169
Дін мен Діл
– Менің пәленше құлымның ауырғанын білмеуші
ме едің? Егер оның көңілін сұрап жанына барғаныңда,
Мені әлгінің қасынан табатын едің?...»
218
.
Байқағанымыздай, ауру, сырқаттану – Алла
үшін мүмкін болмағандықтан адам ұрпағы:
«Сен (ау-
ырмайтын) әлемдердің Раббысы емессің бе? Мен
сенің көңіліңді сұрап, саған қалай барамын?»
деген
таңданысын жасыра алмаған. Ал Алла Тағала болса,
мұндай сөздің тура мағынасының
мұрат емес екенін
білдіріп:
«Менің пәленше құлымның ауырғанын
білмеуші ме едің? Егер оның көңілін сұрап жанына
барғаныңда, Мені оның жанынан табатын едің?...»
деп, мұндай сөздердің
астарлы мәні мен ауыспалы
мағынасының бар екенін көрсеткен.
Ендеше, хабари сипаттардағы сөздердің ауыспалы
мағынасын таңдап, астарлы мәніне үңілгендер, сөздің
тура мағынасы Жаратушы үшін мүмкін болмағандықтан
осылай істеген. Олардың
ниеті Ұлы Жаратушыны
жаратылғандарға тән кемшіліктер мен ерекшіліктерден
пәктеу болғандықтан оларды адастыға санау үлкен
қателік. Ең бастысы,
жасалған жорамалдың, таңдалған
ауыспалы мағына мен астарлы мәннің Ұлы Жаратқанның
Құранның анық аяттарында білдірілген кемел сипаттары
-
на қайшы келмесе болғаны.
Тарихтағы ақида, фиқһ, тәпсір, хадис секілді ислам
ғылымдарының, тіпті тіл, әдебиет, тарих секілді басқа
да ислам ғылымдарымен қатысы бар барша салалардың
әлемге мәшһүр белді де
белгілі ғұламаларының ба
-
сым көпшілігі Ашғари яки Мәтуруди ақидасын
ұстанғандықтан тәуил жасап, жорамалға барған.
Тіпті
қазақтың бетке ұстар Абайы да Мәтуруди ақидасын
218
Сахих Муслим, 4-том, 1990-бет,
«Дәру Ихиа’ит-турасил-араби
баспасы»
, Бәйрут.
170
Дін мен Діл
ұстанған. Оған дәлел ол өзінің отыз сегізінші қара
сөзінде Алланың субути сипаттарын
Әшғарилар секілді
жетіге емес,
«тәкуинді»
қосып сегізге жеткізеді. Бұл тек
Мәтуруди мектебіне тиесілі тәсіл.
Ал енді мәтуруди ақидасын ұстанғаны үшін
Абайымыздан айырылсақ, Әшғари мен Мәтуруди
ақидасын ұстанғандығын алға тартып бүгін тәпсір,
хадистерін оқып жүрген
исламның белді де беделді
ғалымдарынан айнысақ, бұл біздің білімділігімізді
көрсетеді ме, жоқ әлде сыңар езу жазылған бір-екі
кітапты оқып, әлдібіреулердің ықпалынан аса алмаған
сауатсыздығымызды білдіреді ме?
Сондай-ақ, сөздің ауыспалы мағынасына жүгініп,
тәуил жасауды адасуға
санайтын бұл ағым өздерінің
осы ұстанымдарына шынымен берік болса, онда
Құранның кейбір аяттарына мүлде тәуил жасамаула
-
ры керек еді. Алайда олар
«Хадид»
сүресінің:
Достарыңызбен бөлісу: