ИМПУЛЬС. ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ
Оспанова Айнұр Өмірзаққызы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
физика пәнінің оқытушысы
Сабақтың мақсаты: Студенттерге импульс, жұмыс және энергия жайында жалпы мағлұматтар бере отырып, білім білік дағдысын қалыптастыру
Сабақ барысында студенттерді ұқыптылыққа,шапшаңдыққа адамгершілікке баулу,
Күтілетін нәтиже:
Студенттер импульс, жұмыс және энергия жайында жалпы мағлұматтар жинайды, білім білік дағдысы қалыптасады және ұқыптылыққа бейімделіп, жылдам шешім қабылдай алатын болады.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, ойын элементтерін қолдану
Қажетті құралдар: бейнероликтер, электронды оқулық,
Бағалау: жұппен және жеке жасаған жұмыстарын формативті бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Салеметсіздерме колледж студенттері.
Бүгінгі сабақта импульс, жұмыс және энергия жайлы толық мағлұматтар алатын боламыз
.
|
Салемдесу. Студенттерді түгелдеу, жұпқа өз қалауларымен бөлу әдісін жүргізу. Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту
|
Студенттер жұпқа бөлінеді. Сабақтың тақырыбын жазады
|
Негізгі сабақ:
І.Үй тапсырмасына шолу
Білімнің жеті қадамы
1. И.Ньютон туған жылы, айы, күні /ескіше 1642 жыл, 25 желтоқсан/
2. 1661 жылы Ньютон қандай университетте оқыған? /Кембридж университеті/
3. Ньютон неше жасында Кембридж университетінің профессоры атанды? /27 жас/
4. Ньютонның жаңа заң ашуына қандай жемістің әсері болды? /Алма/
5. Үш саны Ньютон еңбектерінде көрініс табыладыма? /Ия/
6. F=ma Ньютонның қай заңы және онда не делінген?
7. Ньютонның бірінші заңы.
ІІ. Жаңа сабақ
Дененің импульсі деп дененің m массасының оның v жылдамдығына көбейтіндісін айтамыз.
Дененің импульсі - р әрпімен белгіленеді.
Дене импульсінің өрнегі - р = m v.
Дене импульсінің өлшем бірлігі - 1кг*м/с.
Ньютонның екінші заңынан дене үдеуі осы үдеуді тудыратын күшке тура пропорционал болатындығы белгілі.
a= F/m. (1)
Ал екінші жағынан, үдеу дененің жылдамдығының өзгерісі
а = v/∆t = v-v0/∆t. (2)
(1) және (2) - өрнектердің оң жақтарын теңестіріп
F∆t = mv -mv0 = p -p0 = ∆p
Демек, ∆p = F∆t шығады. осы шыққан Ft шамасы күш импульсі деп аталады.
Жұмыс.
Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Денені қозғалту үшін оған басқа дене белгілі бір күшпен әрекет ету керек. Денеге әрекет ететін күштің шамасы үлкен болған сайын істелетін жұмыстың шамасы да арта түседі. Сондай -ақ, дененің орын ауыстыруы артқан сайын да көп жұмыс жасауға тура келеді. Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес келсе. онда оның орын ауыстыруы жүрілген жолға тең болады.
Жұмыс - А әрпімен белгіленеді
Жұмысты есептеу формуласы - А = Ғ*s
Жұмыстың өлшем бірлігі - 1Дж.
Жұмыстың джоуьден үлкен де, кіші де бірліктері бар.
1 килоджоуль (1кДж) = 1 000 Дж = 103Дж
1 миллиджоуль (1мДж) = 0,001 Дж = 10 -3Дж
1 микроджоуль (1мкДж) = 0,000 001 Дж = 10 -6Дж.
Энергия.
Энергия үғымы жұмыс және қозғалыс ұғымдарымен тікелей байланысты.
Энергия деп дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шаманы айтады.
Механикада энергияның екі түрі қарастырылады:
Потенциалдық (латын. мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Кинетикалық энергия деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады.
ІІІ.Қорытындылау:
Шығармашылық жұмыс
1.Бес жолды өлең құрастыру
2.Потенциалдық энергияның пайдасы
ІҮ.Бағалау.
Сабақта бесенділік танытып отырған студенттерді бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқып келу.
Джоульдың өмірі мен шығармашылығы жайлы іздену
Достарыңызбен бөлісу: |