Дін мен Діл
Сөз соңы, музыка белгілі бір мән-мағынаны жеткізуде
қолданылатын
«сөз»
іспетті. Сөзбен пайдалы нәрсені
насихаттауға да, зиянды теріс мағынаны жеткізуге бола
-
тыны секілді музыканы да жақсы-жаман түрлі бағытта
қолдануға болады дей келе Әбу Насыр әл-Фарабидың ба
-
сынан өткен мына бір оқиғаны бере кетуді жөн көрдім.
Әл-Фараби ән-күй десе ішкен асын жерге қоятын жан
болған екен.
Бір күні өзінің бір ұстазынан ән-күй жайын сұрады.
Ұстазының айтуынша, сырнай-керней, әуен – жын-
шайтанның ісі болып шықты. Адамды алаң қылып азды
-
рады, ісінен қалдырып, күнәға кіріптар етеді екен.
Бұрын ән-күйді жақсы сүйетін Әбунасыр осыны
естігеннен кейін қолына күй аспабын алмайтын болды.
Ән-күйді сүйіп ойнайтын Әбудың бір қымбатты қимас
жолдасы жоғалып қалғандай күй кешеді де мынандай
ойға батады. Әсем ән деген адамды жадырататын, көңілді
көтеріп, жүректің мейірімін оятатын бір қасиетті өнер
ғой. Ендеше, ол қалай сайтанның меншігі болады?
Осы сауалын ол екінші бір ұстазынан сұрайды. Ол
ұстазы:
«Әсем саз – ол қасиетті нәрсе емес пе? Мұнда
аспанның сыры бар, әлемнің үні бар. Қолыңнан келсе бұл
өнерден жиренбе...»
,- дейді. Мұны естіп Әбунасыр қатты
шаттанады. Алайда ол үлкен ұстаз Әбу Мәлік хазіреттің
өзінен сұрамаққа бекінді. Әбу Мәлік ұстаз былай деп жа-
уап берді:
– Ол да дұрыс, бұл да дұрыс. Екі айтушының екеуі
де дұрыс айтады... Иә, солай... Жамандық та, жақсылық
та адамның өз бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық
пен ізгілік ежелден егіз емес пе? Ән-күйдің әуеніне еріп,
басқа өнер-білімнен қол үзсең, сонымен өміріңді қапыл
өткізсең өкініш емей немене. Әсем әуен алпыс екі та
-
мырды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нәрсе.
116
Дін мен Діл
Оның сені билеп әкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы
сені содан сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті
жерінде өлшеумен ұстап, тізгінді ақыл-ойға беріп ізгілік
іске қоссақ, онан келер пайда тағы көп. Көкірек кеңіп
көңіл оятар, қиял қоздырып қайрат берер тағы сол...
Ғылымның ата тегі әр ненің өлшеуін білуде емес пе. Сен
ән-күй үйренсең одан менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің
сиқырлы үнін тежеп отыруға сенің ақыл-қабілетің мол
жетеді
122
.
122
Ағжан Машанов, әл-Фараби.
«Жалын»
баспасы, 1970 ж.
117
Достарыңызбен бөлісу: |