Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері


Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі



жүктеу 1,55 Mb.
бет4/7
Дата24.12.2017
өлшемі1,55 Mb.
#5637
1   2   3   4   5   6   7

Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі.

Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.



Коммерциялық несие – бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банк несиесі – ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісімшарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін (қайтарылу) мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі және тағы да басқалар көрсетіледі.

Кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оның уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып, алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері, әдетте несие сұраушы ұйымның төлем қабілеттілігі және қаржы тұрақтылығы жағдайын тексереді. Ол үшін кәсіпорынның тиісті бухгалтерлік ақпаратты мәліметтерін алып танысады. Берілетін уақыт аралығына сәйкес банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.

Несиенің объективті қажеттілігі – бұл кәсіпорынның өндірістік және сауда айналымы капиталының заңдылықтарына негізделген.

Банк мекемелері несиелерінің есебі.

Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.

Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.

Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар, тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.

Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі тиіс.

Жалпы кәсіпорындарға берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары ұйымның өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.

Банк мекемесі мен несие алушы кәсіпорын арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісімшарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісімшарт негізінде беріледі. Несиелік келісімшарт банк мекемесімен әрбір несие алушы ұйым үшін жеке-жеке жасалады.

Қысқа мерзімді банк несиелері 1 жылдан аспайтын уақытқа беріледі. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.

Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.

Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:

Д-т: «Ақшалар немесе жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және тағы басқа шоттар,

К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:

Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты,

К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:

Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:

Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты,

К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі

Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция тартып, әр түрлі дүние жүзіндегі ірі банктерден де несие алынады. Соның ішінде есептелетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше елдеріне берілетін «СТЭД-БАЙ» несиесі болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына, кедендіт төлемдерін төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.

Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде несие алған ұйымның бухгалтериясында:

Д-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі,

К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Ал ұйым бұл несиені қайтарған уақытында:

Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты

К-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.



Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес барлық кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі ақшаларының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Яғни өзінің бос тұрған ақшаларын кәсіпорын басқа кәсіпорындарға инвестиция ретінде салуға немесе несиеге беруіне болады. Міне, сондықтан да ұйымдар өзіне қажет ақшаны тек қана банк мекемелерінен емес, басқа заңды немесе жеке тұлғалардан да несиеге, қарызға алуларына болады. Ұйымдардың басқа кәсіпорындардан алған несиесіне бухгалтерияда жазылатын екі жақты жазу банк мекемелерінен алынатын несиеге жазылатын жазуға ұқсас болып келеді.

Ұйым банктен тыс мекемеден несие алған уақытында:

Д-т: «Ақшалар» шоты,

К-т: «Банктен тыс мекемелердің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:

Д-т: «Банктен тыс мекемелердің қарызы» шоты,

К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:

Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорындар бұл міндеттемені төлеген уақытында:

Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты,

К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.



Басқадай несиелік операциялар есебі.

Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде, яғни пайдаланатын вексель түрінде береді. Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісімшартта қарастырылып белгіленеді. Бұл айтылған вексельдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелетін пайыз сомасын аударады.

Әрбір кәсіпорын өз қалауы бойынша «Басқадай қарыздар» деп аталатын шотта «Басқадай қысқа мерзімді несиелер» деп аталатын аралық шоттарын ашуларына болады. Сонымен қатар бұл шоттарды алынған несиелердің басқадай түрлері де есептеледі. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде нақты несиеге алынған ақшаларына:

Д-т: 1010- «Ақшалар» шоты,

К-т: 1270 «Басқадай қарыздар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Бұл алынған қаржы бойынша есептелген пайыз сомасына:

Д-т: 7310-«Сыйақы түріндегі шығын» шоты,

К-т: 1270«Басқадай қарыздар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.




Банк және банктен тыс мекемелердің қарыздары шоты бойынша жүргізілетін операциялар




Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Алынған банк несиелері кассаға немесе есеп айырысу шотына келіп түсті

1050,1040

3010

2

Жабдықтаушы мердігерлерге банк несие сін есебінен қойылған аккредитивтер

1070

3010

3

Жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома банк несиесінің есебінен төленді

3310

3010

4

Жабдықтаушы мердігерлерге алдағы уақытта алынатын материалдық қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс

1610

3010

5

Көрсететін қызметі немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы ұйымға банк несиесінің есебінен берілген аванс

1610

3010

6

Есептелген салық бойынша ұйымның бюджетке қарыз сомасы банк несиесінің есебінен аударылды

3110-3190

3010

7

Вексельге алынған банк несиелері

1010,1040

3010

8

Кәсіпорынның банк мекемелерінен алған несиелері бойынша қарызы есеп айырысу шотынан өтелінді

3010

1040

9

Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер: еншілес, тәуелді серіктестік терден, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан, басқа да заңды тұлғалардан

1010,1040

3020

10

Банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебінен жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома төленді

3210,3310

3020

11

Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер бойынша қарыз есеп айырысу шотынан төленді

3020

1040

Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.

Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.



Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа да салық түрлерінен ерекшелігі,бұл салық түрлеріненерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді, оның ішінде: әртүрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерде әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептелінеді де, келесі айдың 15-інен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады:

Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шот,

К-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.

Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:

Д-т: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шоты,

К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы

Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған бөлімшелер кіреді.

Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндардың сомасын шегереді.

Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да операциялар үшін салық төлеушінің алуға тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.

Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.

Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.

Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақтыжазу жазылады:

Д-т: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шоты,

К-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» - шоты.

Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:

Д-т: «Төленетін корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шот,

К-т: «Ақшалар»деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.



Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі

Бухгалтерлік есепте табыстың сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарының бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешелігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу есептеріне байланысты тұрақты немесе уақытша болып бөлінеді.

Тұрақты айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:


  • валюталық шоттар мен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;

  • бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары;

  • кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік және тағы да басқа шығындар.

Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарда есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:


  • бухгалтерлік есеп пен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);

  • бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық айырымды есептегенде әртүрлі әдістерді қолданудан;

  • негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығару мен салықтық есепте оларды есептен шығарудан болатын айырмашылықтан, тағы да басқалардан. Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.

Қосылған құнға салынатын салық.

Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.



Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы.

Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары, тағы да басқа табыстары кіреді.

Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, құнды қағаздардың, заңды тлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдардан, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.

Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:

Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты,

К-т: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.



Акциздік салықтар.

Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығын есептегенде:

Д-т: «Алынуға тиісті қарыздар» деп аталатын шоты,

К-т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:

Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты,

К-т: «Жер салығы»,

«Көлік құралына салық»,

«Мүлікке салық» деп аталатын шоттар түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:


  • шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;

  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.

Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен есептелген салық, алымдар мен міндетті

төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.



Бюджетпен есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар




Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Заңды ұйымдардан бюджетке алынатын корпоративтік табыс салығы сомасына

7700

3110

2

Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының:

  • ұлғаюына;

  • азаюына;

5430


3130

3110


5430

3

Төтенше жағдайларға және тоқтатылған операцияларға байланысты табыстар салығының сомасына

7460-7470


3110


4

Төтенше жағдайдың және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты өзгерген салық сомасына

3110

7460-7470


5

Заңды ұйымдардың бюджетке нақты аударған корпоративтік табыс салығы сомасы

3110

1040


6

Ағымдағы кезеңде пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде уақытша айырмашылық (Бухгалтерлік есеп пен салық есептерінің талаптарының айырмашылығының нәтижесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық.

7710

3110


7

632-«Кейінге қалдырылған табыс салығы» деп аталатын шотқа түзетулер енгізуге байланысты :

  • салық мөлшерін ұлғайтуға;

  • салық мөлшерін азайтуға.




7710

3110


3110

7710



8

Пайда болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде кездескен уақытша айырма салық сомасына:

  • бюджетке төлеуге;

  • зиянды жабу нәтижесіне есептелген.



3120


3120


3110


7710

9

  • Активтерді қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсісмі, салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде,

  • салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезінде

5320


3120

3120


5320



10

Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жұмыс, қызмет)үшін талап етілген шот бойынша қосылған құн салығының сомасына.

1210-1230


3130


11

Орны толтырылатын қосылған құн салығы сомасымен есептелген қосылған құн салығы сомасының өзара жабылуына

3130

1260


12

Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасына

3130

1040

13

Жеке тұлғаларға есептелген табыс салық сомасына

3350

3120

14

Серіктестіктерге қатысушылардың дивидендтерімен табыстарынан , олардың үлестеріне қарай , төленетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық сомасына

3320,3330

3390

3190



15

Жеке тұлғалардың еңбекақысынан ұстал ған табыс салығы сомасының бюджетке аударылғаны

3190



1040

16

Бюджетке артық аударылған салық сомасының қайтарылуы

1040

3110-3190

17

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

7210

3150

18

Есептелген әлеуметтік салық сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3150

1040


19

Есептелген акциз салық сомасы

1210

3140

20

Есептелген акциз салығының сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3140

1040


21

Есептелген жер салығы сомасы

7210

3160

22

Есептелген жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3160


1040

23

Есептелген мүлік салығы сомасы

7210

3180

24

Есептелген мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3180

1040


25

Есептелген көлік құралдарына салық сомасы

7210

3170

26

Есептелген көлік құралдары салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан аударылды

3170

1040



жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау