Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері



жүктеу 1,55 Mb.
бет3/7
Дата24.12.2017
өлшемі1,55 Mb.
#5637
1   2   3   4   5   6   7

2.1.2. Күмәнді дебиторлық қарыздар
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорыңдар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары "күмәнді қарыздар" деп аталады. Күмәнді қарыздарға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыздар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі етіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын қарыздарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі — тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі — резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді қарыздарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі "Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық Кодекстің 1 бөліміндегі 178 бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар "үмітсіз қарыз" — деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ессп беруде көрсетілуі тиіс.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):

Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты

К-т: Алынуға тиісті қарыздар шоты

Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметген түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте:

Д-т: Ақшалар шоты

К-т: Негізгі емес қызметген алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

"Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" есебі №10 журнал-ордерде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген қарыздары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:

- күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;

Д-т: Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100000 тг.

К-т: Күмәнді қарыздар бойынша

резервтер шоты 100000 тг.

- Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 (сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;

Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша

резервтер шоты 80000 тг.

К-т: Алынуға тиісті қарыздар 80000 тг.

Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып тастайды.

Д-т: Жалпы және әкімшілік

шығындары шоты 20000 тг.

К-т: Күмәнді қарыздар бойынша

резервтер шоты 20000 тг.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық қарыздар бабында, кәсіпорынның дебиторлық қарыздары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.

«Шымкент құс» ЖШС дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде, күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезең шығындары ретінде танылады да, «Шымкент құс» ЖШС бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз сомасы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

- несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);

- дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).

Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық қарыздар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзіндік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда бұл әдістірдің екеуі де кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді қарыздардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

«Шымкент құс» ЖШС бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді қарыздар бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,5% деп есептейді. Соған сәйкес 2002-жылғы «Шымкент құс» ЖШС күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі: (1000000-50000-10000) х 3,5% = 32900 тг.

Осы табылған күмәнді қарыздар сомасы бойынша «Шымкент құс» ЖШС бухгалтері есепті жыл соңында (2002 ...., жыл) мынадай жазу жазады:

Д-т: Жалпы және әкімшілік шығындары 32900 тг.

К-т: Күмәнді қарыздар бойынша резерв 32900 тг.

Жоғарыдағы сандарды ескере отырып, 2002 жылың қаржылық есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бұдағы 8000 (сегіз мың) теңге өкен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыжүз) теңге есепті жылдағы сатылған тауарлар бойынша күмәнді қарыздарға жасалынған (болжам бойынша) резерв сомасы.

Негізінен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісі боынша әрдайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік құын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге сатылған тауарларға қолданылатын пайыз мөлшері әрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.

Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезендердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебеттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:

- негізгі дебиторлық борышқа жасалған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;

- алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.


Кесте Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты

арқылы жүргізілетін операциялар




Операциялардың мазмұны

Дебитте-летін шот 821

Кредитте-летін шот 311

1

Күмәнді қарыздар бойынша құрылған




1210,1220

2

резерв сомасының есебінен дебиторлық

1290

1250,1220




борыш жабылды










Жыл соңьшда күмәнді қарыздар бойынша







3

құрылған резерв сомасының артығы

7210







сторно етілді (қызыл сиямен)










Сатып алушының дебиторлық қарызы










үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып




1210,1220

4

белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл

1290

1250, 1260




қарыз сомасы өтелгенде (есептен шығару










осы есеп беру кезеңінде жүргізілген










Сатып алушының дебиторлық қарызы










үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып

1050,1040







белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл

1010







қарыз сомасы өтелгенде (есептен шығару










келесі есеп беру кезеңінде жүргізілсе):







2.1.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің

дебиторлық қарыздарының есебі
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шоттарда:

1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы

1230 Ұйымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарызы

1240 Филиалдар мен құрамдық бөлімдердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы

сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктерінің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық қарыздары жайлы ақпараттар көрініс табады.



"Шаруашылық серіктестіктері" дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдына жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өз-дерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есе-бін өздері жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты тол-тырады және баланстарын жасайды.

"Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және біріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үйлесімді (пропорционалды) біріктіру үшін есеп беретін пішімдердің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.

Меншіктің осы бір түрлерін айқындайтын анықтамалар азаматтық кодексте толық түрде көрініс тапқан (228-234 баптары). Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:

- Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға ұйым ақша берген уақытта:

Д-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" шоты,

К-т: "Ақшалар" шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса, - Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарыздарының пайда болуына:

Д-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" шоты.

К-т: "Негізгі қызметтен алынатын кіріс" немесе "Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс" деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:

Д-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" шоты,

К-т: "Қосылған құн салығы шоты" түрінде корреспонденция жазылса,

- Шетелдік валютадағы қарыздар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа:

Д-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" шоты,

К-т: "Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс" шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.

Еншілес, тәуелді жене бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарыздарының жабылуына:

Д-т: "Алынған вексельдер" немесе "Ақшалар" шоттарының тиістілері,

К-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" - деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады. Еншілес, теуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарыздарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық қарыздардың есебінен жабылуына:

Д-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктерге және бірлесіп бақыланатын завды түлғаларға қарыз" шоты,

К-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" шоты түрінде жазу жазылады.

Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың қарыздары олардан тауарлы материалдық құндылықтарды жеткізу үшін алынған аванстар есебінен жабылғанда мына төменде көрсетілгендей түрінде бухалтерлік жазу жазылады.

Д-т: "Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар" немесе "Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар" — деп аталатын шоттардың тиістілері,

К-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" шоты.

Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы қарыздар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:

Д-т: "Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар" — деп аталатын шот,

К-т: "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы" шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Еншілес, тәуелді серіктестіктердін және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борышы шоты бойынша жүргізілетін операциялар




Операциялардың мазмұны

Дебитте-летін шот

Кредитте-летін шот

1

2

3

4

1

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларга тиеп жіберілген тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, көрсетілген қызметтер: - өз бағасына

- қосылган құнға салынған салық сомасына



1220-1230

6010-6020 шоттардың тиістілері

3130


2

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті.

1040

1220-1230

3

Ай соңында (аяғында) еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы олардың алашақ борышы есебінен жабылды.

3320-3330

1220-1230

4

Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы

1220-1230

6210

5

Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз (процент) сомасы

1220

6120

6

Алынған заемға, несиеге есептелген пайыз (процент) сомасы

1220

6120

7

Акция дивидентіне есептелген пайыз (процент) сомасы

1220

6120

8

Есептелген дивидент және пайыз (процент) ретіндегі борыш сомасы есеп

1040

1220



2.2. Кредиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қарастырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алын, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі.



жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау