Көлікке әсері
Бен-Гурион университетінің қызметкері жеті жыл
-
дан аса көлік айдаған 28 студентке тәжірибе жасап
көрген. Олар Чикаго көшелерінің бойымен әртүрлі музы
-
ка тыңдап көлік жүргізуге тиіс болды. Оның ішінде баяу
әндер де, ырғақты музыка да тіпті жай ғана тыныштық
та болды. Ырғақ минутына 60 тан 120 тактқа дейін
көтерілді. Әсерін байқау үшін кез-келген музыканың
даусы барынша жоғары қойылды. Тәжірибе барысында
тыңдалған музыканың ырғағы жылдамдатылған сайын
көлікті абайлап жүргізу қиынға соғатыны анықталды,
ондайда көлік бағдаршамның қызылына өтіп кетіп, түрлі
жол көлік апаттары орын алған. Ал
«жылдам»
музыкалар
120
Құдайберді Бағашар, Әдемі әуеннің әсері,
«Аңсар»
журналы,
9-10 бет, № 10, 2007 ж.
114
Дін мен Діл
қойылғанда, ондай апатты оқиғалар екі есе өскен. Сондай-
ақ орташа жылдамдықтағы не баяу музыка тыңдағандарға
қарағанда жылдам музыка тыңдаушылардың екі есе көп
көлік апатына ұшырайтындығы да анықталған
121
.
Бір ескере кететін жайт, қазіргі сахналарда шырқалып
жүрген эстрадалық өлең сөздерінің басым көпшілігі дінге,
тіпті, адамгершілік қағидаларына қайшы болса, әуен
ырғағының көпшілігі жоғарыда айтылған пайдалы, тіпті
болмаса зиянсыз әуендерге жатпайды. Өкініштісі, бүгінде
бірқатар әншілеріміз батыстың өнеріне еліктеп, құдды со
-
лар секілді жартылай жалаңаштанып киінуді, солардың
ұшқалақ, жеңіл әуеніне салып ән салуды мәдениет деп
ұғуда. Атақ пен абырайдың құлына айналып,
«жұлдыз»
аурының дертіне шалдыққандары қаншама?!. Сондықтан
осы салада жүрген өнер адамдарымыз, ең әуелі,
имандылыққа бет бұрып, өздерін әрдайым кішіпейілдік
пен қарапайымдылық тезінен өткізіп тұрулары ләзім.
Бүгінгі осы сала ұстаздарының алдында жаста
-
рымызды өнегелі ән мен әуенге баурап, қазақтың
дәстүрлі әндерін жандандыру, қазіргі эстрада әндерін
де жоғарыда айтылған өлшемдерге қарай реттеу сияқты
үлкен де сауапты міндет тұр. Бұл сөзімізбен барлық
әндердің діни сипаттағы ән болуын да талап етіп тұрған
жоқпыз. Тек айтпағымыз, ән мен әуендердің жал
-
пы адамгершілік қағидалары мен дініміздің ережелер
шеңберінен шықпауына көңіл бөлу. Сөздерінің бәрі діни
яки әуендерінің бәрі шығыстық немесе қайғылы болсын
деген де қатаң талабымыз жоқ.
Қазақтың дәстүрлі әндері мен әуендерінің дініміздің
қағидаларына қайшы емес екені, қазақ болмысының
мұсылманшылыққа сай екенін меңзесе керек.
121
Құдайберді Бағашар, Әдемі әуеннің әсері,
«Аңсар»
журналы,
9-10 бет, № 10, 2007 ж.
115
Достарыңызбен бөлісу: |