«Дефектология жјне логопедия негіздері»



жүктеу 1,4 Mb.
бет3/7
Дата25.12.2017
өлшемі1,4 Mb.
#6076
1   2   3   4   5   6   7

Ринолалия



Лекцияның мақсаты: Студенттерге ринолалия ауруы жайында теориялық білім бере отырып, аурудың түрлерінің ерекшелігімен таныстыру. Оның мектеп жасына дейінгі балаларда пайда болу себебімен, ауруды болдырмаудың жолдарын түсіндіріп, ауруға шалдыққан балалармен жұмыс жүргізудің әдістерін үйрету.
Лекцияның жоспары:

  1. Ринолалия ауруына жалпы сипаттама.

  2. Ринолалияның түрлері.

  3. Органикалық ринолалиямен функционалды ринолалияның айырмашылығы.


Лекцияның барысы:

Ринолалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының анатомо – физиологиялық ақаулығының салдарынаң дауыстың әуезділігімен дыбыстың дұрыс айтылуынын бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.

Ринолалия артикулияда, дыбыс шығару (фонация), дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстары айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ, пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.

Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақ жабысуы арқылы бөлінеді.

Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалындауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың арт жақ үсті жұтқьншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады.

Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының


жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін.

Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әртүрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдьң артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарда мұрьннан естілетін үн пайда болады.



Ринолалияньң түрлері.

Таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолоалия әртүрлі болады.



Жабық ринолалия. Жабық ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылу кезінде мұрыннан жақсы естілудің физиологиясының төмендігін сипаттайды. Мұрын жолды м,н,ң,ц дыбыстарының дұрыс айтылатындығы үндерінің өте ашық естілетіндігі байқалады. Бұл дыбыстардың артикуляциясының барысында мұрын жұлқыншақ ашық қалады да ауа мұрын жолына кіріп кетеді. Егер мұрыннан үн жақсы естілмейтін болса онда бұл дыбыстар м - б, н - д, ң-ғ болып ауыздан айтылады.

Жабық ринолалияға шалдыққан кезде мұрын жолды дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстарды айтқан кезде әлсіз ыңылдаған үн шығады.

Жабық ринолалияның пайда болу себебі мұрын кеңістіктеріндегі органикалық өзгерістердің немесе таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылудың салдарынан болады. Органикалық өзгеріс ауруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылып, тыныс алуының қиындап кетуі салдарьнан болуы мүмкін.

Функционалды жабық ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды жабық ринолалия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділігі органикалық жабық ринолалияға қарағанда күштірек бұзьлған болуы мүмкін. Оның себебі жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар нерв ауруына шалдыққан балаларда байқалады.



Ашық риналолия.

Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір шеті ашык қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстын үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбыстарының үн әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстар артикуляциясында ауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тартылады. Е мен о дыбыстарын айтқана үн әуездері білінер - білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады.

Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып екіге бөлінеді.

Органикалық ашық ринолалияға іштен туа біткен жұмсақ қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдын сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады.

Функционалдық ашық ринолалияның шығу себептері әртүрлі болады. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылу кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады.

Ашық ринолалияның функционалды түрін тексергенде жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұнда әдеттегінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды.

Ринолалиядағы таңдай мен еріннің іштен жарық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып табылады. Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және іштен дамыған ауыр кесел. Осы кеселдің салдарынан баланың дамуы барысында қатты функционалдық бұзылу пайда болады. Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреуінің жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылған бала сору қабілетінен мүлдем айырылады.

Баланы тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балаларды көршілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы, бронхитке, қан азаюы, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады. Бұндай балалардың лор мүшелерінде: мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ, көмей бездерінің өзгеруі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп қызаруы жиі болып тұрады. Ісі қызару барысы мұрынның шырышты қабығына, жұтқыншықтың және құлақтың қабынуын қоздыруы мүмкін. Жиі ісулердің созылмалы ауруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепші болады. Ерін мен таңдай құрылысының анатомиялық ауытқуы үстіңгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және дұрыс орналаспаған тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатрдың міндетіне жүктеледі. Ол нәрестенің күнделікті тамақтану ережесін, сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда қатынап және жатып емдеуге кеңес береді. Үстіңгі ерінде хирургиялық емдеу жолымен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге алғаш келген күндерінде перзентханада жасалады. Отолоринголог құлақтың, мұрын жолының, мұрын жұтқыншақтың және көмей ауруларын шықтайды, өзгерістерін емдеп, алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дайындылады.

Ақыл ойының дамуына кемістік бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған балаға невропатолог кеңес береді. Таңдайдың жырығын қалпына келтіру үшін хирургиялық емдеуді көп жағдайларда мектеп жасына дейінгі балаларға жасайды.

Ерін және таңдай жырықтарының сөйлеу тілінің дамуының қалыптасуына әр түрлі роль атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты.

Жарықтың мынандай түрлері кездеседі:

1. Үстіңгі еріннің жырығы, үстіңгі ерін және жақ сүйектер жырығы;

2. Қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы;

3. Үстіңгі еріннің жырығы, тіс түбі қызыл ес ескіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жырығы;

4. Таңдайдың шырышты қабығы астының жарығы.

Жырық ерін мен жырық таңдай сөйлеген кезде барлық дыбыстарды мұрыннан естіртіп, түсініксіз етіп шығарады. Сөйлеген кезде бала әдеттегідей аузын аз ашады және тілінің үстін қалыптағысынан жоғары көтеріледі. Тілдің ұшы осы себептен жеткілікті мөлшерде қимылдамайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады, себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына өтіп кететіндей жағдайға келеді де мұрын дыбысының ренің күшейтеді.

Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуінде қауіпті өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығуына қолайлы жағдай туғызады.

Бала есейген сайын сөйлеу тілі дамуының көрсеткіші нашарлайды, жазу тілінің әртүрлі үлгілерінің бұзылу салдарынан ақаулығының құрылымы асқынады.

Ринолалиясы бар баланың оқуда және келешекте мамандық таңдауда кедергі болатын қиындықты алдын алу үшін сөйлеу тіліндегі кемістікті жас кезінде түзетіп қалпына келтірудің психолого – педагогикалық ерекше маңызы бар.


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):
1. Ринолалияға шалдыққан балалармен жұмыс түрін атап, оның бала үшін тиімділігін дәлелдеу.

2. Ринолалияға шалдыққан балалардың артикуляциялық аппараттарындағы өзгерістерді жоюға арналған жұмыс түрі жайында пікір талас.

3. Ринолалияға шалдыққан балалармен жүргізілетін психологиялық сабақ түрін және жаттығу жұмыстарын талқылау.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):
1. Ерін мен таңдай жақтарына байланысты анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты түрлерін атау.

2. Ринолалияның түрлеріне конспект жасау.

3. Органикалық ринолалия мен функционалды ринолалияның дизартрия мен дислалиядан айырмашылығын айыра білу.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Лубовский В.И. Некоторые актуальные проблемы советской дефектологии.// Дефектология, 1997, №5,7//.
2. Зайцева Г.Л. Современные научные подходы к образованию детей с недостатками слха: основные идеи и преспективы //Дефектология, 5с52-7О//.
Лекция №14

Алалия
Лекцияның мақсаты: Алалия ауруының түрлері, пайда болу себебімен таныстыра отырып, ауруға шалдыққан балалармен жұмыс жүргізудің әдістерін үйрету.
Лекцияның жоспары:
1. Сөйлеу тілі ақаулықтарының ішіндегі ең ауыр түрі алалияның өзге аурулардан айырмашылығы.

2. Алалия ауруының шығу себебі.

3. Алалия түрлері (моторлы және сенсорлы).

4. Алалияға шлдыққан балалардың психологиялық ерекшеліктері.


Лекцияның барысы:
Алалия сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі ең ауыр түрі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мылқау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемісіз өздгінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз – гректің а – жоқ деген мағынада қолданылатынның латынның Logos сөйлеу деген ұғымдарын білдіреді. Ол бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезінде болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамымауынан болатын кемістік.

Алалия кемістігі бар баланың есту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады. Баланың мүлдем сөйлей алмауы оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналасындағылармен қарым – қатынасына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, ақыл ойының дамуын біртіндеп кешеуілдетуге әкеп соғады.



Сөйлеу тілінің қалыптасуындағы бұзылудың шығу себебі орталық нерв жүйелерінің органикалық зақымдануына байланысты. Оған менингиттен, қызылшаның асқынуынан, бас миының жарақаттан зақымдануы, ісіп қызаруы, ауыр және мезгілінен бұрын
босанудың салдарынан миға қан құйылуы, ұрықтың
құрсақтағы даму кезеңіндегі, сондай-ақ баланың бір айлығынан бір жасына дейінгі кездегі зат алмасуының бұзылуы жатады.

Үлкен жарты мидағы сөйлеу тілі аймағының зақымдануына байланысты алалия сенсорлы және моторлы болып екіге бөлінеді.



Моторлы алалия орталық бөліктің органикалық бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұндай неврологиялық теріс көрініс сөйлеу тілі жетілуінің қатты кешігуімен байланысты. Сонымен қатар, сөйлеу тілінің белсенділігінің төмендеуіне, сөйлеуге зауқының жойылуына және ой өрісі мен психикасының дамуының біртіндеп артта қалуына әкеліп соғады. Невралогиялық кемістіктің көрінісі ата – аналардың өзі ауру және әлсіз баланың асты – үстіне түсіп, шектен тыс мәпелеп, есіркеушілік көрсетіп, дұрыс тәрбиелей алмаулары да жиі қосылады. Бұндай балаларға – тапсырма берілмейді, талап қойылмайды, жанашыр жақындары оны тіпті қолынан келетін қажетті жеңіл жұмыстарға да жұмсамай қорғаштайды. Бұндай еркелік көрген балаға қасарысқан, қырсық, ерке, ашуланғыш қылықтарды жиі көрсетіп, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына зиянын тигізеді. Бұндай балалар күнделікті тұрмыс тіршілікте өздігінен киімін дұрыс кие алмайды, түймелерін салуды, аяқ киімдерінің бауын байдауды білмейді. Сол сияқты өзін күтудің ең қарапайым жеңіл түрлерін орындай алмайды. Бұндай балалардың кимыл – қозғалысы да бұзылады. Олардың жүрістері қорбаңдап, ебегейсіз болады. Өз аяғына өзі шалынып құлай береді және бір аяғымен секіре алмайды. Бөрененің үстінен тепе-тендікті сақтап жүре алмайды, музыканың ырғағымен билемейді. Сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл – козғалыстары – да жетілмеген. Бала тілін жоғары көтеріп ұстап тұру, үстінгі ернін жалау, таңдайын қағу сияқты қимылдарды істемейді. Сөйлеу тіліне қатысты мүшелердің қимылдарын кайталай алмайды және бір қимылдан екінші қимылға ауыса білмейді. Алалияға шалдыққан балалардың тағы бір ерекшелігі ықыласпен тыңдау, есінде сақтау сияқты психикалық қызметтері жеткілікті дамымаған.

Моторлы алалияға шалдыққан бала шаршағыш келеді және жұмыс істеу қабілеті төмендеп, психофизикалық жағдайы нашарлайды. Сөйлеу тілін түсінбеуі ұзақ уақытқа созылады, оны жою үшін арнайы оқытуды ұйымдастыру керек. Баланың өзіне айтылған сөйлеу тілін түсіну ата – аналар үшін қуаныш болғанымен, ол күнделікті тұрмыс - тіршілікте қолданып жүрген жаттанды сөйлеу тілі екендігі белгілі. Бұндай бала балабақшадағы тәрбиешенің қоятын талаптарына жауап бере алмай қыңырлық танытып, өз қатарластарымен ренжісіп, жанжалдасуға дейін барады. Мұндай қатынастың қиындығының себебін білетін тәрбиеші шыдамдылық таныту қажет. Балалардың сөйлеу тілінің дұрыс айтылуына өнегелікпен жәрдем беру керек, оларды сау балалардың жағымсыз қылықтарынан қорғау керек. Бұндай ақаулық арнайы оқытусыз түзетілмейді. Сондықтан тәрбиеші алалик балаларды арнайы балабақшаға орналастыру үшін алдымен логопедтің тексеруіне жіберуі керек.

Сенсорлы алалия. Сенсорлы алалия дегеніміз есту қабілетінің сау кезіндегі қабылдау түйсігі мен сөйлеу тілін түсінуінің кұрылысы бұзылған ақаулық. Сенсорлы алалия бас миының сол жақ жартысының самай аймағының зақымдануына байланысты болады. Сенсорлы алаликтер өздеріне айтылған сөйлеу тілін мүлдем түсінбейді. Олар әртүрлі дыбыстарды (ысқырық, тақылдату) сезініп, біраз жаттықтырып үйреткен соң ерекшеліктеріне қарай ажыратуы мүмкін. Сонымен бірге балалар дыбыстың қай жақтан шыққан бағытын да бірден ажырата алмайды. Сенсорлы алалик балалар өзгенің сөзін қайталаудың орнына жаңғырық сияқты құбылысты байқайды. Бала қойылған сұраққа жауап берудің орнына сұрақтың өзін , қайталайды. Өздеріне тапсырылған заттарды, бейнелі суреттерді атауға тырысады бірақ, артынша суреттерді көрсет деген, өтінішті дұрыс орындай алмайды. Бұндай балалар ана тілі дыбыстарын қабылдап, ажырата алмайды.
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):

1. Алалияның түрлерін атап, олардың ерекшелік белгілері жайында пікір алмасу.

2. Сенсорлы афазиктермен сенсорлы алалияның айырмашылығын талқылап, оның пайда болу себептерін талдау.
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы
(СӨЖ):
1. Алалия қандай себептердің салдарынан пайда болады және оны емдеу жұмыстарының түрлеріне байланысты өздіктерінше реферат дайындау.

2. Алалия ауруын зерттеген Қазақстандағы авторларды атап, олардың пікірлеріне тоқталу.
Қолданылатын әдебиеттер:



1. Рубинштейн С.Л. Психология умственно отсталого школьника М., 1979


  1. Выготский Л.С. Основы дефектологии. //Собр, Соч. в 6-ти т. Т. 5. -М.: Педагогика, 1983. - 396 с,

  2. Еременко И.Г. Олигофренопедагогика. - М., 1985


Лекция №15

Афазия.
Лекцияның мақсаты: Бас миының зақымдануынан пайда болған афазия жайында теориялық білім бере отырып, афазияның түрлерімен таныстыру. Афазияның түрлерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіру. Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының бағыттарын анықтау.
Лекцияның жоспары:

  1. Афазия ауруына жалпы сипаттама.

  2. Афазияның турлері оның айырмашылықтары.

Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының бағыттары.

Лекцияның барысы:

Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы.

Афазия пайда болу себебі мидың қан айналымы бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан, ісіктен, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының (аневризм) кеңейіп жарылуының, тамырлардағы қанның ұюынан (тромбозмболий) бітеліп қалуының, жүректің бұлшық еттерінің (ревматизм) шаншып ауруынан кеселденуінің (порок) және бас сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінде афазия жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалады. Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қозғаушы афазиясы жиі байқалады. Балалардың афазиясы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануының, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдарынан ғана болады.

Афазия дегеніміз мидың өте қатты зақымдануының зардабынан сөйлеу тілі құрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған ақаулық. Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуының күрделілігі зақымының орнына мысалы: ми қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған зақым ошағы орналасқан жері сөйлеу тілінің өз еркімен калыптасуына үміттенуге мүмкіндік береді. Афазияның кезінде ауыз екі сөйлеу тілі, сөзді есінде сақтауы, фонематикалық есту қабілеті, сөзді түсінуі, жазуы, оқуы, есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әртүрлі деңгейдегі ерекше жүйелілікпен бұзылады.

1861 жылы француздың П.Брока деген дәрігері афазиямен ауырған адамнын бас миының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып кеңейгенін көрсетті. Брока маңдай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді. 1874 жылы Вернике 10 ауру адамның бас ми қабығының сол жағындағы самай бөлімінің зақымдануынан сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерлілігінің, оқуы мен жазуының өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды. Бұл оған сенсорлы (сөзге түсінбейтін) афазияның дамуын жоғарғы самай қатпарының артқы жағының үштен бір бөлігінің жинақталған патологиялық ошағымен байланыстыруға негіз болды.
Афазияның түрлері.

Акустико - гностикалык сенсорлы афазия.

Сенсорлы афазияны ең алғашқы рет немістің психиаторы Вернике сипаттады. Ол сенсорлы афазияның бас миының сол жақ жарты шарының артқы жағындағы үшінші жоғарғы самай қыртысынң зақымдануынан пайда


болатынын көрсетті. Афазияның бұл түрінің ерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады. Афазияның бұл түріндегі түсінуінің бұзылу себебі ұзақ уақытқа дейін түсініксіз болып келді. Тек 20- ғасырдың 30 жылдарында бұрынғы кеңес психологтары акустиканың агнозия
фонематикалық есту қабілетінің бұзылу себебінен пайда болатынын анықтады.

Акустико – гностикалық афазияда тілі оқуына қарағанда қатты бұзылады, себебі ол фонематикалық есту қабілетінің жағдайына тікелей байланыста болады.



Акустико-мнестикалық афазия.

Самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан пайда болады. Бұндай ауруға шалдыққан баланың естіген сөзді есінде сақтауы төмендейді. Бұндай ақаулықтар буындар мен сөздердің тізбектерін қайталағанда байқалады. Жекелеген сездерді қайталау қабілетінің біршама сақталуы мен мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш – төрт сөзді қайталау мүмкіншілігінің бұзылуымен сипатталады. Әдетте ауру адам өзіне тапсырылған сөздердің алғашқысын және соңғысын, ал одан әрі қиындау сөздердің тізбектерін бергенде барлығын бірдей есінде сақтай алмайтындығын айтып, тек біреуін ғана қайталайды. Берілген сөздерді екінші қайтара мұқият таңдап алғанның өзінде тізбектік реттік қатарын сақтай алмайды. Немесе біреуін калдырып айтпай кетеді. Естіген сөздерін есіме сақтауының бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де байқалады, бірақ бұл кемістік тек акустико – мнестикалық афазияның ғана негізгі
ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық
есту қабілеті мен дыбыс шығаратын сөйлеу тілі
мүшелерінің қызметі бұзылады. Аурудың айналасындағылармен қарым -қатынастағы сөйлесу белсенділігінің жақсы жетілгендігі байқалады.

Семантикалық афазия.

Бас миының жарты шарының артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі орталықтарының зақымдануынан пайда болады. Бас миының сол жақ жарты шарының артқы белігі зақымдалған кезде сөйлеу тілінің құрылысы дұрыс сақталмайды, сөздің арасындағы керекті дыбыстар байқалмайды да сөз мағынасыз болып естіледі. Есте сақтау қабілеті төмендейді немесе фонематикалық есту қабілетінің жағдайы нашарлайды. Семантикалық афазияда керекті сөзді немесе заттың атын өз бетімен іздестіріп табуда қиыншылық байқалады. Ауру адам сөздердің септелу және жіктелу үлгісін табуда қиналғанда заттың іс - әрекетін және сапасын синтагматикалық әдіспен сипаттауға тырысады, демек сөзді басқа сөзбен алмастырмайды.

Септелгенде, жіктелгенде өзгерген сөздердің және қосымшалардың жалғануы арқылы туған жаңа сөздердің сөйлем құрамында әр түрлі септеулік шылаулармен тіркесіп сабақтасқандағы грамматикалық өзара байланыстарын және мағыналарын түсінудегі ауытқуын импресивтік аграмматизм деп атайды.

Семантикалық афазияда метефораны, мақал - мәтелдерді, қанатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады, олардың мағыналарының астарын түсінбейді, есептеу, санау қабілеті бұзылады.

Афференттік моторлы афазия. Бас ми қыртысының төбеден төменгі және тұрақты орталық бөлімдерінің қосымша аймағында орналасқан артқы орталық мидың зақымдануынан пайда болады.

Афференттік моторлы афазияға тән ерекшелік ол күрделі буындардың құрамын таңдауы қиындайды. Бұндай ауруға шалдыққан адамдар тұйық буындарды екі ашық буынға бөлшектейді, буындағы дауыссыздардың тіркесіп қатар келген жерін бөлшектейді, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады. Сондықтан да то, жаз, мал сөздерін «то – н», «жа – з», «ма – л» деп те айтады. Зақымданудың немесе инсульт алған кездегі алғашқы кезеңінде афференттік моторлы афазияда сөйлеу тілін түсінуі өрескелі бұзылатындығы байқалады. Бірақ ол көпке созылмайды, инсульттан кейінгі немесе бірнеше тәуліктен кейін олардың ауыз екі сөйлеу тілін, жеке сөздердің мағынасын, жеңіл – желпі нұсқауларды түсініп орындауы қалпына келеді.

Эферентті моторлы афазия.

Эфрентті моторлы афазия орталық ми тамырларының сол жағындағы тармақтарының зақымданунан пайда болады. Бұндай жағдайда бағдарламаны игеріп алуы мен еске түсіруі қиындайды. Ми қимылы бөлімдерінің алдыңғы жағының зақымдануы дыбысқа, буынға және лексикалық орын ауыстыруы, еліктеп сөйлеуінің қиындығын туғызады. Буындар мен сөздерді қайталауы қиындайды, кейде оқуы, жазуы, ауызекі сөйлеу тілі толығымен орындалмайды. Өрескел бұзылған эферентті моторлы афазияның алғашқы кезеңінде ми қан айналымы бұзылғаңнан кейін өзінің сөйлеу тілі мүлде болмай қалуы мүмкін. Афазияның бұндай түрінде жеке дыбыстарды қайталауында қиналмайды, керісінше буындардың немесе дыбыстардың көп түрін қайталауда қиналатындыгы байқалады. Афазияның бұл түрінде мақалдарды, астарлы сөздерді, көп мағыналы сөздерді толық түсінбейді. Оқуы мен жазуында айтарлықтай қиындықтар кездеседі.



Динамикалық афазия.

Ми сыңарларының сөйлеу тілінің маңдай артқы бөлімінің сол жағындағы орталық жүйкесі зақымданған кезде пайда болады, немесе үшінші функционалды блок деп атайды. Ол блок сөйлеу тілі қызметінің белсенділігін, реттеуін және жоспарлауын қамтиды.

Афазияның бұл түріндегі сөйлеу тілінің негізгі ақаулығы сөзді қиналып айтқандығы, ал кейде емін – еркін белсен сөйлеуге мүмкіндігі мүлде болмайды. Динамикалық афазияда жекелеген дыбыстар дұрыс айтылады, сөздерді және қысқа сөйлемдері артикуляциясының қиындығынсыз қайталайды, бірақ тілінің қызмет қатынасы бұзылады. Өрескел бұзылу тек сөйлеу тілінде ғана білініп қоймайды, сонымен бірге әңгімелесуші адамның тек сөйлеген сөзін естіп қана емес, өзіне қойылған сұрақтарды, тіпті қимылдарын да аңғармай соған еліктеп қайталайды. Динамикалық афазияның негізгі бөлімі өз еркімен байланыстырып сөйлеуі бұзылады. Динамикалық афазияда заттарды атаған кезде, әсіресе таныс адамдардың, әкесінің немесе өзінің есімдерін, қалалардың, көшелердің аттарын атаған кезде ұмытшақ бола бастауы байқалады. Сөйлеу тілі барысының селқостығы салдарынан санды аяғынан бастап басына қарай қатарымен санап шығу тапсырмасын орындай алмай едәуір қиналады. Мысалы 20 – дан 1 – ге дейін.

Маңдай миының сол жағы кең көлемде зақымданған кезде, ойлау ниетін және мінез-кұлкын, тәртібін бағдарлауы қатты бұзылады, айналасындағылармен ісі болмайтыны байқалады. Өтінішін ешқашанда тұжырымдап айтпайды, сұрақтар да қоймайды. Өз еркімен мүлдем сөйлей алмауы мүмкін.

Динамикалық афазияда да эфферентті қозғаушы афазиядағы сияқты сөйлегенде түсінуі бұзылатындығы білінеді, күрделі сөйлемдердің мазмұнын түсінбейді. Әсіресе өзінің түсінігіне жеңіл болу үшін сөйлемдердегі сөздердің орындарын ауыстырып қоюды талап ететін қиындығы туындайды.

Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеудің жалпы мазмұны төмендегідей жүргізіледі:

1. Сөйлеу тілі қатынасының жалпы қабілетін зерттеу сөйлеу тілінің толықтығын, күнделікті тұрмыста қолданатын сөйлеу тілін түсінуін, сөйлеу тілінің белсенділігінің дәрежесін анықтау мақсатында ауруға шалдыққан адаммен сөйлесу.

2. Сөйлеу тілін түсінуін зерттеу. Бір және көп бөлімді арнайы нұсқауларды естіртіп айтады, заттарды іздеп табу тапсырылады, қысқа әңгімені есту бойынша айтып береді, логико-грамматикалық құрылысты шешеді. Фонематикалық есту қабілеті, естігенді жадында сақтауы, мақалдардың мағынасын түсінуі тексеріледі.

3. Сөйлеу мәнерін зерттеу. Машықтандырылған сөйлеу тілі дыбыстарды, буындарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сөздерді қайталауы, бейнелі суреттердегі заттарды атауы, іс - әрекеттердің қимылдарын атауы, бейнелі суреттердегі оқиға желісіне қысқа сөйлемдер және әңгіме құрастыруы, оқыған әңгімесін айтып беруі жатады.

4. Оқуын, жазуын және есебін зерттеу.



5. Акустикалық және оптикалық аңғаруын зерттеу.
Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының багыттар.
Афазияны жою жөніндегі логопедия жұмысына жалпы дидактикалық негіздегі оқыту пайдаланылады (көрнектілігін, түсініктілігін, саналылығын және басқалар) алайда осыған байланысты, сөйлеу тілі қызметін калпына келтірудің үйрету жұмысын қалыптастырудан айырмашылығы бар. Жаңа сөйлей бастаған балаға қарағанда сөйлейтін және жазатын ересек адамның миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама қысқаша құрылған. Педагогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда негізгі төмендегідей қағидаларды басшылыққа алған жөн.

жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау