№
|
Өлшенетін өлшемшарттар
|
0 балл
|
1 балл
|
2 балл
|
1. Басқару
Ұйымда оның құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігіне сәйкес тиімді басқару жүзеге асырылады.
|
1.1
|
Құқығын белгілейтін құжаттары бар және оларға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалау мен біліктілігінің сәйкестігін растау ұйымы қызметінің бағытының бірі болып табылады.
|
|
|
|
1.2
|
Мәлімделген қызметтің түрі саласында нақты қалыптастырылған саясаты, мақсаты және олардан туындайтын міндеттері, ұйымның бекітілген стратегиялық және оперативті жоспары бар.
|
|
|
|
1.3
|
Бюджетті бекітеді және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ұйымды тиісті ресурстармен қамтамасыз етеді.
|
|
|
|
1.4
|
Ұйымның персоналы үшін нормативтік құқықтық актілер базасының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
|
|
|
|
1.5
|
Кемінде тоқсанда 1 рет жұртшылыққа көрсетілетін қызметтер және оларды алу талаптары туралы ақпарат береді.
|
|
|
|
1.6
|
Шешім қабылдағанда және клиенттерге қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің мінез-құлық ережелерін айқындау кезінде ұйымның басшылыққа алатын этикалық нормаларының міндетті кешенін әзірлейді.
|
|
|
|
1.7
|
Ұйым басшысының және әрбір құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіліктері лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалған.
|
|
|
|
1.8
|
Ұйым ықтимал қауіптерді барынша айқындайды, тұрақты түрде оларға мониторинг және бағалау жүргізеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.
|
|
|
|
1.9
|
Ұйым штатты басқарудың саясаты мен рәсімін әзірлейді және пайдаланады. Оған қызмет көрсету бойынша алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында құзыретті штатты тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу, сақтау және тарту кіреді
|
|
|
|
1.10
|
Ұйым үміткерлерге қызмет ұсыну кезінде персонал мен үміткерлерді үй-жайлар мен өз бөлімшелері орналасқан аумақта қажеттіліктерімен қамтамасыз етеді
|
|
|
|
2. Стратегиялық және оперативті жоспарлау
|
2.1
|
Ұйымның стратегиялық жоспарында ұйымның миссиясын жүзеге асыруға арналған ұзақ мерзімді мақсаттар, міндеттер, стратегиялар жазылады.
|
|
|
|
2.2
|
Оперативті жоспар стратегиялық жоспардың негізінде әзірленеді және барлық құрылымдық бөлімшелермен келісіледі
|
|
|
|
2.3
|
Стратегиялық және оперативті жоспарлардың нәтижелеріне мониторинг жүргізеді.
|
|
|
|
B бөлімі «Ресурстарды басқару»
3. Қаржыны басқару
|
3.1
|
Ұйым басшылығы жыл сайын қаржылық-шаруашылық қызметтің жоспарын бекітеді.
|
|
|
|
3.2
|
Кіріс, шығыс және қызметтерге жұмсалатын шығындар бюджетпен салыстырылып жүйелі түрде қадағаланып отырады және ұйымның басшылығына ай сайынғы қаржылық есептер түрінде тапсырылып отырады.
|
|
|
|
3.3
|
Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесі жұмыс істейді.
|
|
|
|
3.4
|
Ұйымда сыртқы қаржылық аудит жүргізіледі.
|
|
|
|
4. Ақпараттық басқару
|
4.1
|
Ұйымда оның қызметін басқару бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе бар.
|
|
|
|
4.2
|
Ұйым қызметтік ақпараттың құпиялылығын, қауіпсіздігін және тұтастығын қамтамасыз етеді.
|
|
|
|
5. Төтенше жағдайларды және өртке қарсы қауіпсіздікті басқару
|
5.1
|
Бағалау ұйымы өрт немесе басқа төтенше оқиғалар іс-шараларының егжей-тегжейлі жоспарын әзірлейді.
|
|
|
|
5.2
|
Эвакуация кезіндегі бағдар табу рәсімін қосқанда ұйымның персоналы ТЖ жанындағы шұғыл шара қолдану жоспарына сәйкес жыл сайын оқудан өтеді және оқу дабылы бойынша іс-шараларға қатысады.
|
|
|
|
6. Жабдықтар пен шығыс материалдарын қауіпсіз пайдалану
|
6.1
|
Ұйым қызметтерді қамтамасыз ету үшін бес жылда кемінде 1 рет компьютерлік техниканы жаңартуды және айырбастауды жоспарлайды.
|
|
|
|
6.2
|
Ұйым жабдықты қауіпсіз және дұрыс пайдалануды жаңа, сондай-ақ қолданыстағы жабдық пен медициналық құралдарды пайдаланатын барлық қызметкерлерді қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша оқудан өткізу арқылы қамтамасыз етеді.
|
|
|
|
С бөлімі «Денсаулық сақтау мамандарының білімдері мен дағдыларын бағалауды ұйымдастыру»
7. «Ұйымның қызметі денсаулық сақтау мамандары мен медициналық және ғылыми медициналық ұйымдардың түлектерінің білімдері мен дағдыларына тәуелсіз бағалау жүргізумен байланысты»
|
7.1
|
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау жөніндегі іс-шаралардың шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы мамандардың практикалық дағдыларын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
|
|
|
|
7.2
|
Денсаулық сақтау субьектілерінің өтініштері бойынша денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімдері мен практикалық дағдыларына тәуелсіз бағалау жүргізу бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар.
|
|
|
|
7.3
|
Қазақстан Республикасының білім беру және ғылыми медициналық ұйымдарының интернатура және резидентура түлектерінің біліміне тәуелсіз бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі бар
|
|
|
|
7.4
|
Білім мен дағдыларды бағалау, емтихан материалдары мен симуляциялық оқыту циклдерін құрастыру және сараптау мәселелері бойынша халықаралық консультанттардан оқыған мамандардың арасынан құрылған соңғы үш жылда 15 адамнан кем емес қызметкерлер штаты бар.
|
|
|
|
7.5
|
Денсаулық сақтау мамандарының білімі мен дағыдыларына тәуелсіз бағалау жүргізуге арналған және бағалау жөніндегі ұйыммен шарттық келісімде тұрған, Астанада, республикалық маңызы бар қалада және 14 өңірде (облыс орталықтарында) біреуден кем емес сарапшысы, 5 кем емес емтихан алушысы, бағалау жөніндегі ұйыммен тартылған екеуден кем емес стандартталған пациенті бар
|
|
|
|
7.6
|
Бейнебақылау жүйесімен жабдықталған бағалау жүргізуге арналған ауданы 600 ш.м кем емес, оның ішінде – 250 ш.м ұйым персоналын орналастыруға арналған, 80 ш.м. астамы компьютерлік класқа, 270 ш.м. астамы симуляциялық жабдықты орналастыруға арналған клиникалық станцияларға арналға 12 (оң екі) жекелеген бөлмелері үй-жайы бар.
|
|
|
|
7.7
|
Қоса берілген денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған медициналық және (немесе) симуляциялық жабдықтардың тізбесіне сәйкес симуляциялық жабдығы, ілеспе жабдығы және шығыс материалдары бар.
|
|
|
|
7.8
|
Бағалау жөніндегі ұйым қызметкерлері 100% жабдықталуы: дербес компьютерлермен, принтерлермен, кеңсе жиһазымен, телефон және интернет байланысымен электрондық кітапханалық базамен, ақпараттық лицензиялық іздестіру бағдарламаларымен 100 % жабдықталуы.
|
|
|
|
7.9
|
12 (он екі) клиникалық станцияда симуляциялық оқытуды синхронды жазу жүйесі және дыбыс-бейне жазбалары мен трансляцияға арналған жабдықтары бар.
|
|
|
|
7.10
|
Денсаулық сақтау мамандары мен білім беру және ғылыми медициналық ұйымдарының түлектеріне тәуелсіз бағалау жүргізуге арналған емтихан материалдарын әзірлеу және сараптау бойынша 40 сарапшыдан кем емес, бағалау жөніндегі ұйыммен шарттық байланыста тұрған сарапшылар банкі бар.
|
|
|
|
7.11
|
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығына тәуелсіз бағалау жүргізу және біліктілікке сәйкестіктерін растау, және медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың түлектерін тәуелсіз бағалау үшін әзірленген тест тапсырмаларының банкі бар әрбір медициналық мамандық бойынша уәкілетті органмен келісілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тест тапсырмалары 200-ден кем емес.
|
|
|
|
7.12
|
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығына тәуелсіз бағалау жүргізуге және біліктілікке сәйкестіктерін растауға арналған уәкілетті органмен келісілген клиникалық сценарийлер банкі бар: медициналық мамандықтардың негізгі бейіндері (терапия, хирургия, педиатрия, акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, стоматология) бойынша 10 клиникалық жағдайдан кем емес.
|
|
|
|
7.13
|
Денсаулық сақтау саласының мамандарының және Қазақстан Республикасының медициналық білім беру және ғылыми ұйымдар түлектерінің білімдері мен практикалық дағдыларына жүргізілген тәуелсіз бағалаудың нәтижелерін растау бойынша құжаттаманы ұсынады: соңғы екі жыл бойынша есептер/талдамалық анықтамалар.
|
|
|
|
№
|
Симуляциялық, медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, аппаратураның және аспаптардың атауы
|
Симуляциялық, медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, аппаратураның және аспаптардың техникалық мүмкіндіктерінің қысқаша сипаттамасы
|
0 балл (жабдық жоқ немесе шығарылған күні 10 жылдан артық)
|
1 балл (жабдықтың шығарылған күні 5 жылдан артық)
|
2 балл (жабдықтың шығарылған күні 5 жылға дейін)
|
1
|
Босануды көрсететін көпфункциялы компьютерлік қуыршақ (босанатын әйел және жаңа туған нәресте)
|
Әйелдің физиологиялық және патологиялық босануларын көрсету, орыс тіліндегі бағдарламалық жасақтама сызықтық, тармақты клиникалық сценарийлерді бағдарламаға енгізу, Леопольд әдісін көрсету мүмкіндігі.
|
|
|
|
2
|
Бағдарламалық жасақтамасы бар жүрек-өкпе пациентінің үлгісі әртүрлі жағдайдағы командада шұғыл көмек көрсетуге арналған ЭКГ-дан негізгі өмір сүруге қажетті көрсеткіштерді мониторингілеу және жазу мүмкіндігі бар миокард инфаркт модулі қойылған 12 бөлуге арналған қашықтықтан басқарылатын ұтқыр қуыршақ
|
Тыныс алу жолдарының, қан айналымының асқынуларын көрсететін, дәрілік заттарды енгізуді анықтайтын жүйесі бар, физиологиялық көрсеткіштерді көрсететін мониторы, сенсорлық экраны бар ДК, Bluetooth® технологиясының көмегімен цианозды көрсету, дыбысты шығару.
|
|
|
|
3
|
Ересек адамның интерактивті имитаторы, әр түрлі жағдайдағы командада шұғыл көмек көрсетуге арналған негізгі өмір сүруге қажетті көрсеткіштерді мониторингілеу және жазу мүмкіндігі бар қашықтықтан басқарылатын ұтқыр қуыршақ
|
Ересек адамның тыныс алу жолдарының, қан айналым жүйесінінің әр түрлі асқынуларын көрсететін бағдарламалық жасақтама.
Интубацияны, цианозды көрсететін, дыбыс шығаратын, кеуде қуысының көтерілуін және төмен түсуін көрсететін автоматтық жүйесі бар.
|
|
|
|
4
|
Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған компьютерлендірілген инеонаталдық мониторы бар дене салмағы 1300 грамм жаңадан шала туған нәресте -пациенттің интерактивті имитаторы
|
Бағдарламалық жасақтама, дене салмағы 1300 грамм шала туған нәрестенің тыныс алу жолдарының асқынуларын,қан айналымын көрсету, интубацияны, кеуде қуысының көтерілуін, цианозды, дыбысын шығаруды автоматы түрде көрсететін жүйе
|
|
|
|
5
|
Жүрек дефибрилляциясын практикалық өңдеуге арналған ноутбукпен және принтермен жинақталған WI-FI арқылы қашықтықтан басқаруға болатын фантом жүйе
|
Дефибрилляцияны, дәрілік препаратты енгізуді көрсету, ЭКГ-диагностиканың мүмкіндігі – ересек адамның дене бөліктерін ЭКГ арқылы мониторингілеу.
|
|
|
|
6
|
5-8 жастағы баланың компьютерлік робот - симуляторы
|
Бағдарламалық жасақтама, тыныс жолдарының асқынуларын көрсету, артерияның соғуын, кеуде қуысының көтерілуін көрсету, цианозды көрсету, 5-8 жастағы баланың дыбысын шығару.
|
|
|
|
7
|
Жүктіліктің бірінші триместрінде жүктілікті зерттеуге арналған УДЗ тренажеры (акушерлік ультрадыбыстық қуыршақ)
|
Жаттығу құрылғысы трансабдоминалдық және трансвагиналдық сканерлеудің ультрадыбыстық датчикпен жабдықталған, 147 нүктеде зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
|
|
|
|
8
|
Эндоскопияда практикалық дағдыларды өңдеуге арналған виртуалды симулятор (төменгі тыныс жолдары және асқазан-ішек жолы)
|
Клиникалық жағдайларды виртуалдық режимде үлгілеу: эндоскопия, колоноскопия, бронхоскопия.
|
|
|
|
9
|
Базалық жүрек-өкпе реанимациясына арналған қуыршақ-жаттығу құрылғысы
|
ЖӨЖ параметрлерін көрсететін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен дефибрилляция жүргізу мүмкіндігімен жүрек-өкпе реанимациясын жасауды көрсету.
|
|
|
|
10
|
Ересек адамды интубациялауға арналған жаттығу құрылғысы
|
Құтқару әрекеттерін жүргізген кезде тыныс алу жолдарының, өңештің және асқазанның интубациясын көрсету
|
|
|
|
11
|
Орталық көктамырды катетерлеуге арналған фантом
|
Фантомға ересек адамның орталық веналарын катетерлеу бойынша клиникалық тәжірибені ынталандыруға арналған беттік анатомиялық бөлшектер мен функционалдық дәлдік кіреді.
|
|
|
|
12
|
Перикардиоцентезге және плевралық дренажға арналған фантом
|
Перикардиоцентез және плевралық дренаж жүргізу, соның ішінде плевралық дренаждық түтіктерді қою техникасы бойынша дағдыларды бағалау мүмкіндігі
|
|
|
|
13
|
Жалпы хирургияда тігу дағдыларын зерттеуге арналған жиынтық
|
Жиынтық хирургиялық бейіндегі практикалық дағдыларды көрсетуге арналған. Әртүрлі мақсатты модульдері бар платформаларды қолдануға арналған жиынтық бар.
|
|
|
|
14
|
Люмбалдық пункцияларға арналған фантом
|
Люмбалдық пункциялар жүргізу және ми жұлын сұйығынан сынама алу дағдыларын көрсетуге арналған, тіндердің кедергісін және оның инені жүргізгенде өзгеретіндігін сезінуге мүмкіндік беретін материалының иілгіштігі жоғары.
|
|
|
|
15
|
Жұлын пункциясына арналған фантом
|
Қауіпті болуы мүмкін жұлын инъекциясы емшарасының күрделі практикалық дағдысын көрсетуге мүмкіндік береді: жұлын анестезиясы, люмбалдық пункция, эпидуралдық анестезия, каудалдық анальгезия, сакралдық жүйке блогы, люмбалдық симпатикалық блок.
|
|
|
|
16
|
Кеңейтілген жарақат-мэн фантом-жүйесі
|
Ерсек адамға хирургиялық амалдар бойынша практикалық дағдыларды бағалауға мүмкіндік береді (құрсақ қуысы, кеуде, мойын)
|
|
|
|
17
|
12 станцияда синхрондық жазбаға, бейне-дыбыс жазбасына және трансляцияға арналған жүйесі
|
Әрбір бөлмеде 2 кескінде (бөлменің ішін түгел қамту үшін) дыбыс бейне түсірілімін жасауға мүмкіндік беретін және 12 станцияны бір мезгілде трансляциялайтын 12 станцияда бейне-дыбыс жазбасы және трансляция жүйесі. Жүйеде жазбаларды мұрағаттау қызметі бар.
|
|
|
|
18
|
Жиынтығында қан ұқсатқышы бар босануды көрсететін акушерлік фантом
|
Акушерлік фантом дегеніміз жатырды, босану жолдарының ұқсатқышы бөлініп көрсетілген, бала жолдасы мен ұрықтың үлгілері бар жамбас. Жиынтығында қан ұқсатқышы бар патологиялық және физиологиялық босану техникасын көрсетуге арналған қуыршақ.
|
|
|
|
19
|
Жиынтығында акушерлік төсегі бар босануды көрсететін кеңейтілген акушерлік фантом
|
Акушерлік фантом дегеніміз жатырды, босану жолдарының ұқсатқышы бөлініп көрсетілген, бала жолдасы мен ұрықтың үлгілері бар жамбас. Жиынтығында акушерлік төсегі бар ұрықтың әр түрлі орналасуы кезінде босандыру техникасын көрсетуге арналған қуыршақ
|
|
|
|
20
|
Пациентті күтуге арналған жетілдірілген қуыршақ, жүрек-өкпе реанимациясын мониторға түсіру (кеңейтілген нұсқа)
|
Пациентті күтуге арналған ересек адамның қуыршағы, кеңейтілген нұсқа дегеніміз шашты күтуге арналған паригі және алынып-салынатын тіс протездері, сыртқа қатты дыбыс шығаратын және жүрек пен өкпенің әртүрлі дыбыстарының нұсқасы болатын виртуалды стетоскопы бар анатомиялық жағынан дұрыс дене болып табылады. Сондай-ақ, жиынтығында реанимация кезінде жүрек-өкпе қызметін мониторға түсіру мүмкіндігі қаралған.
|
|
|
|
21
|
Жиынтығында ауыстырылатын қаптамасы бар кеңірдектің интубациясына арналған электрлік үлгі
|
Ересек адамның тыныс жолдарына ауа өткізгішті қою және өкпені жасанды желдету дағдыларын көрсетуге арналған жаттығу құрылғысы
|
|
|
|
22
|
Жиынтығында ауыстырылатын қаптамалары және қан ұқсатқышы бар әртүрлі инъекция дағдыларын көрсетуге арналған 5 жасар бала қолының үлгісі
|
Көктамыр ішіне инъекция салу және қан алу дағыдыларын көрсету үшін көктамырдың топографиялық орналасуы анық көрінген бес жасар бала қолының үлгісі
|
|
|
|
23
|
Нәрестеге арналған Амбу қабы және ларингоскоптар жинағы бар жаңа туған баланың кеңірдегіне интубация жасауға арналған оқу үлгісі
|
Эндотрахеалы интубация бойынша дағдыларды көрсету.
Жаттығу құрылғысы нәрестенің анатомиялық жағынан дұрыс толық өлшемді басы түрінде ұсынылған, ол ларингоскопты дұрыс тереңдікке, бұрышпен және қысыммен енгізуге оқытуға мүмкіндік береді.
|
|
|
|
24
|
Нәрестенің интубациялық жаттығу құрылғысы
|
Тіреуішке қойылған нәресте басының шынайы үлгісі түрінде көрсетілген және нәрестеге интубация жүргізуге мүмкіндік береді..
|
|
|
|
25
|
Жиынтығында электрокардиографтың түрлі модульдары бар ультрадыбыстық зерттеудің нәтижелерін түсіндіру дағдыларын үйретуге арналған жаттығу құрылғысы (ересек адамның кеуде мүсіні)
|
Ішкі органдардың 258 жерінде ультрадыбыстық зерттеулер жүргізу бойынша дағдыларды көрсетуге мүмкіндік беретін жаттығу құрылғысы.
|
|
|
|
26
|
Жиынтығында ауыстырылатын қаптамалары бар пункцияға және хирургиялық микротрахеостомияға, коникотомияға арналған жаттығу құрылғысы
|
Пункциялар және хирургиялық микротрахеостомия, коникотомия жүргізу бойынша дағдыларды бағалауға мүмкіндік беретін жаттығу құрылғысы.
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
|