Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет174/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   209
Дін мен діл

296
 
– Қазіргі таңда елімізде пайғамбарымыздың 
сүннетін, хадистерін мойындамайтын «Құраншылар» 
деген жаңа топ пайда болды. Олар кімдер? Көздегені 
не?
– Ең әуелі ол топтың өздерін 
«Құраншылар»
деп 
атауы дұрыс емес. Себебі, 
«Құраншылар»
деген сөз 
«біз 
Құранды дұрыс түсініп, әр ісімізде оны басшылыққа ала
-
мыз»
дегенге саяды. Ал енді Құранды Алланың адамзатқа 
жіберген ақырғы елшісінің хадистерінсіз дұрыс түсіну 
мүмкін бе? Әрине, жоқ. Олай дейтініміз, Алла елшісі 
Мұхаммед (с.а.у.) қасиетті Құран кітапты адамзатқа 
жеткізуші жай дәнекер ғана емес, оны егжей-тежейлі 
түсіндіруші, жалпысын жалқылайтын, кесек айтылған 
үкімдер мен жалпы айтылған ереже-қағидаларды 
тарқатып талдайтын ұлы ұстаз ретінде жіберілген. 
Құранда құлшылық мәселесі болсын, дүниелік қарым-
қатынастарды реттейтін басқа құқықтық мәселелер бол
-
сын барлығы, көбіне, жалпы ереже күйінде айтылған. 
Ал сол негізгі ережелерді тарқатып түсіндірген, кесек 
үкімдердің тармақтарын талдап берген ақырғы елші 
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың сахих хадистері болмақ. 
Мысалға, Құранда 
«намаз оқып, зекет беріңдер»
деген 
тоқсанға жуық аят бар. Бірақ бұл аяттардың ешбірінде 
296
«Айқын»
газетінің 17 қазан, 2009 жылғы санында жарық көрген 
сұхбат. Ескерту: Газет бетінің шектеулілігіне байланысты 
қысқартылып жарық көрген сұхбаттың толық нұсқасы беріліп 
отыр.


238
Дін мен Діл
намаздың нақты уақыттары, рәкат сандары және намаз 
ішінде оқылатын сүрелер мен дұғалары көрсетілмеген. Ал 
енді хадисті жоққа шығарсақ, ғасырлар бойы оқылып келе 
жатқан намаз қалай оқылады? Сондай-ақ Құранда зекет 
берілуі тиіс мал-мүліктің түрлері мен мөлшері де нақты 
көрсетілмеген. Тіпті мұсылмандықтың рәмізіне айналған 
бес уақыт шақырылатын азанның сөздері де Құранда ай
-
тылмайды. Мәйіттің қалай кебінделіп, жаназа намазының 
қалай атқарылып, қалай жерленетіндігі де білдірілмеген. 
Ендеше, хадиссіз Құранды, Исламды дұрыс түсіну 
мүлдем мүмкін болмағандықтан, бұл топтың өздерін 
бұлай атауларының астарында Құранды өздерінің теріс 
әрекеттеріне бүркеме ету жатыр. Сондықтан оларды 
«Құраншылар»
дегеннен гөрі 
«Сүннетті мойындамай
-
тындар, хадистерді жоққа шығаратындар»
дегеніміз 
жөн. Бұл жайлы Қазандық ғалым Мұса Жаруллаһ 
(1874-1949) өзінің 
«Китабус-сунна»
атты кітабының 
кіріспесінде: 
«Бұлардың өздерін «Құраншылар» деп 
атауының жалғыз себебі – Құранды бізге жеткізген 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін жоққа шығаруы 
болмақ. Бұлардың кейбіреуі Құранды қорғаған боп 
Алла елшісінің (с.а.у.) сүннеттерін жоққа шығарғанын 
байқадым. Бұлардың өздеріне мұндай лақап ат тағулары 
Құранды келеке етуден басқа ештеңе емес»
297
– деп, 
мұндай топ өкілдерінің өздерін 
«Құраншылар»
деп 
атауға лайық емес екенін білдірген.

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау