«дұғадан
кейін беттеріңді сипамаңдар»
деп тікелей тыймағанын
ескерер болсақ, халқымыздың әу бастан, әдет етіп,
ғасырлар бойы қалыптастырған осындай істеріне
қарсы шығу – адамдардың ойларын сан-саққа жетелеп,
шатастыруға, ел арасындағы ынтымаққа кесірін тигізіп,
бүлікке себеп болары сөзсіз. Сондықтан еліміздегі
ғасырлар бойы қалыптасқан осындай діннің тармақ
мәселелеріне қарсы пәтуа айтуға асықпаған жөн.
Шариғаттың кейбір мәселелерінде пәтуалардың
ел мен жердің ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отыра
-
тынан ескергеніміз жөн. Өзіңіз ойлап көріңізші, дінді
уағыздап отырған адам батадан кейін бетін сипамастан,
екі қолын түсіре салса, ғасырлар бойы дұғадан кейін
бет сипауға үйренген халық не ойлайды? Жұрт
«мынау
біздің ізгі тілегімізге қосылмай отырған адам ғой»
деп
ойлағандықтан, оның айтып жатқан уағыздарына да
құлықсыздық танытуы бек мүмкін. Сондықтан шариғатқа
қайшы емес, осындай ұсақ-түйек мәселелерге
«болмай
-
ды!»
деп аттан салып, қарсы шығудың пайдасынан зия
-
ны басым. Мұндай тармақ мәселелерде халқымыздың
бірлігі мен сүттей ұйыған ынтымағын басты назарға алу
-
ымыз ләзім. Парасатты мұсылман айналасында қаншама
түзетілуі тиіс шариғатқа қайшы бұрыс істер тұрғанда,
осындай ел бірлігін ірітетін істермен айналыспасы анық.
79
Кейбір кісілер «Әруақтарға Құран
бағыштауға болмайды. Себебі, ол
тірілер үшін түсірілген», – деп жүр. Осы
пікір дұрыс па? Құран бағыштаудың
өлілерге сауабы тие ме?
Құранды тек кісі өлгенде, қабірдің басында оқылатын
әуен, қайтыс болған әруақтар түске кірген кезде, мешітке
барып садақа құтысына ақша салғаннан кейін оқылатын
мақам, яки ас берген уақытта жатқа айтылатын мағынасы
түсініксіз кітап деп ойлау – өте қате. Ол – Құранның
мағынасын дұрыс түсінбеу, қадір-қасиетін аңдамау, тіпті
негізгі мақсатынан ауытқу деген сөз. Ендеше, Құран
қандай кітап?
Құран – ақыретке дейінгі күллі адамзаттың барлық
рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін,
қоғамдық әрі әлемдік, жеке тұлғалық барлық мәселелерге
қатесіз, толық шешім сыйлайтын әрі адамның ақылы жете
бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сырларды
ашатын, пәни мен бақи дүниенің бақытын қатар ұсынып,
оған сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке
тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген
соңғы қасиетті кітап
72
. Онда Ұлы Иеміз жайлы тылсым
мағлұматтар, жеке тұлға мен қоғамдық мәселелердің
шешімі, отбасы жағдайлары, ғибадат-мінәжаттың
үлгілері, бізге дейінгі ғұмыр кешкен қауымдардың
ғибратты оқиғалары, көптеген ғылыми жаңалықтардың
72
Қ.Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы, 115-бет.
«Алтын қалам»
баспасы,
Алматы, 2005 ж.
|