«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Тақырып: Есту қабілеті бұзылған балалар



жүктеу 1,23 Mb.
бет60/112
Дата09.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#32118
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   112
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Тақырып: Есту қабілеті бұзылған балалар

1.Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері

2.Есту қабілетінің бұзылу себептері

3.Есту бұзылысының жіктелуі

Сурдопедагогика (латын сөзі «surdus»-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған тұлғаларды зерттейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың көпшілігі есту түрлерінің ауытқушылығының салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады .

Есту –дыбыстық құбылыстар формасының қабылдаудағы шынайы анық, дәл түрдегі бейнеленуі. Дыбыстарды ажырату тірі организмге тән қабілеттілік болып табылады. Бұл қабілеттілік - есту органының немесе есту анализаторының қатысуымен таратылады. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізеді. Есту жағдайының қалыпты болуы балалардың сөйлеуі мен психологиялық жағынан қалыптасуында шешуші орын алады. Есту анализаторының бұзылуы ең алдымен көп мөлшерде баланың сөйлеуіне әсер етеді, оның танымдық қызметіне жалпы дәрежеде мүкістік келтіреді. Құлақ-дыбыс тербелісін күшейтеді және оны қайта өндейді. Дыбыстар негізінен үш қасиетпен сипатталады: Олар күші, биіктігі және тембірі.

Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған орта дыбыстарға толы боып келеді, әрі олар әртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық, шулы, табиғи дыбыстарды естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.

Баладағы есту қабілетінің бұзылыстары іштен туа және жүре пайда болады. Іштен туа біткен саңыраулық өмірде сирек 25 % шамасында ғана кездеседі.Мұның пайда болу себептері; ана құрсағындағы даму кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан, тұқым қуалау себебінің ықпалынан және анасының жүктілік кезінде тұмау, қызылша немесе басқада жұқпалы аурулармен ауруы, дамудың алғашқы айларында зиянды зақымданудың әсерінен болады. Кейіннен пайда болған саңыраулық әртүрлі аурулардың зиянды әсерінен, есту жүйкесінің немесе құлақ ішінің асқынып ауруы нәтижесінен пайда болады.

Саңыраулық пайда болу уақытына байланысты ерте саңыраулану және кеш саңыраулану болып бөлінеді.Ерте саңыраулану бұл бала тілі шыққанға дейінгі кезеңінде пайда болуы, ал кеш саңыраулану баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан басталған саңыраулану болып табылады.

Есту ақаулықтарының жіктелуі есту қабілетінің бұзылу ерекшеліктерімен анықталынады. Саңырау дегеніміз –есту қабілеті қатты бұзылғандықтан адамның сөйлеу тілін анық түсініп болмайтын ақаулық.Өмірде көп жағдайда есту қабілетінің аз да болса саңылауы сақталатын болады.Осы болмашы ғана сақталған саңылаудың жәрдемімен бала өте қатты айғайлап анық айтқанды,зыңылдаған, шаңқылдаған дыбыстарды, сөздің үзіліп шыққан дыбыстарын, ал кейде құлақтың түбіне тақап қатты айтқан қысқа таныс сөздерді естіп түсіне алады.Саңырау балалар арнайы өқытудан өтпейінше сөйлеу тілін өздіктерінен меңгермейді. Олар дыбысты, сөзді анық, дәл қабылдай алмайды, дыбыстық бейнені естімейді.Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылып келеді .Балада есту кемшілігінің болуы сөздегі дыбыстауды реттей алмайды. Осыдан оның аузша сөйлеуі қалыс қалады.Барлық осы жағдайлар баланың қоршаған дүниені тануын, сөйлеуді игеруін қиындатады. Сондықтан оның ой қызметінің дамуында бұзылыс көрінеді. Қалыпты ести алатын балалармен салыстырғанда мұндай балаларда ауытқушылық айқын көрінеді. Мүлде естімейтін тас саңыраулар өмірде өте сирек кездеседі .Түзету оқу жұмысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен арнайы балабақшаларда жүргізіледі. Мектеп жасына жеткеннен бастап мұндай балалар оқуын нашар еститін арнайы мектептерде жалғастырады. Оқыту жұмыстарының барлық түрлерінде балалардың сақталған есту қабілеті міндетті түрде пайдаланылады, өйткені бұл естуді арнайы аппараттың жәрдемімен күшейтуге болады.

Дәрігер отоларинголог есту қабілетінің бұзылуынан тексере отырып, алдын алу сақтандыру шараларын да жүргізетін болады. (құлақты таза ұстау, кенеттен шыққан қатты айқай, топ шуылынан құлақты сақтау, дәрігерге жылына екі рет тексеріліп отыру).

10 дәріс




жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау