Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурсы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, (020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7162) 25-09-36, 25-09-00, электрондық почта мекен-жайы: apkadm_otdel@mail.ru) мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
С-О-4
|
109932
|
148242
|
С-О-5
|
83282
|
112431
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: инспекция аппаратының мамандарын іріктеп алу мен орналастыру жөніндегі бөлім жұмысын ұйымдастыру; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының, ҚР Еңбек кодексінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; кадрлармен жұмыс жасау жөніндегі есептердің уақытында берілуін қамтамасыз ету; инспекцияның ұйымдастыру жұмысын реттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу; аттестаттау, тәртіптік, конкурстық және комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім беру немесе құқық немесе экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар саласында жоғары білім;
мындай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне), С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: кадр сұрақтары жөнінде есеп және іс жүргізуді басқару; «Е-қызмет» жүргізу сұрақтары; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру; тағылымдама ұйымдастыру, тәлімгерлік, қызметті бағалау,оқыту,мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау; мемлекеттік қызметшілерді мадақтаудың түрін әзірлеу және оларды қолдану реті; кадр жөніндегі сұрақтар бойынша кезеңді есептерін дайындауына қатысу; мұрағатқа тапсыруға жататын істерді ресімдеудің және қалыптастырудың дұрыстығына, инспекция номенклатурасын құрастыруа бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының «Жеке және заң тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарауын уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру; инспекцияның кіріс құжаттарының орындалу барысына бақылауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім беру немесе құқық немесе экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар саласында жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне), С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі қолданысты нормалары мен стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантині саласындағы заңдар мен белгіленген ережелердің сақталуына және Қазақстан Республикасы аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау; өсімдіктер карантині жөніндегі аудандар қызметінің өндіріс іс-әрекетін талдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылық ғылымдары саласында жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7162) 25-09-36, 25-09-00 персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.
Құжаттар ҚР АШМ АӨК МИК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7162) 25-09-36, 25-09-00 және уәкілетті органның сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7162) 25-09-36, 25-09-00 өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |