«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Спорт түрлері бойынша қағидалар



жүктеу 0,95 Mb.
бет3/3
Дата28.12.2017
өлшемі0,95 Mb.
#6178
1   2   3

38-бап. Спорт түрлері бойынша қағидалар


1. Спорт түрлері бойынша қағидалар әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және ұлттық спорт түрлерін қоспағанда, халықаралық спорт ұйымдарының қағидаларын есепке ала отырып, аккредиттелген республикалық спорт федерациялары әзірлейді және бекітеді.

2. Ұлттық спорт түрлері жөніндегі және халықаралық федерациялары жоқ спорт түрлері жөніндегі қағидаларды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша республикалық спорт федерациялары әзірлейді және бекітеді.

3. Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлері жөніндегі қағидаларды аталған спорт түрлерін дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

39-бап. Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары

1. Халықаралық және республикалық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі және спорт түрлері бойынша республикалық аккредиттелген федерациялардың келісіуі бойынша өткізіледі.

2. Қазақстан Республикасының аумағында кешенді халықаралық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Аталған жарыстар бұқаралық спорт іс-шараларының бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізіледі.

3. Кешенді республикалық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша бұқаралық спорт іс-шараларының бірыңғай республикалық күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.

4. Облыстық, қалалық және аудандық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті жергілікті спорт федерацияларының немесе аккредиттелген спорт федерацияларының филиалдарының келісуі бойынша бұқаралық спорт іс-шараларының бірыңғай өңірлік күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.

5. Жарыстар Спорт түрлерінің тізіліміне енген спорт түрлері бойынша Жарыстар туралы ереженің (регламенттің) негізінде өткізіледі.

6. Халықаралық жарыстар аккредиттелген спорт федерациялары және/немесе халықаралық спорт ұйымдары әзірлейтін және халықаралық спорт ұйымдары және/немесе аккредиттелген спорт федерациялары және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі. Аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға оларды өткізу күні басталғанға дейін бір жылдан кешіктірмей жібереді.

7. Республикалық жарыстар республикалық аккредиттелген федерациялар әзірлейтін және республикалық аккредиттелген спорт федерациялары және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі. Республикалық аккредиттелген спорт федерациялары Республикалық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға оларды өткізу күні басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей жібереді.

8. Облыстық, қалалық және аудандық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) облыстық спорт федерациялары немесе аккредиттелген спорт федерацияларының филиалдары әзірлейді және жергілікті атқарушы орган бекітеді. Облыстық спорт федерациялары Жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдарға оларды өткізу күні басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей жібереді.

9. Спорттық іс-шараларды, соның ішінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәртібін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

10. Спорттық іс-шаралар түрлерінің тізбесін және оларды жіктеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.


40-бап. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын және спорт

жарыстарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік, азаматтардың

денсаулығын қорғау

1. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен қауіпсіздік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен спорт жарыстары өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының қағидаларына, санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес заманауи керек-жарақпен және жабдықтармен қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

3. Сабақтар мен спорт жарыстарын өткiзуге арналған спорт ғимараттары техникалық, санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану мен өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай болуға тиiс және мүгедектер мен дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс.

4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың денсаулығына келтiрген зияны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

5. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының орналастырылуы, апаттық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулы болуы, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық жарастары өткiзуге тыйым салады.

6. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей, көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын - сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған, сондай-ақ мүгедектер мен дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың көлік пен автокөлікке арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.

8-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласын кадрлық, ғылыми



және медициналық қамтамасыз ету және допингке қарсы

бақылау



41-бап. Дене шынықтыру және спорт саласында мамандар даярлау

1. Дене шынықтыру және спорт саласында мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласындағы орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу мақсатына арналған дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттары кешенін, жабдықтардың үлгілік жиынтығын, дене шынықтыру және спорт саласындағы түрлі бейіндегі мамандарды даярлауға арналған мамандандырылған спорт ғимараттарын және керек-жарақты қамтитын материалдық-техникалық базаны нығайтуға жәрдемдеседі.

3. Спорттан мамандандырылған оқу орындарында және дене тәрбиесі факультеттерінде адамдарды оқыту мемлекеттік бюджет қаражатынан, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаражатынан, ерікті жарналардан, қайырымдылық қорларының және жекелеген адамдардың ерікті жарналары қаражатынан жүзеге асырылады.

4. Дене шынықтыру және спорт бойынша педагогикалық, жаттықтырушылық-оқытушылық қызметке жоғары немесе арнайы орта дене шынықтыру білімімен дипломы бар адамдар жіберіледі.

5. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт іс-шараларына төрешілік етуге дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және заңнамада белгіленген тәртіппен спорт төрешілері ретінде аттестатталған адамдар жіберіледі.



42-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау

1. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды аттестаттау жаттықтырушылардың спортшыларды даярлау жөніндегі жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін қоса алғанда, тиісті біліктілігі мен тиісті спорт түрі саласындағы білімдерін тану және растау рәсімі болып табылады.

2. Спорт төрешілерін аттестаттау спорттық іс-шараларда төрешілік жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында спорт төрешілерінің тиісті біліктілігі мен тиісті спорт түрі саласындағы білімін тану және растау рәсімі болып табылады.

3. Спорт түрлері бойынша барлық жаттықтырушылар мен спорттық төрешілер аттестатталуға жатады оны аккредиттелген республикалық спорт федерациялары жүргізеді.

4. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттаудың тәртібін, мерзімдерін, біліктілік санаттарын және оны өткізу мерзімділігін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Аттестаттау өткізу үшін қажетті талаптарды және қажетті құжаттардың тізбесін республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

6. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау нәтижелері бойынша оларға аттестаттау туралы куәлік беріледі.

43-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

1. Дене шынықтыру және спорт саласында іргелі, іздестіру, тәжірибелік -құрылымдау, технологиялық, қолданбалы және басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді белгіленген тәртіппен құрылған және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, дене шынықтыру және спорт саласындағы білім беру мекемелері жүзеге асырады.

2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) немесе бағынысты ұйымдардың жанындағы кешенді ғылыми топтар, уақытша ғылыми ұжымдар қызметін үйлестіреді.

3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар өңірлік ғылыми-әдістемелік бірлестіктер, кешенді ғылыми топтардың қызметін үйлестіреді.



44-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету

1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету:

1) денсаулық жағдайын жүйелі бақылауды;

2) физикалық жүктемелерінің олардың денсаулық жағдайына бара-барлығын бағалауды;

3) аурулардың алдын алу және ауруларды, жарақаттарды емдеу, медициналық оңалту, нормативтерге сәйкес дәрумен беру және дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді;

4) дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезінде пайдаланылатын құралдармен және әдістерді, денсаулығын қалпына келтіруді қамтиды.

2. Спортшыларды медициналық қамтамасыз ету, спорттық іс-шаралар өткізу кезінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, спорттық медицина ұйымдарын құру тәртібі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
45-бап. Спорттағы допинг, допингтік субстанциялар мен (немесе)

әдістерді пайдалануға қарсы әрекет

1. Спорттағы допинг деп допингке қарсы қағидаларды бұзу, соның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) тыйым салынған әдістердің (бұдан әрі сондай-ақ – тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) тыйым салынған әдістер) тізбесіне енген субстанциялар мен (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену танылады.

2. Спортта допингті болдырмау және онымен күрес дене шынықтыру және спорт саласында уәкілетті орган бекіткен допингке қарсы қағидаларға және халықаралық допингке қарсы ұйымдар бекіткен допингке қарсы қағидаларға (бұдан әрі – допингке қарсы қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бір немесе бірнеше рет мынадай бұзу:

1) спортшының тыйым салынған субстанция мен (немесе) әдісті қолдануы немесе қолдануға әрекеттенуі;

2) спортшының ағзасынан, сондай-ақ спорттық жарысқа қатысқан жануардың ағзасынан жарыс кезеңінде немесе жарыстан тыс кезеңде алынған сынамада тыйым салынған субстанциялардың немесе олардың метаболиттерінің немесе маркерлердің болуы;

3) спортшының сынама тапсыруға келуден бас тартуы, спортшының допингке қарсы қағидаларға сәйкес хабарлама алғаннан кейін дәлелді себепсіз сынама тапсыруға келмеуі немесе спортшының сынама тапсырудан өзгеше түрде жалтаруы;

4) жарыстан тыс кезеңде сынама алу үшін спортшыдан қолжетімді болуына, соның ішінде оның тұратын жері туралы ақпаратты бермеуі және оның тестілеуге қатысуға келмеуіне қатысты допингке қарсы қағидалардың талаптарын бұзуы;

5) допинг-бақылау элементтерін бұрмалау немесе бұрмалауға әрекеттену;

6) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тыйым салған субстанцияларды терапевтік пайдалану үшін Халықаралық стандарттарға сәйкес берілген тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) әдістерді, оларды терапевтік пайдалануға рұқсатсыз иелік ету;

7) тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) тыйым салынған әдістерді тарату;

8) спортшыға қатысты тыйым салынған субстанцияларды пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену немесе оның тыйым салынған әдістеріне қатысты қолдану немесе қолдануға әрекеттену, бұзуға немесе допингке қарсы қағидаларды бұзуға әрекеттенумен байланысты өзге жәрдемдесу допингке қарсы қағидаларды бұзу болып табылады.

4. Спортшылардың допингке қарсы, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спорттық медицина жөніндегі мамандардың, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандардың спортшыларға қатысты, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) әдістерді спортшыларға, сонымен қатар спорт жарыстарына қатысушы жануарларға қатысты қағидаларды бұзуына жол берілмейді. Спортшылардың тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану, сондай-ақ спорттық жарысқа қатысушы жануарларға қатысты пайдалану фактісі Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік аккредиттеген лабораторияларда өткізілген зерттеулердің нәтижелерімен расталады.

5. Допинг-бақылау тест өткізуді жоспарлау, сынамалар алу, оларды сақтау, тасымалдау, сынамаларды лабораториялық талдау, тестілеуден кейінгі рәсімдерді, сонымен қатар тиісті тыңдаулар мен апелляцияларды қарауды қамтитын процесті білдіреді.

6. Тестілеу тест өткізуді, сынамалар алу, оларды сақтау және Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік аккредиттеген лабораторияға тасымалдауды қамтитын допинг-бақылаудың элементін білдіреді.

7. Тестілеу жарыс кезеңінде де, сондай-ақ жарыстан тыс кезеңде де жүзеге асырылады. Жарыс кезеңі деп егер тиісті спорт түрі бойынша халықаралық спорт федерациясы немесе өзге де халықаралық допингке қарсы ұйым не болмаса Ұлттық допингке қарсы орталық өзгеше көздемесе, спортшының және (немесе) жануардың нақты жарысқа қатысуымен байланысты кезең түсініледі. Жарыс кезеңіне қосылмаған уақыт жарыстан тыс кезең болып табылады.

8. Спортта тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы әрекет жөніндегі шаралар:

1) допинг-бақылау жүргізуді;

2) спортшылардың, жаттықтырушылардың, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандардың допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігін белгілеуді;

3) тыйым салынған субстанциялар мен (немесе) әдістерді пайдаланудың алдын алуды;

4) допинг-бақылауды өткізетін мамандардың біліктілігін арттыруды;

5) бұқаралық ақпарат құралдарында допингке қарсы насихат жүргізуді;

6) спортта допингтің болдырмауға және онымен күресуге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізуді;

7) спортшылардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру құралдары мен әдістерін әзірлеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу;

8) құрамына тыйым салынған субстанцияларды қосу арқылы емдік дәрі-дәрмектерді және тағам қоспаларын бұрмалағаны үшін, осындай емдік дәрі-дәрмектер мен тағам қоспаларын өткізу үшін, сонымен қатар тыйым салынған субстанцияларды әзірлеу, дайындау, пайдалану тәсілдері, әдістері және оларды сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға бағытталған қызмет үшін жауапкершілік белгілеу;

9) допинг-бақылау жүргізу тәртібінде көзделген допинг-бақылау жүргізу шарттарын бұзғаны үшін дене шынықтыру-спорт ұйымдарының жауапкершілігін белгілеу;

10) спортта допингті болдырмау және онымен күресу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтиды.

9. Спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар халықаралық спорт ұйымдарының талаптары мен шешімдерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, міндетті допинг-бақылау жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.



9-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жүйесі
46-бап. Спортшылардың әлеуметтік қорғалуы

  1. Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, спорт түрлері бойынша дене шынықтыру-спорт ұйымдары көрнекті спортшыларға – «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлтты құрама командалардың) құрамына кіретін немесе кірген Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, спортшыларға, олардың «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» немесе «КСРО-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтары бар жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай қаражат төлейді.

  2. Жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, спорт түрлері бойынша дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлтты құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамында өнер көрсететін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай қаражат төлейді.

  3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлтты құрама командалардың) мүшелері республикалық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өтемақы төлеуді жүзеге асырады.

  4. Республикалық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен кезде өтемақы төлеу мен ай сайын ақшалай қаражат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

  5. Спортшы дене шынықтыру-спорт ұйымының өзара келісімі бойынша бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына немесе шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдік спорт клубы) өтуге құқылы.



47-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік

әлеуметтік қолдау

  1. Мемлекет ай сайынғы төлемді білдіретін өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету түрінде (бұдан әрі – материалдық қамтамасыз ету) спортшылар мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.

2. Материалдық қамтамасыз етуді алу құқығына мына спортшылар мен жаттықтырушылар ие:

1) Олимпиада ойындарының және олипиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері атағын жеңіп алған спортшылар;

2) Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олипиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының чемпиондары атағын жеңіп алған спортшыларды даярлаған жаттықтырушылар.

3. Осы баптың 1), 2) тармақшаларында белгіленген бірнеше негіздемелер бойынша бір мезгілде материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар адамдарға материалдық қамтамасыз ету негіздемелердің тек біреуінің ең жоғары мөлшері бойынша төленеді.



4. Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамтамасыз етуді беру тәртібі мен мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
48-бап. Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне

тұрғын үй беру және оны алу тәртібі

1. Тұрғын үй Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшыларына беріледі.

2. Бір Олимпиада ойындарында бір медалдан артық жеңіп алған адамдарға тұрғын үй алу құқығы бір рет беріледі.

3. Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдар спортшының тұрғылықты жеріне байланысты және алған орнына қарай республиканың қалаларынан алып береді.

4. Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін мынадай шарттар белгіленеді:

1) Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пәтер;

2) Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған чемпионға – екі бөлмелі пәтер;

3) Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған чемпионға – бір бөлмелі пәтер.

5. Тұрғын үй алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі - өтінім беруші) Олимпиада ойындары аяқталған күннен бастап бір ай ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға тұрғын үйдің орналасу орнын (қала, облыс) көрсете отырып өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

өтінім берушінің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

тиісті Олимпиада комитеттерінен Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.

6. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды алған соң мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

1) 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және тұрғын үй беру/бермеу туралы шешім шығарады;

2) шешім қабылданған соң 3 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге жазбаша жауап жолдайды;

3) 10 жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша өтінім жолдайды;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен бюджеттік заңнамада белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасайды;

5) нысаналы ағымдағы трансферттер түскен күннен бастап алты айдан кешіктірмей Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғын үй сатып алады.

7. Жергілікті атқарушы орган мынадай жағдайларда өтінім берушіге мемлекеттік көтермелеуді тағайындаудан бас тартады:

1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаса;

2) өтінім беруші осы баптың 1-тармағының шарттарына сәйкес келмесе.

8. Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй алуды (сатып алуды) қаржыландыру Олимпиада ойындары аяқталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару жолымен жүзеге асырылады.



49-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін

қызметтер

  1. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті жағдайларда пайдаланатын азаматтар санатының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер көлемін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының әкімшілігінің шешімдерімен белгіленеді.

  2. Мүгедектерге жеңілдіктердің мөлшерін, арнайы спорттық керек-жараққа қол жеткізу шарттарын және оны беруді Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейді.


50-бап. Спортшылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру

1. Әскери қызметшілерді қоспағанда, спортшылар, жаттықтырушылар, спорт төрешілері оларға спорттық іс-шараларға жіберген ұйымдардың қаражаттары есебінен жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға жатады.

10-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржылық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету


51-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері

1. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

52-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы демеушілік және

кәсіпкерлік қызмет

  1. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командалардың немесе спорттық іс-шаралардың демеушілері бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Демеушілер мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, командалардың, іс-шараларды ұйымдастырушылардың арасындағы қатынастар шарттық негізде белгіленеді. Демеушілер спорт іс-шараларды қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің белгісімен немесе олардың өнімдерінің (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына және жекелеген адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады, дене шынықтыру-спорт және қосымша тауарларды өндіре алады, дене шынықтыру және спортты жарнама қызметте пайдалана алады. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, спорт федерацияларының, қоғамдық бірлестіктердің эмблемалары және атаулы нышаны олардың меншігі болып табылады және тек олардың келісімімен ғана пайдаланыла алады.

53-бап. Спорт ғимараттары

1. Дене шынықтыру және спорттың материалдық базасын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлері құрайды.

2. Спорт ғимараттары мемлекеттік және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.

3. Аумақтарды спорт ғимараттармен қамтамасыз ету қажеттілігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалады.

4. Спорт ғимараттарды орналастыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

5. Спорт ғимараттарды жобалау және салу мүгедектердің және халықтың басқа да іс-қимылы шектеулі топтарының спорт ғимараттарына кедергісіз кіруін қамтамасыз ету туралы талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады.

6. Тұрғын массивтерін, әкімшілік ғимараттарды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын және оқу орындарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көзделген дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорттық ғимараттарсыз салуға жол берілмейді.

7. Мемлекет меншігіндегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарды соларға тең дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттарды құрмай жоюға, нысаналы және функционалдық мақсатын өзгертуге жол берілмейді.



8. Меншігінде немесе иелігінде спорт ғимараттары бар адамдар техникалық регламенттер, стандарттар талаптарына, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары белгілеген нормаларға, қағидалар мен талаптарға, санитарлық қағидаларға сәйкес спорт іс-шаралары өткізілетін орындарды тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді.

54-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының

тізілімі

1. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.

2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттардың тізілімін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.

3. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары тізілімге енгізілуге жатады.

4. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін қалыптастыру және жүргізу, одан мәліметтер беру, оған өзгерістер енгізу және шығару тәртібін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимараттарының тізілімі мынадай міндетті мәліметтерді:

1) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының толық атауын;

2) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының мекенжайын (орналасқан жерін);

3) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының меншік иесі туралы мәліметті;

4) пайдалануға беру, реконструкциялау және күрделі жөндеу аяқталған күнін;

5) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының функционалдық мақсатын;

6) біржолғы қабылдау қабілеті;

7) дене шынықтыру-сауықтыру немесе спорт ғимаратының орналасқан жер учаскесінің алаңын;

8) ғимаратта қызмет көрсетуші персоналға арналған орындардың болуын немесе болмауын;

9) медициналық қызмет көрсетуге және допинг-бақылау өткізуге арналған арнайы жабдықталған үй жайдың болуын немесе болмауын;

10) көрермендерге арналған орындардың санын қамтиды.

11-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық қызмет
55-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық

ынтымақтастық

1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары шет мемлекеттердің спорт ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының регламенттері мен талаптарын, халықаралық шарттарын сақтайды.

3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдары, сондай-ақ халықаралық дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктері құрылуы мүмкін. Ұлттық дене шынықтыру-спорт ұйымдары заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыруға шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша қаражатына және өзге де мүлікке дербес иелік етуге құқылы.

4. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын халықаралық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің құрамына өтеусіз негізде мемлекеттік лауазымын, мемлекеттік қызмет лауазымынын алмастыратын адамдар кіре алады.
 

56-бап. Дене шынықтыру және спорт саласында ерікті негізде жұмыс



жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері)

1. Спорт түрлерінен және өндірістік гимнастикадан жаттықтырушылар, нұсқаушылар, спорт төрешілері, халықпен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастырушылары (спорт еріктілері) ерікті негізде дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қызметті жүзеге асыра алады, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылықты жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан және аттестаттаудан өте алады.

2. Тиісті даярлықтан және аттестаттаудан өтпеген, осы баптың
1-тармағында көрсетілген адамдар спорт сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуге, спорт жарыстарына төрешілік етуге және өзге де дербес спорт қызметімен айналысуға рұқсат берілмейді.

57-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын

шетелдікдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене

шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары

Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар халықаралық спорт жарыстарында спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) құрамында қатысу құқығын қоспағанда, осы Заңда көзделген көлемде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану құқықтарын пайдаланады.

12-тарау. Қорытынды ережелер
58-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік

бақылау

1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау нысанасына жүзеге асырады.

2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанда және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

3. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

59-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт

туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.



 

60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Спорт федерациялары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өздерінің қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.

2. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж.,
№ 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2,
18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Қазақстан Республикасының

Президенті

 








жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау