жүзеге асыру істерін атқаратын бөлімдер құрылған. Аймақтарды дамыту стратегиясын жасақтаумен графствалардың экімшілік кеңесі айналысады. Өздерінің саясатын іске асыру үшін олар бюджеттен қаржыландырылады.
Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясатты жүргізудегі бай тэжірибелерімен ерекшеленеді:
• Франциядағы орталықтандырылған әдіс;
• Нидерланды мен Үлыбританияда орталықсыздандырудың жоғары деңгейі.
• Австрия мен Бельгиядағы федералдық жүйе.
Францияда министр қолдау көрсету жөніңдегі ведомствоаралық комитеттен алынған ұсыныстарға негізделген аймақтық саясатқа жауап береді және оның құзыретіне аймақтық дамытуды ынталандыруға қатысты шешімдер қабылдау кіреді. DATAR- Франциядағы аймақтарды дамыту жөніндегі басты ұйым.. 1995 жылы қабылданған негізгі Занға сэйкес аймактық даму саясаты үлттық деңгейде анықталып, жергілікті әкімшіліктермен жүргізіледі.
Нидерландыда Экономика министрлігі мен провинциялар әкімшілігі аймақтық саясат мэселелерімен айналысатын негізгі ведомоствалар болып табылады. Экономика министрлігі аймақ-тарға көмек көрсетуде 10 млн. флориннан асатын инвестициялар көлеміндегі жобаларға жауап береді, ал одан төмен көлемдегі басқа жобалар орталықсыздандыру түрінде іске асырылады.
¥лыбританияда аймақтық саясат мәселелерімен Сауда жэне өнеркәсіп министрі жэне Шотландия мен Уэльс істері жөніндегі Министр айналысады. Англияда аймақтық саясатгы қалыптастыру мәселесі Сауда жэне өнеркэсіп министрлігі мен аймақтық үкіметтік ведомстволарға жүктелген. Аталмыш министрлік Англиядағы үкіметтік ведомстволардың құзырет шегінен тыс көптеген жобаларды жэне Үлыбританияға өз салдарларын тигізетін жобаларды бағалайды, сонымен қатар, үлттық деңгейдегі директиваларды жарақтап, олардың орындалуына бақылау жүргізеді. Үкіметтік ведомствалар құзыретіне аймақтарға көмек керсетуге қатысты шешім қабылдау кіреді.
Австрия Конституциясы аймақтық саясатты жүргізу өкілеттілігін шектемейді. Федералды деңгей, жерлер экімшілігі жэне жергілікті билік арасында өкілеттілік аялары бейресми бөлінеді. Аймақтарға көмек корсету федералды үкіметпен жэне сол аймақтың жер әкімшілігімен қаржыландырылатын жэне жүзеге асырылатын біріккен жобаларға сэйкес жүзеге асырылады.
Бельгияда аймақтық саясат мэселелері аймақтық деңгейлерде қарастырылады. Ірі жобаларға көмек көрсету шешімі аумактық экімшілікпен қабылданады, ал қалған шешімдер аймақтық Экономика министрімен қабылданады.
2. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың эр мемлекеттер үшін маңызы эр түрлі көптеген құралдары бар. Тарихи даму тұрғысынан мұндай қүралдардың бес үлкен тобын көрсетуге болады:
- халық тығыз қоныстанған аймақтарда жаңа кәсіпорындарды орналыстыруды қолдауға кететін қаражат;
- экономикалық даму саласында мемлекеттің қызметін, кеңістіктік бөлу;
- қаржылык қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру;
- инфрақұрылымды қалыптастыру;
- дамуды ынталандыру жөніндегі «жұмсақ» шаралар.
Қазіргі уақытта алғашқы екі құралдың рөлі айтарлықтай төмендеп кетті. «Қолдау» құралдары Франция, Ұлыбританияда қолданынғанымен, бұл құралдардың қолданылу ауқымы уақыт өткен саиын азаюда.
Қазіргі уақытта Еуроодақтың (ЕО) көпшілік мемлекеттері аймақтық саясат құралы ретінде соңғы үш топты қолданады. Қаржылық ынталандыруларға жұмыс орнын құрумен байланысты жэрдемақылар, субсидиялар, несиелер жэне т.б. жатады. Бүл эдістер фирмаларды, проблемалы аудандарды инвестициялауға ынталандыру үшін жасалған. Осы аталған құралдар Еуроодақтың барлық мемлекеттерінде кеңінен қолданылуда. Инфрақұрылымның «жұмсақ» элементтеріне ақпараттық желілерді қолдау, консалтингілік қызмет, ғылыми зерттеулер жатады.
Интеграцияланған мемлекеттерде саясат құралдарының құрамы айтарлықтай көлемді болып келеді. Оның себебі аймақтық проблемалардың «тереңдігімен» байланысты. Аймақтық саясатты дамытуды ынталандыру үшін құрылымдық және интеграциялық қорлар құрылған. Бұл қорлар тек өндірісті инвестициялауды ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсетуді жэне бизнестің дамуына жағдай жасауды да көздейді. Интеграциялық қор көлік жэне қоршаған ортамен тікелей байланыста болатын инфрақұрылымның дамуына қатысты үлкен жобалармен айналысады.
Скандинавия елдеріне қатысты аймақтық саясаттың «тар» және «кең» астарлары бар. Тар мағынасында мұндай саясат бизнес пен экономиканы дамыту іс-шараларын қамтиды. Аймақтық саясаттың кең астары халық аз қоныстанған аймақтардағы өмір сүру деңгейін қолдау мақсатында үкімет тарапынан байланыс, көлік, білім жэне денсаулық сактау саласындағы әрекетгер кешенін көздейді. Скандинавия елдерінің негізгі ерекшелігі ЕО-ның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда аймактық саясаттың тар астарының өзінде де мазмұны кең болып табылады. Мысалы, проблемалы аудандардың өздеріне тэн ерекшелігін, олардың қатаң климаттық жағдайларын ескере отырып, ЕО-ның басқа мемлекеттерінде қолданылмайтын ұзақ мерзімді қолдаулар бар.
Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясаттың эрекет ету аясын кеңейту туралы шешімдер қабылдауда. Атап айтқанда, Францияда аймақтық саясат ауқымы кеңейе түсуде, онда «аумақты басқару» түсінігі аймақты дамытудын саяси шараларының кең жүйесін күрайды. Аймақты дамыту туралы зандардың бірі аймақта сараланған салық салу, инфрақұрылымды дамыту, аймақтарды дамытуды ынталандыру туралы шешімдер қабылдау және т.б. қамтиды. Сонымен қатар кедей аймақтарға көмек көрсететін аймақтардың дамуын жоспарлау жөніндегі келісімдердің мемлекеттік жүйесі бар. Нидерланды мен Австрияда аймақтық саясатгың маңыздылыгы элдеқайда төменірек, бірақ бүл мемлекетгер фирмаларға қаржылық көмек көрсету шегінен шығатын аймақтық саясатты жүргізуге талпынуда. Нидерландыда аймақтық саясаттың негізі тар мағынада капитал салуға келіп саяды, ал кең мағынасында - қолайлы бизнес ортаны құру жэне инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені. Австрияда аймақтық саясатты дамытуда саяси шаралар қабылдануда, яғни аймақтардың экономикалық даму саясаты бизнес ортаның дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ көлік, білім беру жэне өмір сүру деңгейін жоғарылату сияқты жергілікті факторларды қамтуы тиіс.
Данияда аймақтық саясат «шекті шаралар» аясында құрылған. Оған фирмалар қолдана алатын, бірақ ақшалай қаражат беруді немесе қандай да бір фирмаға көмек көрсетуді көздемейтін қызметтер кіреді. Техникалық жэне коммерциялық қызметтер жиынтығына еркін қол жеткізуге болатын мұндай шаралар бүкіл мемлекетте жүргізіледі. Дания 1991 жылдан бері жеке аймактарды дамытуды ынталандыруға қатысты бағдарламаны жүргізбеген ЕО-дағы жалғыз мемлекет. Данияда элеуметтік қамтамасыздандырудың біртұтас мемлекеттік жүйесі бар, сондай-ак қаржылық механизмдерінің жүмыс істеуі табыс деңгейі мен элеуметтік мүмкіндіктерде айырмашылық тудыруы мүмкін жекелеген аймактардың экономикалық дамуындағы теңсіздікке жол бермеуге бағытталған.
Бельгия, ¥лыбритания сияқты мемлекеттердің аймақтық саясаты ынталандыру саясаты болып табылады. Қолайлы бизнес - ортаны қүруға бағытталған шараларды аймақтық саясаттың емес, жалпыүлттық саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырған
Ұлыбританиядағы аймақтарды дамыту шараларын екі турге бөлуге болады:
- ынталандыру саясаты деп атауға болатын аймақтық индустриялық саясат;
- ауылдық жэне қалалық аудандарын дамытуға арналған бағдарламалардың тұтас жүйесін құрайтын «қайта өрлеу» саясаты.
Бүл екі бағыт бұрын бір-бірінен бөлек орындалатын, қазіргі уақытта бірге орындалуда. «Қайта өрлеу» саясатының ерекше белгісі жекелеген аймақтарды дамыту жэне олардың бәсеке-лестігін арттыру болып табылады. Соңғы кездері «қайта өрлеу» саясатын жүргізудің тиімділігі артып келеді. Қазір аумақтық индустриялық саясаттың бюджеті «қайта өрлеу» саясатының бюджетіне Караганда он есе аз, бұрын бүл бағыттарға бөлінетін қаржы көлемі бірдей болатын.
Еуроодаққа мүше мемлекеттердің аймақтарды дамытуға қатысты саясатын талдай отырып, олардағы (Данияны қоспағанда) аймақтық саясаттың өзегі аймақтық дамуды ынталандыру екендігіне көз жеткіздік. Енді аймақтык саясатты жүзеге асырудың бірқатар механизмдеріне тоқталып өтейік.
3. Батыс Еуропадагы багдарламалық әдіс жэне жоспарлау механизмдері.
Берілген эдіс механизмдерін үш тұрғыда қарастырған жөн:
1. ЕО ішінде экономикалык жэне элеуметтік интеграцияның дамуына ықпалын тигізетін Құрылымдық қордың бағдарламалық әдісі;
2. Аймақтық экономикалық қүрылымдарды жетілдіру үшін Құрылған GA (Gemeinschaftsaufgabe) міндеттерді бірлесіп шешудің германиялық жүйесі. Бүл жүйе федералды үкімет пен Жерлердің келісу нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекет пен аймақтар арасындағы француздық жоспарлық келісімдер (CPERs) (кесте).
Жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдардың түрлі мақсаттары мен механизмдері бар, олардың жалпы негізгі ерекшелігі: аймактарды дамытуға басқарудың эр түрлі элементтерін қатыстыруды ұйымдастыра отырып, олардың күштерін біріктіреді.
4. Осындай жүйелерді құрудың еуропалық тэжірибесі айқындағандай, олардың табысты болуы үшін белгілі шарттар мен факторлар қажет екен. Ең алдымен, нашар және күшті дамыган аймақтар арасында «ынтымақтастық туралы пакт» қажет.
«Ынтымақтастық пактісін» жалпы мақсатқа сай құрылатын кез келген жүйені қалыптастыруда алуға болады. Мұндай жүйе екі әдіспен енгізілуі мүмкін: тікелей және жанама.. Тікелей әдіс елдің барлық аумағында аймақтық дамуға ықпалын тигізгені үшін қандай нысанда болсын ынталандыруларды көздейді, дегенмен, нашар дамыған аумақтар үшін ынталандыру артығырақ болады.
Жанама әдіс те тиімді болып табылады. Оған экономикалық кеңістікте дамыған аймақтардың «қолайсыз» аймақтардың дамуынан алатын экономикалық жэне элеуметтік жанама артықшылықтары жатады.
Тұрақты экономикалық жагдай. Жоғарыда сипатталған эрбір жүйе аймақтағы кэсіпорындар мен ұйымдардың бағдарл-маларға қаржы бөлуге жэне оларды орындауға мүмкіндік беретін тұрақты экономикасының болуын көздейді. Бұл әрине, саяси жағдайы тұрақты, макроэкономикалық дамуда тұрақтылыққа ие мемлекеттерде мүмкін болады.
Саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жауап кершіпіктерді бөлу. Егер аймақтық даму жүйесіне көптеген үйымдар қатысатын болса, онда жүйенің тиімділігін қамтамасызету мақсатында рөлдер мен жауапкершіліктерді нақты бөлу кажеттілігі туындайды.
Мұндай жағдайда міндеттерді дұрыс бөлу мақсатында барлық қатысушылармен белсенді байланыс қажет. Сонымен қатар әрбір ұйым немесе ұйым топтарының жауапкершіліктерін шектеудің тағы бір механизмі - бұл жоспарларды жасақтау жэне жүзеге асыру кезеңдерінде биліктің жоғары деңгейінде шығарылған нені, қалай істеу керек екендігі көрсетілген нұсқаулар.
7-ші лек: Еуропаның дамыған елдері мен АҚШ – тағы аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы
1. Аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы
Бүгінгі күні Еуропаның дамығын елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылатындар:
1) билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік беру;
2) елдің жэне аймақтың экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи ресурстық әлеуетін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, бірігіп әзірлеу;
3) аймақтардың экономикалық даму деңгейлерін теңестіру.
Сондай-ақ элемдік тэжірибеде аумақтарды дамытудың үш мүмкін нұсқасы белгілі, олардың мэні:
• алдыңғы қатарлы, бай аудандарды дамыту және қолдау керек, ал қалғандары бай аудандар есебінен дамиды (АҚШ тәжірибесі);
• салық салу, жұмыспен қамту, өмір сүру деңгейін реттей отырып, барлық аудандарда өмір сүрудің шамамен тең жағдайларын қамтамасыз ету (Германия тәжірибесі);
• кедей аудандарды ғана қолдау қажет, ал бай аудандар өздігінен дами алады (Скандинавия елдерінің тэжірибесі).
Осы тәжірибелерге сүйене отырып, біздің республикамыздың қазіргі даму жағдайында Германия мемлекетінің тәжірибесін қолдану белгілі бір нәтижеге жеткізеді деп тұжырымдауға болады.
Сонымен шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысын, оны іске асырудағы басқару органдарының қызметін сараптау нэтижесі елдің аймақгық саясатын жүргізуде бірқатар тэжірибелерді ескере отырып, оларды өз ерекшеліктерімізге сай бейімдеуді және пайдалануды талап етеді.
Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін бағалау
Көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі
ЖАӨ динамикасы
1. Экономикалық тұрғыдан алғанда тұрақты даму мен қауіпсіздік екі түрлі, бірақ кез келген аядағы бір-бірімен өзара байланысты жағдайлармен сипатталады. Мұнда тұрақты даму басым болады да, ал қауіпсіздік осы дамуды қамтамасыз етеді. Сонымен, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен тұрақты дамуының қажетті шарты ретінде қарастыру керек.
Жоғарыда көрсетілгендей, қатерлер эрбір аймақ үшін ерекше жэне эр түрлі элеуетке ие. Сондықтан бұл объективті түрде көрсетілген нақты қатерлер факторын анықтау негізінде экономикалық қауіпсіздік қатерін терең зерттеу, талдау жэне нақты аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін бағалаудың қажеттілігін негіздейді.
Аймақтық шаруашылықтың жекелеген элементтерінің дамуындағы қажетті қатынастардың бұзылуы, әлеуметтік мэселелерді шешудегі артта қалушылық, экологиялық жағдайдың нашарлауы жэне аймақтық ресурстарды тиімсіз қолдану макродеңгейдегі экономикалық қауіпсіздік қатерлерін күшейтеді.
Аймақтың мамандандыру нысаны көбінесе экономикалық қауіпсіздік факторларын анықтайды.
Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін бағалау үрдісінде қолданылатын көрсеткіштер мен индикаторлардың жүйесіне қойылатын талаптарды қарастырайық:
1. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жұйесі бір-бірімен байланысты болуы керек;
2. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қатерлер тізіміне сай болуы тиіс;
3. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі қажетті жэне жеткілікті болуы тиіс;
4. Алынған талдау нәтижелері нақтылыққа сай тексеру мүмкіндігіне ие болуы керек;
5. Олар уақытқа сай болып, элеуметтік-экономикалық өмірдің белгілі бір кезеңін сипаттауы қажет.
Сандық сипаты бар мұндай көрсеткіштер төнген қауіпті алдын ала көрсетуі тиіс. Мұндай көрсеткіштер жүйесі экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының айналысы жүзеге асырылатын аймақтық жүйенің ұдайы өндіріс сипатын бейнелейді.
2. Экономикалық қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі аймақта бір жыл ішінде өндірілген өнім, яғни ЖАӨ болып табылады. ЖАӨ - аймақтарда орналасқан салалардың қосымша құндарының сомасы ретінде анықталынады.
ЖАӨ динамикасын анықтайтын экономикалық қауіпсіздіктің факторлы көрсеткіштері еңбек, капитал және табиғи ресурстарды қолдану болып табылады. Бұл көрсеткіштердің байланы-сын келесі функция түрінде көрсетуге болады:
WRP=f(Ka,LbZc)
мүндағы WRP - ЖАӨ;
К - капитал көлемі;
L - еңбек шығыны;
Z - жер мен ресурстарды пайдалану көлемі;
а, Ь, с - эрбір факторға қатысты ЖАӨ-нің икемділігін көрсететін коэффициенттер.
Аймақтардың экономикалық қауіпсіздік деңгейіне эр түрлі факторлардың эсерін бағалау үшін талдаудың корреляциялық-регрессиондық эдісін қолдануға негізделген экономикалык-математикалық модель құрылады. Кез келген модель объектінін. біздің жағдайда ЖАӨ динамикасымен анықталынатын аймактық жүйе үшін жасалынады.
Модельді құру негізінде аймақтарды экономикалық элеуеті, даму деңгейі мен мамандануы бойынша бөліп, оларды топтас-тьірады. Қазақстанның аймақтарының әрбір тобында аймақтық ерекшеліктеріне негізделген экономикалық қауіпсіздігінің ерек-ше қатерлер кешені бар.
Республика аймақтарының экономикалық қауіпсіздігін қам-тамасыз ету мақсатында макроэкономикалық үйлесімділік (пропорциялар) пен тұрақтылықты сактай отырып, ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету қажет.
11 лек: Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару
1. Бюджет жүйесі
2. Жегрілікті бюджет
Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару мэселесін шешу пэрменді аймақтық саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік жэне несиелік ресурстардан құралады.
Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен аныкталады, Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан - федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядагы жерлердің, Канададағы провинция-лардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сэйкес құқықтық нормаларға негізделген эр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің эр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық жэне жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады жэне дербес болып табылады:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
• ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті)1.
Республикалық бюджет салықтық жэне басқа да түсімдер-ден құралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағы-нышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылган ақша қоры.
Облыстық бюджет, республикалық маңыздагы қала, астана бюджеті салықтық жэне басқа да түсімдерден құра-латын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңге-йіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды жэне сәйкес әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзе-ге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сэйкес әкімшілік-аумактық бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет республикалық жэне жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.
Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімең, сондай-ақ, республикалық жэне жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазакстан Республикасының бюджет жүйесі
2. Жергілікті бюджет
Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Жеке аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай; қаржы-бюджет саясаты , ендіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі жэне т.б. факторлар эсер етеді.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік жэне салықтық заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі баскару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да зандармен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен байланысты басқа да бағдарламалардың каржыландырылуы жүзеге асырылады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: қоғамдық тэртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару орган-дарын ұстау шығындарын қаржылындыру; білім беру мен денсаулық сақтауды; халықтың жекелеген санаттарын элеумет-тік қамсыздандыруды жэне заңды түрде бекітілген жеңілдіктерді жүзеге асыруды; тұрғын үй-коммуналдық шаруашы-лық, сумен қамтамасыз ету жэне инженерлік инфрақұрылымды; мэдениетгі, спортты, туризмді жэне жергілікті бұкаралық ақпарат құралдарын; шағын жэне орта бизнесті дамытуды; жұмыс-бастылықты қамтамасыз етуді қаржыландыру жэне кезекті қаржылық жылға арналған бюджетте қарастырылған басқа да бағдарламаларды қамтамасыз ету. Мемлекеттік банктер аркылы қайтарымды негізде берілетін бюджеттік қаражаттар қысқа мерзімді, орта мерзімді жэне ұзақ мерзімді мемлекеттік жэне аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға арналады.
Қазақстан Республикасының аймақтық бірегей бюджеті жергілікті бюджет бола отырып, елдің бюджет жүйесінің дербес буыны болып табылады. Бюджеттік қаржылардың орталықтандырылу деңгейін сипаттайтын эр түрлі деңгейлер бойынша бюджеттің табыс бөлігінің бөліну құрылымын айқындайтын кесте деректеріне назар аударайық
Қазакстан Республикасындағы бюджеттердін эр түрлі денгейлері бойынша табыстардын боліну күрылымы
Бюджет түрлері
|
1999 ж
|
2000 ж
|
2001 ж
|
2002 ж
|
2003 ж
|
млн. теңге
|
%
|
млн. тенге
|
%
|
млн тенге
|
%
|
млн тенге
|
%
|
млн тенге
|
%
|
республи калык
|
250352
|
53,5
|
317748
|
54,1
|
393584
|
53,6
|
505709
|
62,6
|
722000
|
59,7
|
жерплікті
|
217575
|
46,5
|
269290
|
45,9
|
340352
|
46,4
|
302331
|
37,4
|
486376
|
40,3
|
мемле-кеттік
|
467927
|
100
|
587039
|
100
|
733660
|
100
|
807852
|
100
|
1208376
|
100
|
Кестені талдау нэтижесінде республикалық бюджетте қаражаттардың орталықтану деңгейі 1999 жылғы 53,5 пайыздан 2003 жылы 59,7 пайызға дейін жоғарылағанын байқап отырмыз. Кестеде келтірілген деректерді «жағымсыз» құбылыс ретінде сипаттап, оны орталықтану тенденциясының көрінуі деп бағалауға болады. Бұл табыстарды орталықтандыру саясатының жүргізіліп отырғандығына дэлел болса керек. Жалпы алғанда республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы табыстардын бөлінуі 1999 жылдан бастап орташа есеппен алғанда 56,7/43,3 шамасында болып келеді.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамалары жергілікті деңгейдегі билік органдарының қызметтерінің дербестік талаптарына сай келе бермейді. Аймақтардың бюджеті олардың қаржылық әлеуетінің маңызды элементі екендігін ескерген жөн. Аумақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын қамтамасыз етуде бюджеттік ресурстар негізгі рөл атқарады. Аймақтық мүдде аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етілуі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттерді қалыптастыруда аймақ пен орталықтың өзара қарым-қатынастарын да ескермеуге болмайды. Ол бюджетаралық қатынастар процес арқылы жүзеге асады.
Жергілікті бюджеттердің өзіндік табыстары салықтық және салықтық емес түсімдерден құрылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттерді құрайтын табыстар бекітілген жэне реттелетін болып бөлінеді.
Әр жыл сайын занды түрде Қазақстанның республикалық бюджеті бекітіледі. Осы бюджет арқылы республика аумактарында бюджеттік процес жэне бюджеттік реттеу жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер республикалық бюджет бекітілгеннен кейін, субвенциялар мен бюджеттік алып алулардың шамасы белгілі болғаннан соң барып бекітіледі.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджет түсімдерінің құралу тэртібін реттейтін заңнамаларға сэйкес жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер төмендегідей:
1. Жергілікті бюджеттердің кірістері:
• салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
• салыққа жатпайтын түсімдер;
• капитал мен жасалған операциялардан түсетін түсімдер (коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдер жэне басқалары);
2. Ресми трансферттер;
3. Несиелер бойынша негізгі қарызды өтеу.
2004 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер келемі 722 млрд. теңгені құрады, бүл 2003 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. тенге) деңгейінен 27,7% артық.
Қазіргі кезде Қазақстанда жергілікті органдардьщ өз деңгейінде салық салу бойынша өкілеттіліктері жоқ жэне бюджет табыстарына эсер етуі шектеулі.
Жергілікті бюджеттерге жергілікті үстемелерді (прибавка) енгізу, салықтық қойылымдарды өзгерту жолымен бюджеттердің табыс бөлімін құруға нақты мүмкіндіктер беру жергілікті бюджеттердің дербестігіне ықпал етеді.
Республика аймақгарының түрлі факторлардың эсерінен даму деңгейлерінің эр түрлі болуы бюджеттерді теңестіру мэселесін туындатады. Жергілікті бюджеттердің теңестірілуі жоғары тұрган бюджеттерден субвенция бөлу жэне төменгі бюджеттерден бюджеттік алуларды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі. Соған орай донор-облыстар жэне субвенциялы-облыстар тобы қалыптасады.
Соңғы жылдар бойы алты облыс (Атырау, Маңғыстау Қараганды, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай) жэне Алматы қаласы тұрақты түрде - донор-облыстар, ал сегіз облыс (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан) пен Астана қаласы субвенция алушы облыстар қатарында болып отыр.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай, бірқатар донор аймақтарда проблемалық аумақтар (артта қалған аудандар) бар: Ақтөбе облысында - Ырғыз ауданы, Атырау облысында -Қызылқоға ауданы, Маңғыстау облысында - Бейнеу ауданы, Шығыс Қазақстан облысында - төрт аудан: Бесқарағай, Абай, Үржар, Тарбағатай аудаңдары, Павлодар облысында - Ақтоғай ауданы.
2003 жылы алымдардың жалпы сомасындағы үлесі 43,75%-ды құраған Алматы қаласы ірі донор болып табылады. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар сияқты экономикасы дамыған облыстар, сондай-ақ дамыған мұнай-газ секторы бар Атырау мен Маңғыстау облыстары донорлар болып отыр. Ал субвенция алатын облыстарға басымдықпен агралық секторды дамытып отырған облыстар жатқызылады. 2003 жылдағы бағамдау бойынша субвенция алушыдан донорға айналып отырған өтпелі топтағы облыстарға Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарын жатқызуға болады.
Сонымен, аймақтық бюджеттердің аймақтық деңгейдегі экономикалық және элеуметтік мэселелерді шешудегі рөліне, оның маңызына жеткілікті деңгейде талдау жасалынды. Аймақтық бюджет табыстары нарықтық экономика жағдайында Қазакстан аймақтарының дербестігінің қажетті шарты бола отырьш, жергілікті билік органдарына жүктелген міндеттердін олардың қаржылық мүмкіндіктерімен сэйкес келуіне негіз болуы тиіс. Ал бүл, өз кезегінде билік деңгейлері арасында өкілеттіліктер мен функциялардың, жауапкершіліктердің нақтЫ бөлінуін жэне соған сәйкес бюджетаралық қатынас мәселелерін жетілдіруді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |