Деректер – әр түрлі типтердің бірі ретінде деректер қорында сақталатын ақпараттар жиынтығы.
Деректер типі
Жариялануы
Символдық
CHAR | VARCHAR
Биттік
BIT | BIT VARYING
Бүтін сандар
NUMERIC | DECIMAL | INTEGER | SMALLINT
Нақты сандар
FLOAT | REAL | DOUBLE PRECISION
Мерзім/уақыт
DATE | TIME | TIMESTAMP
Арақашықтық
INTERVAL
Символдық деректер
Символдық деректер ДҚБЖ құрушыларымен анықталған символдар жиынының ішіне кіретін символдардың тізбектілігінен тұрады.
Символдық типтің деректерін анықтау үшін келесі формат қолданылады:
<символдық_тип>::=
{ CHARACTER [ VARYING][ұзындығы] | [CHAR | VARCHAR] [ұзындығы]}
Биттік деректер
Деректердің биттік типі биттік жолдарды анықтау үшін қолданылады, яғни екілік сандардың жинағы, оның әрқайсысы не 0, не 1 мәнін қабылдайды. Биттік типтің деректері келесі форматпен анықталады:
<биттік_тип>::=
BIT [VARYING][ұзындығы]
Бүтін сандар
Бүтін сандық типті деректер нақтылықпен және бөлшек жағының ұзындығымен анықталады.
Масштаб санның бөлшек ондық разрядтар көлемін көрсетеді.
<бекітілген_тип>::=
{NUMERIC[нақтылық[,масштаб]]|{DECIMAL|DEC}
[нақытлық[, масштаб]]
| {INTEGER |INT}| SMALLINT}
NUMERIC және DECIMAL типтері ондық форматтағы сандарды сақтау үшін қолданылады. Үнсіз бойынша санның бүтін бөлігі нөлге тең, ал үнсіз қабылданатын нақтылық жүзеге асыруына байланысты. INTEGER ( INT ) типі үлкен оң және теріс бүтін сандарды сақтау үшін қолданылады. SMALLINT типі кішкентай оң және теріс бүтін сандарды сақтау үшін қолданылады, ондай жағдайда сырқы жады үнемделеді.
Дөңгелектелген сандар
Дөңгелектелген сандар типі компьютерде нақты көрсетуге болмайтын деректерді сипаттау үшін қолданады, мысалы нақты сандарды.
Айғақ типті деректерді анықтау үшін келесі форматты қолданады:
<айғақ_тип>::=
{ FLOAT [нақтылық]| REAL |
DOUBLE PRECISION}
Мерзім және уақыт
«Мерзім/уақыт» деректер типі белгілі бір орнатылған нақтылықпен уақыт мезгілін анықтау үшін қолданылады. SQL стандарты келесі форматты қолдайды:
<мерзім/уақыт_типі>::={DATE | TIME[нақтылық][WITH TIME ZONE]| TIMESTAMP[нақтылық][WITH TIME ZONE]}
INSERT INTO films VALUES ('UA502', 'Bananas', 105, '1971-07-13', 'Comedy', '82 minutes')
INSERT INTO films (code, title, did, date_prod, kind) VALUES ('T_601', 'Yojimbo', 106, '1961-06-16', 'Drama')
INSERT INTO films VALUES ('UA502', 'Bananas', 105, DEFAULT, 'Comedy', '82 minutes')
DML (Data Manipulation Language) UPDATE операторы
UPDATE – кестедегі деректерді жаңарту үшін қолданылады;
UPDATE TABLE < кесте аты >
SET < баған аты _1> = <мән_1> [, < баған аты _2> = <мән_2> ...]
[WHERE <шарт>];
Мысал
UPDATE persons SET street = 'Nissestien 67', city = 'Sandnes' WHERE lastname = 'Tjessem' AND firstname = 'Jakob‘
DML (Data Manipulation Language) DELETE операторы
DELETE – кестеден жазбаларды жою үшін қолданылады.
DELETE FROM < кесте аты > [WHERE <шарт>];
Мысал:
DELETE FROM products WHERE price = 10;
MS SQL Server 2008 бағдарламасын және скрипттерді орындау үшін MS SQL Server Management Studio пайдаланамыз!
Жаңа скрипттер редакторын құру үшін «New Query» қолданамыз:
Ағымдағы дерекқорды өзгерту үшін немесе USE [] командасын қолдануға болады:
Қандай да бір команданы орындау үшін, оны белгілеп «Execute» немесе Ғ5 батырмасын басыңыз. Егер редакторда бір ғана команда болса, немесе сіз барлық команданы орындағыңыз келсе, белгілеу қажет емес.
Скрипттерді орындағаннан кейін, өзгерістерді тексеру үшін контексттік менюден “refresh/жаңарту” қолданыңыз, сәйкес группаны (дерекқорды, кестелерді немесе бағандарды) белгілеп алып.
Қарапайым дерекқор (қосымша параметрлерсіз): Test дерекқорын құру
Employees кестесін құра аламыз
Толтыруға міндетті бағандарды көрсету үшін NOT NULL опциясын қолдану қажет: