Дениеті мен білімін


«Ырым  жасап, оған иек арту – ширк. Алайда Алла ырымды



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет170/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   209
Дін мен діл

«Ырым 
жасап, оған иек арту – ширк. Алайда Алла ырымды 
тәуекелмен жояды»
291
деп ырымдаудың күнә екенін әрі 
тәуекел арқылы одан құтылуға болатындығын білдірген. 
Ендеше, мұсылман баласы көңіліне жағымсыз нәрсе 
кездессе оған көңіл бөлмей, бастаған ісін одан әрі қарай 
жалғастырып, барша істерінде бір Аллаға тәуекел етуге 
тиіс. Тәуекел дегеніміз – Жаратқанның мына дүниеде 
қойған заңдылықтарын қолымыздан келгенінше орын
-
дап, нәтижесін Алланың қалауына аманаттау деген сөз. 
Мысалы, егіннің дұрыс өнім беруіне себеп болатын жер 
жырту, дән себу, суғару, топырағын қопсыту, зиянды 
жәндіктерден сақтайтын дәрі шашу, арам шөбін отау 
секілді барлық қажетті заңдылықтарды орындағаннан 
кейін нәтижесін Алладан күту. 
Кейбір жандар қара мысықтың жолын кескенін 
көрсе, жолаушылығының сәтсіз болатынын болжай
-
ды. Әлдебір себеппен бір жағдайға ұшырай қалса, оны 
Алланың жазғаны деп емес, әлгінде жолын кескен қара 
мысықтан көреді. 
291
әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 64-бет. 
«Дарул-кутубил-
илмия»
баспасы, Бәйрут, 1-ші басылым. 1990 ж.


231
Дін мен Діл
Ел арасында қайтыс болған кісінің түнеген бөлмесіне 
шырақ жағып қою немесе береке орнасын деген ниетпен 
астына дән шашу секілді ырымдарды да кездестеріміз. 
Алайда бұл – мүлдем қате, негізі жоқ күнә ырымдар. 
Тіпті, кейде қайтыс болған кісінің қабіріне құлыпты қоса 
көміп жатады. Ондағы мақсат – өлімнің тоқтап, әулеттегі 
басқа адамдар аман-есен жүрсін дегені. Ал мұның тым 
таяз түсінік екені анық. Себебі, Алланың жазған ажалын 
пенденің қолымен жасалған қара құлпы тоқтата алмайды. 
Жаратқанның үкіміне мұндай ырымдар тосқауыл бола 
берсе, дүниенің тепе-теңдігі бұзылып, астаң-кестеңі 
шығар еді. Сондықтан кісі қара мысықпен сәтсіздікке 
ұшырап, көмілген құлпымен өлім тоқтайды деген 
сенімге шын иланса, онда Жаратқанға серік қосқан бола
-
ды. Себебі, бұл жерде адам тағдырына әсер ететін, оған
пайдасы мен зиянын тигізетін Құдайдан басқа бір дербес 
күшке, құдіретке сену бар. Ал Ислам тәлімінде ешбір 
нәрсе Алланың құдіретінсіз жүзеге аспайды. Қазақтың 
«Құдайсыз қурай да сынбайды» деуі де осы ислами таза 
түсініктен туған.
Хәкім Абай қазақ даласындағы кейбір ырымдардың 
шаманизмнің сарқыншағы екендігіне қатысты былай 
дейді: «Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін 
исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты 
жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі 
Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, 
бұлар да мұсылман болдық депті. Сөйтсе де, бұрыннан 
бақсы-балгерге инанып, отқа, табынатын әдеттерімен 
исламға тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-пұла 
хат таныған кісісі болса – оны «абыз» дейді екен. Ол 
«абыз» демек әуелде шаман дініндегілердің өз молда
-
сына қоятын аты екен. Дүниеде не нәрсенің себебіне 
көзі жетпесе, сол нәрсені құдай қылып тұр деп, дін 


232

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау